5) ұсынылып отырған материалдардың және жергiлiктi жерге жүргiзген зерттеу негiзiнде комиссия өнiм иесiнiң өтiнiшiн ескере отырып, қолдануға жарамсыз деп танылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату немесе жою туралы шешiм қабылдайды.
96. Ұқсату түрлерiне:
1) шикiзат алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
2) басқа өнiмдi алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
3) өнiмдi қажет етiлетiн нормативтерге дейiн жеткiзу мақсатында оны өңдеу жатады.
97. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатуға жарамды деп таныған жағдайда тауар иесi ұқсатудың түрiн белгiлеуге байланысты құжаттарды (кәсiпорынмен - ұқсатушымен жасалған шарт) табыс етуге тиiс.
98. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жоюдың тәртiбi:
1) материалдарды талдау және оларды қайта тексеру (қажет болған кезiнде) нәтижелерi бойынша есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою туралы шешiм қабылданған кезде аумақтық комиссия хаттама жасайды, онда: хаттаманың жасалған күнi мен орны, тауар, тиесiлi кәсiпорынның дайындаушы (сатушының) атауы есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар жарамсыз деп танылған көрсеткiштер, жою әдiсi, мерзiмi мен орны; комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi мен лауазымы көрсетiледi. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жоюдың орны мен әдiсiн айқындау жөнiндегi мәселе Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарымен белгiленген тәртiппен келiсiледi.
2) меншiк нысанына және ведомстволық тиесілiлiгiне қарамастан, емдеу-профилактикалық ұйымдарында аурулардың туыстары жоюға және жарамсыз деп тануға тапсырған жарамдылық мерзiмi өткен, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ арнайы рецептуралық бланкiлер мен есiрткi құралдарынан босаған бос ампулалар айына бiр рет iшкi iстер және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жинақталу дәрежесiне қарай емдеу-профилактикалық ұйымның жанынан құрылған комиссияның жоюына жатады.
99. Жою жою жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
Есеп беру және есепке алу.
"Тауарлар мен өнiмдердi оларды өткiзу мен қолдануға жарамсыз деп таныған жағдайда жою немесе одан әрi ұқсату жөнiндегi тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша жою нәтижелерi жөнiндегi кесiм жасалады.
100. Комиссия орталық атқарушы органдардың (Мемстандарттың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң, Ауылшарминiнiң, Құрылысминiнiң, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң), құқық қорғау органдарының және сертификаттау жөнiндегi органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен құрылады.
Комиссияны стандарттау және сертификаттау органының өкiлдерi басқарады. Комиссияға қатысу үшiн ғылыми қызметкерлер, мамандар мен тәуелсiз сарапшылар тартылуы мүмкiн.
101. Жою жөнiндегi тәртiп талаптарды орындамағаны үшiн жауаптылық:
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою немесе одан әрi ұқсату жөнiнде аумақтық комиссия берген нұсқаманы орындамаған кiнәлi адамдар оларды өткiзуге немесе қолдануға жарамсыз деп таныған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
102. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Қолдануға жарамсыз деп танылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға, тасымалдауға, сынауға, ұқсатуға, сондай-ақ жою рәсiмдерiн орындауға байланысты комиссия жұмыстарының барлық шығыстарын дайындаушы (сатушы) көтередi.
11. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және
прекурсорлар бар өсiмдiктердi ұқсатуға қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
103. Жалпы ережелер.
Ұқсату - есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды оларда есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың химиялық құрылымын өзгертпей, шоғырлануын арттыру мақсатында қосымша ұқсату тазарту (бөгде қоспалардан тазалау). Ұқсату өнiмi есiрткi құралдарының немесе психотроптық заттардың басқа бiр түрi болып табылады.
Ұқсату түрлерiне:
1) шикiзат алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
2) басқа өнiмдi алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
3) қажеттi нормативтерге дейiн жеткiзу мақсатында өнiмдi өңдеу жатады.
104. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату үшiн жарамды деп таныған жағдайда тауар иесi ұқсату түрiн айқындауға байланысты құжаттарды (өңдеушi кәсiпорынмен жасалған шартты) табыс етуге тиiс.
105. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың әртүрлi нысандарын ұқсату процесi жалпы алғанда мынадай технологиялық тәсiлдердiң зерттеушiлiк кешенiн құрайды:
1) кептiру;
2) жапырақ гүлдерiн бұтақтарынан бөлiп алу;
3) ұсақтау;
4) жеке фракцияларға бөлу;
5) органикалық ерiтiнділермен немесе сумен араластыруды;
6) толтырғыштарды үстемелеу;
7) ылғалдау
8) термиялық өңдеу;
9) қалыптау.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату кезiнде көрсетiлген сатылардың бәрi әрқашан пайдаланылмайды, мұның өзi нысандардың алуан түрлiлiгiн бiлдiредi.
106. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату жөнiндегi кәсiпорындар биофармбiрлестiктерi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ғылыми-зерттеу мекемелерi мен зертханалары болуы мүмкiн.
107. Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатуды өндiрiстiк кәсiпорындар оларда есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың нақты түрлерiн өңдеуге лицензия болған кезде оларды ұқсату жөнiнде белгіленген квоталар шегiнде жүзеге асырады.
108. Өңдеушi кәсiпорын Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою тәртiбiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес ұқсатудың түпкi өнiмдерiн толық жоюды жүзеге асырады.
109. Үйлер мен үй-жайларға қойылатын талаптар.
1) өңдеушi өндiрiстiк кәсiпорын санитариялық нормалар мен өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарына сай келетiн үйлерде орналасуға тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өңдеушi-кәсiпорынның басқа үй-жайлардан оқшауланған өндiрiстiк үй-жайлары, сондай-ақ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және олардан алынған өңделетiн өнiмдердi сақтауға арналған үй-жайлары болуға тиiс;
2) өндiрiстiк үй-жайлар, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар, сондай-ақ олардан алынған ұқсату өнiмдерi жұмыс аяқталысымен жабылуға және мөрленуге тиiс.
110. Тiзiмнiң II кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдар, психотроптық заттар және құрамында жоғарыда аталған заттар бар ұқсату өнiмдерi мөрленетiн сейфтерде сақтауға жатады.
111. Тiзiмнiң III кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және құрамында жоғарыда аталған заттар бар ұқсату өнiмдерiн шкафтарда және арнаулы жабдықталған сөрелерде сақтауға рұқсат етiледi.
112. Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiнде көзделген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және құрамында жоғарыда аталған заттар бар олардың ұқсатылған өнiмдерiн сақтауға арналған үй-жайлар Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң, не ҚР IIМ күзет қызметiмен айналысу құқығына берген лицензиясы бар мемлекеттiк емес күзет құрамаларының мiндеттi күзетуiне жатады.
113. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату жөнiндегi өндiрiстiк үй-жайларды жоспарлау:
1) қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардың ұқсатылған өнiмдерiн сақтауды;
2) технологиялық жағынан байланысқан үй-жайлардың арасындағы аса қысқа қашықтығы процесстердiң тасқындылығын;
3) технологиялық тасқындардың жолын кесудi болдырмауды;
4) тазалығы жағынан бiрдей дәрежедегi үй-жайларды барынша топтастыруды;
5) бастапқы шикiзаттың және ұқсатылған өнiмдердiң әр алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
6) бастапқы шикiзаттың және ұқсатылған өнiмдердiң қозғалуы кезiнде ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
114. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату мен сақтауға арналған өндiрiстiк үй-жайлардың жеке желдету жүйесi, су құбыры, канализациясы, ауа тазартатын қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлары болуға тиiс.
115. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне қарай лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды қолдану процесiндегi мөлшерiнiң, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операция нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының қолы қойылып, мөрi басылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба жүргiзiлген күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбiр айдың бiрi күнгi жағдай бойынша өздерiнiң қарауында тұрған Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгелдеп отыруға мiндеттi. Нақты мөлшерi осы журналмен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеушілiгi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) кәсiпорындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөнiндегi барлық құжаттар (шот-фактуралар жөнелтпе құжаттар, сенімхаттар және басқалары) заңды тұлғаның басшысында осы құжаттаманы толық сақтауға кепiлдiк беретiн жағдайда тұруға тиiс.
116. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға немесе прекурсорларға рұқсатты, оларда нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдiк ауруларының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр мен нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс.
117. Жабдықтау және ұқсату процесi технологиялық регламентке, техникалық шарттар мен жабдықтарды пайдалану төлқұжаттарына сай келуi тиiс.
118. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатумен айналысатын кәсiпорындар есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құжаттардың жинақтамасын пайдалануы өзiнде болуы тиiс.
12. Есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалануға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
119. Жалпы ережелер.
Пайдалану - соның ішінде, дәріхана жағдайында дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды мақсатты қолдану.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалануды есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтiң бiр түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар (бұдан әрi - пайдаланушы) жүзеге асырады.
Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiнде көзделген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалануды заңды тұлғалар белгiленген квоталар шегiнде жүзеге асырады.
Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын тағайындаудың, рецепттердi жазып берудiң, алу мен пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiлейдi.
Ескерту. 119-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.05.23. N 695 қаулысымен.
120. Үйлер мен үй-жайларға қойылатын талаптар:
1) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды пайдаланушы кәсiпорындар санитариялық нормалар талаптарына және өртке қарсы күресу ережелерiне сай келетiн үйлерге орналасуы, басқа үй-жайлардан оқшауланған өндiрiстiк алаңдары және есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлары болуға тиiс;
2) өндiрiстiк үй-жайлар, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар жұмыс аяқталысымен жабылып, мөрленуi және тиiстi күзетке тапсырылуы тиiс;
3) Тiзiмнің I, II кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөр басылатын сейфтерде сақталуға жатады;
4) Тiзiмнiң III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға шкафтарда және арнаулы жабдықталған сөрелерде жол берiледi;
5) Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметiнiң бөлiмшелерi күштерiнiң мiндеттi күзетуiне жатады;
6) Тiзiмнiң III, IV кестелерiне енгiзілген есiрткi құралдары және прекурсорлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң не ҚР IIМ берген күзет қызметi құқығына лицензиясы бар мемлекеттiк емес күзет құрамалары күштерiнiң мiндеттi күзетуiне жатады.
121. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалануға арналған өндірiстiк үй-жайларды жоспарлау:
1) қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмдерiн сақтауды;
2) технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы аса қысқа қашықтығы процесстiң тасқындылығын;
3) технологиялық тасқындардың жолын кесудi болдырмауды;
4) тазалығы бiрдей дәрежедегi үй-жайларды барынша топтастыруды;
5) бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдердiң және дайын өнiмдердiң әр алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
6) бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдердiң және дайын өнiмдердің қозғалуы кезiнде ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалануға арналған өндiрiстiк үй-жайлардың жеке желдету жүйесi, су құбыры, кәрiз ауа тазартатын қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлары болуға тиiс.
122. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне қарай пайдаланушылар лицензиар органға белгіленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды қолдану процесiнде орын алған олардың мөлшерiнiң немесе жай-күйiнiң кез келген өзгерiстерi нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар органның жауапты адамының мөрi басылып, қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жүргiзiледi және соңғы жазба жүргiзiлген күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әр айдың бiрi күнi өздерiнiң қарауындағы және пайдаланатын есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгелдеп отыруға мiндеттi. Олардың нақты мөлшерi осы журналмен тексерiледi және осының негiзiнде тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Анықталған алшақтықтар мен сәйкессiздiктер туралы лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзіледi.
123. Пайдаланушы кәсiпорындағы есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөнiндегi барлық құжаттар (шот-фактуралар, жөнелтпе құжаттар, сенiмхаттар және басқалары) оларды сақтау үшiн жауапты адамдарда осы құжаттаманың толық сақтауға кепiлдiк беретiн жағдайларда тұруға тиiс.
124. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсатты оларға қатыстылардың нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алады.
125. Жабдықтармен жарақтануы.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдаланушы кәсiпорынның атқаратын мiндеттерiне сәйкес жабдықтары мен мүкәммалы болуға тиiс.
126. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету:
1) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдаланушы ұйымдар есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың пайдалануы және олардың жиынтығы болуы тиiс;
2) Қазақстан Республикасының халқын (жеке адамдарын) медициналық практикада пайдаланылатын есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды бөлу мен пайдалануға бақылау жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бекiткен Рецепттердi жазу және ресiмдеу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды әзiрлеуге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
127. Жалпы ережелер.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеу неғұрлым тиiмдi, қаупi аз және қолданылып жүрген құралдар және заттар мен салыстырғанда жеңiл бақыланатын жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жасау мақсатын көздейдi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеу дайын өнiмдердi шығару үшiн қажет шикiзатты, материалдарды, жартылай өнiмдер мен дайын өнiмдердi сатып алуға, технологиялық процеске, сақтауға, сынап көруге, енгiзуге, тасымалдауға байланысты барлық жұмыстардың жиынтығы болып саналады.
Жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеудi Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiктiң, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады.
Жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды алу мақсатында технологиялық тәсiлдердiң, әдiстер мен әдiстемелердiң кешенiн пайдаланатын ұйым әзiрлеушi-кәсiпорын болып табылады.
Жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеу шикiзатты пайдалануға белгiленген квоталар шегiнде жүзеге асырылады.
Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың негiзiнде жаңа есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеудi қызметтiң осы түрiне лицензиясы болған кезде әзiрлеушi кәсiпорындар жүзеге асырады.
128. Yйлер мен үй-жайларға қойылатын талаптар.
1) әзiрлеушi кәсiпорын санитариялық нормалар мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үйлер мен үй-жайларға орналасуы тиiс. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеушi кәсiпорынның басқа үй-жайлардан оқшауланған өндiрiстiк алаңы, сондай-ақ есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардан алынған дайын өнiмдердi сақтауға арналған үй-жайлары болуы тиiс;
2) өндiрiстiк үй-жайлар, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан алынған дайын өнiмдердi сақтауға арналған үй-жайлар жұмыс аяқталғаннан кейін жабылуы, мөрленуi және күзетуге тапсырылуы тиiс;
3) Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзілген есiрткi құралдар, психотроптық заттар және жоғарыда аталған заттардан тұратын дайын өнiмдер мөрленген сейфтерде сақтауға жатады;
4) Тiзiмнiң III кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және жоғарыда аталған заттардан тұратын дайын өнiмдердi шкафтар мен арнайы жабдықталған сөрелерде сақтауға жол берiледi;
5) Тiзiмнiң I кестесiнде көзделген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және жоғарыда аталған заттардан тұратын дайын өнiмдердi сақтауға арналған үй-жайлар Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күшiмен мiндеттi түрде күзетуге жатады;
6) Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiнде көзделген есiрткi құралдарын, психотроптық заттар және прекурсорларды және жоғарыда аталған заттардан тұратын дайын өнiмдердi сақтауға арналған үй-жайлар IIБ жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күшiмен, не күзет қызметiмен айналысу құқығына лицензиясы бар жеке күзет құрамаларының күшiмен мiндеттi түрде күзетуге жатады.
129. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiру мен ұқсату бойынша арналған өндiрiстiк үй-жайларды жоспарлау:
1) қолдағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, сондай-ақ олардан алынған өнiмдердiң сақталуын;
2) өзара технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа қашықтықты процестiң тасқындылығын;
3) технологиялық тасқындылықтың қиып өтуiн болдырмау;
4) жолын кесудi тазалығы бiрдей дәрежесiндегi үй-жайлардың мейлiнше топтасуын;
5) бастапқы шикiзаттардың, жартылай өнiмдер мен дайын өнiмдердiң әр алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
6) бастапқы өнiмдердi, жартылай өнiмдердi және дайын өнiмдердi қозғаған кезде ластанудан қорғауды қамтамасыз етiлуi тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды әзiрлеуге және сақтауға арналған өндiрiстiк үй-жайларда: жеке желдеткiш жүйесi, су құбыры, кәрiз, салқындатқыш, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар болуы тиiс.
130. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар немесе прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнi белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есеп (4-қосымша) тоқсан сайын бередi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың мөлшерiндегi, жәй-күйiндегi өзгерiстермен байланысты кез келген операция нөмiрленген, бауланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi және қолы қойылып, бекiтiлген арнаулы журналға тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жасалады және оған соңғы жазба жазылған күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлға өзiнiң қарамағындағы есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың әр айдың бiрi күнi жәй-күйi бойынша түгелдеу жүргiзедi. Нақты мөлшерi журналдағы деректермен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Алшақтық немесе сәйкессiздiк нәтижелерi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiс және шығысы бойынша барлық құжаттары (шот-фактураларының, жөнелтпе құжаттың, сенiмхаттың және басқаларының) осы құжаттардың толық сақталу кепілдiгi жағдайында олардың сақталуы үшiн жауапты адамда болуы тиiс.