Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы № 1029 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң "Сәулет, қала құрылысы қызметiн лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 34-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) тақырыбындағы және мәтiніндегі "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшеріндегі Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;".
2. Осы қаулы қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |