3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiруге лицензия алу үшiн лицензиат осы бөлiмде аталған Бiлiктiлiк талаптарының ережелерiн де және есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға және (немесе) сатуға қойылатын оларда белгiленген бiлiктiлiк талаптарын да қажеттi түрде орындауды қамтамасыз етуге тиiс;
4) Тiзiмнiң II кестесiндегi есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрудi өндiрiстiк өндiрушi-кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлген өндiрудiң технологиялық регламенттерiне сәйкес оларда нақты есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiруге лицензия болған жағдайда белгiленген квоталар шегiнде жүзеге асырады;
5) Тізімнің ІІ және IV кестелеріндегі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндіруді өндіруші-кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлген өндiрудiң технологиялық регламенттерiне сәйкес оларда нақты есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды немесе құрамында жоғарыда көрсетiлген заттар бар дайын өнiмдi өндiруге лицензия болған жағдайда жүзеге асырады;
6) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрiс мұқтаждарынан артық мөлшерде сақтауға жол берiлмейдi.
Ескерту. 55-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.05.23. N 695 қаулысымен.
56. Үйлерге (үй-жайларға) қойылатын талаптар:
1) өндiрiстiк кәсiпорын өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң санитарлық нормалар мен талаптарына сай келетiн үйлерде орналасуға тиiс;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрушi-кәсiпорындардың басқа үй-жайлардан оқшауланған өндiрiстiк үй-жайлары, сондай-ақ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және олардан алынған дайын өнiмдi сақтауға және сатуға арналған үй-жайлары болуға тиiс;
3) өндiрiстiк үй-жайлар, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан алынған дайын өнiмдi сақтауға және сатуға арналған үй-жайлар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, мөрленуге тиiстi;
4) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мен құрамында жоғарыда көрсетiлген заттар бар дайын өнiм мөрленетiн сейфтерде сақталуға жатады;
5) Тiзiмнiң III кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және құрамында жоғарыда көрсетiлген заттар бар дайын өнiмдi шкафтарда және арнайы жабдықталған сөрелерде сақтауға рұқсат етiледi.
57. Тiзiмнiң II, III және IV Кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және құрамында жоғарыда аталған заттар бар дайын өнiмдi сақтауға арналған үй-жайлар Мемлекеттiк күзет қызметi не Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - ҚР IIМ) берген күзет қызметiмен айналысу құқығына лицензиясы бар мемлекеттiк емес күзет құрамалары күштерiнiң күзетiлуiне мiндеттi түрде жатады.
Техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Өндiрушi-кәсiпорынның аумағын және оған тиiстi темiр жолдардың тұйықтарын қоршау объектiлердiң осы санатына қойылатын ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндіру және өңдеу жөніндегі өндірістік үй-жайларын жоспарлау:
қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмдi сақтауды;
технологиялық жағынан байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа қашықты процестiң тасқындылығын;
технологиялық тасқындардың жолы кесiлуiн болдырмауды;
тазалығы бiрдей дәрежедегi үй-жайларды барынша топтастыруды;
бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдер мен дайын дәрi-дәрмек құралдарының әр алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
бастапқы шикiзатты, жартылай өнiмдер мен дайын дәрi-дәрмек құралдарын қозғаған кезде ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиiстi.
58. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды дайындауға, ұқсатуға және сақтауға арналған өндiрiстiк үй-жайларда: желдетудiң, су құбырының, кәрiздiң жеке жүйесi, ауаны жаңарту қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар болуға тиiс.
59. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етiп отыруға мiндеттi;
2) Тiзiмнiң II, III, IV Кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жәй-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операция арнаулы журналда тiркелiп, нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда (9-қосымша) тiркелуге жатады. Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбiр айдың бiрi күнi өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеуi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) кәсiпорындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөнiндегi барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралары, жүк құжаттары, сенiмхаттар және басқалары) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
60. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеруi туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органдарымен келiсiледi;
3) есiрткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатуды, өндiрудi, сақтауды, сатуды жүзеге асыратын өндiрiсте тiкелей жұмыс iстейтiн мамандар бес жылда бiр рет бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтуге тиiс.
61. Өндiрiс жабдықтарына және процесiне қойылатын талаптар.
Өндiрiс жабдықтары және процесi техникалық регламентке, техникалық шарттар мен жабдықтарды пайдалану паспортына сәйкес келуге, сондай-ақ есiрткi құралдарын, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардан алынған дайын өнiм сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
62. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды дайындаумен, ұқсатумен айналысатын өндiрушi кәсiпорында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинағы, оның iшiнде, өндiрiс әдiстерiн, техникалық нормативтердi, техникалық құралдарды, технологиялық процестер мен сапаға бақылау жүргiзудiң шарттары мен тәртiбiн технологиялық регламент, ФС, техникалық шарттар, мемлекеттiк стандарттар белгiлейтiн, болуға тиiс.
7. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
сатуға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
63. Көтерме сатуға қойылатын талаптар.
Жалпы ережелер:
1) көтерме сауда - есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алуға, сақтауға, әкелуге (әкетуге), тасымалдауға, жоюға және көтерме сатуға байланысты қызмет;
2) көтерме сауданы заңды тұлғалар көтерме сауда кәсiпорындары (дәрiхана қоймалары, химреактивтер дүкендерi және басқалары) арқылы жүзеге асырады;
3) көтерме сауда кәсiпорындары есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды тиiстi ведомстволар белгiлеген тiзбеге және бекіткен нормативтерге сәйкес сата алады;
4) көтерме сауда кәсiпорындарының есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында жұмыс iстеу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар:
өндiрушi ұйымдарға;
көтерме сауда кәсіпорындарына (дәріхана қоймаларына, химреактивтер дүкендерiне және т.б.);
дәрiханаларға, дәрiхана пункттерiне, оның iшiнде мал дәрiгерлiк пункттерге;
ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерiне;
сарапшылық және криминалистiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға ғана сатуға құқығы бар.
медициналық ұйымдарға.
Ескерту. 63-тармақ толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2001.05.23. N 695 қаулысымен.
64. Сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар:
1) көтерме сауда жасайтын кәсiпорындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлары басқа сақтау үй-жайларынан оқшау болуға тиiс;
2) Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзілген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң не күзет қызметi құқығына лицензиясы бар мемлекеттiк емес күзет құралымдарының күзетуiне мiндетті түрде жатады;
3) Тiзiмнiң III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң не күзет қызметi құқығына лицензиясы бар мемлекеттiк емес күзет құралымдарының мiндеттi түрде күзетуiне жатады.
65. Техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
66. Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары және психотроптық заттар сейфтерде сақтауға жатады.
67. Тiзiмнiң III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жабылатын шкафтарда және арнайы жабдықталған сөрелерде сақтауға рұқсат етiледi.
68. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түйген кезде ыдыстар мен мүкәммалды жуу үшiн жеке үй-жай қосымша көзделуi тиiс.
69. Көтерме сауда кәсiпорындарының аумағын қоршау ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс.
70. Есепке алу және есеп беру:
1) есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретін тоқсаннан кейінгі келесі айдың 5-іне лицензиар органға белгіленген нысан бойынша Айналым туралы есепті (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жай-күйінiң өзгеруiне байланысты кез келген операция нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап бес жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбiр айдың бiрi күнi өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеуi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) көтерме сауда кәсiпорындардағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөнiндегi барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенiмхаттар және өзгелерi) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
71. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келiсiледi;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет.
72. Жабдықтармен жарақтануы:
1) көтерме сауда жасайтын кәсiпорынның орындайтын мiндеттерiне сәйкес жабдықтары мен мүкәммалы және оған қосымша:
сейфтерi;
жабылатын темiр және ағаш шкафтары болуға тиiс.
2) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түюге байланысты жұмыстарды орындау кезiнде қосымша:
буып-түю, ұсату, таразыға тарту, өлшеу үшін пайдаланылатын өндірістік жабдықтары болуға;
жұмыс орны кеңейетін шкафпен жабдықталуға тиіс.
73. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Көтерме сауда жасайтын кәсiпорында қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттар болуға тиiс.
74. Бөлшек саудада қойылатын талаптар.
Жалпы ережелер:
1) бөлшек сауда - бұл бөлшек сауда желiсi арқылы (дәрiханалар, дүкендер және т.б.) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңды және жеке тұлғаларға сатып алуға, сақтауға және сатуға байланысты жұмыстардың жиынтығы;
2) Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен бөлшек сауда жасауға дәрiгердiң тағайындауымен, дайын дәрi-дәрмектiк нысандар түрiнде, оларды осы мақсаттарда пайдалануға жауап беретiн мөлшерде ғана рұқсат етiледi;
3) Тiзiмнiң IV кестесiне енгiзiлген прекурсорлармен заңнамада белгiленген ережелерге және тiзбеге сәйкес бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындар (дүкендер) арқылы бөлшек сауда жасауға рұқсат етіледі;
4) Тiзiмнiң I кестесiне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттармен сауда жасауға тыйым салынады.
75. Yй-жайларға қойылатын талаптар:
1) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуға арналған үй-жайлар ҚР IIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттiк лицензиясы бар Мемлекеттiк күзет қызметiнiң күзетуiне мiндеттi түрде жатады;
2) Тiзiмнiң III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуға арналған үй-жайлар Мемлекеттiк күзет қызметiнiң немесе ҚР ІIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттiк лицензиясы бар Мемлекеттiк емес күзет құрамалары күштерiнiң күзетуiне мiндеттi түрде жатады;
3) техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс;
4) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзілген есiрткi құралдары және психотроптық заттар сейфтерде сақталуға жатады.
76. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi келетiн айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, IІ кестесiне енгiзiлгенi есiрткi құралдары, психотроптық заттар мөлшерiнiң, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операциялар нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар органның жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бiр жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап бес жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбiр ай сайын өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Әрбiр айдың бiрi күнi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша);
4) қоймадағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөнiндегi барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенiмхаттар және басқалары) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
77. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарын орындалуына бақылауды жүзеге асыруда жауапты болады;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшеге басшылықты тиiстi бiлiгi, кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар адам жүзеге асырады;
3) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келiсiледi;
4) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты тiкелей есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жоғары қауiп көзiне байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет.
78. Жабдықтармен жарақтануы:
1) бөлшек сауда жасайтын кәсiпорынның орындайтын мiндеттерiне сәйкес жабдықтары мен мүкәммалы және оған қосымша:
сейфтерi;
жабылатын темiр және ағаш шкафтары болуға тиiс.
2) дәрi-дәрмектiк құралдарды дәрiхана жағдайларында дайындау, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түюге байланысты жұмыстарды орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталуға тиіс.
79. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Бөлшек сауда жасайтын кәсiпорында қызметтің осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинағы болуға тиіс.
8. Құрамында есiрткі құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар
бар дәрi-дәрмектiк өсiмдiктердi өсiруге қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
80. Жалпы ережелер.
1) өсiру - бұл осы өсiмдiктiң технологиялық регламентi негiзiнде өсiмдiктi егуге, өсiруге, дайындауға (жинауға), ұқсатуға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты жұмыстардың жиынтығы. Технологиялық регламент заңнамада белгiленген тәртiпте бекiтiлiп, мынадай мәлiметтердi:
құрамында есiрткi құралдары бар өсiмдiк өсетiн жер учаскесінiң көлемi (жер пайдалану кесiмiн);
құрамында есiрткi заттар бар жабайы өсетiн өсiмдiктердi дайындауға рұқсат етiлген жер учаскесiнiң көлемi;
дайындау кезеңiн;
технологиялық өңдеудi;
технологиялық жинауды;
жиналған шикiзатты алғашқы ұқсатуды;
техникалық-экономикалық негiздеменi;
көк массаны есепке алуды (егiннiң есебiн);
шикiзаттың шығуын есепке алуды;
әрбiр технологиялық операция кезiндегi шығынның нормасын;
мөлшерлiк құрамды белгiлеу және осы өсiмдiктiң сапасы бойынша сынаулар жүргiзу жөнiндегi нормативтiк техникалық құжаттаманы:
кептiруге арналған үй-жайға қойылатын талаптар тәртiбiн;
есепке алу тәртiбiн;
буып-түю, таңбалау шарттарын;
сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар тәртiбiн;
тасымалдау тәртiбiн;
өткiзу тәртiбiн қамтуға тиiс.
2) құрамында есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға мемлекет белгiлеген квоталардан аспайтын көлемде заңды тұлғаларға ғана рұқсат етiледi;
3) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасораны (каннабисiн) Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын дайындау мақсатында өсiру мен жинауға тиiстi лицензиар орган берген осы қызметтiң түрiне лицензия болған кезде ғылыми және оқу мақсаттарында пайдаланудан басқасына, тыйым салынады;
4) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия беру және оларды тек өнеркәсiптiк және медициналық мақсаттарда ғана пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитеті тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен немесе Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен келiсе отырып белгiлеген мемлекеттiк квоталар шегiнде белгiлейдi;
5) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасораны (каннабисiн) есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын дайындау мақсатында өсiру мен жинауға тыйым салынады;
6) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасорасын (каннабисiн) ғылыми және оқу мақсаттарында пайдалану шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитеті Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен келiсе отырып белгiлеген мемлекеттiк квоталар шегiнде белгiлейдi;
7) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды белгiленген квотадан асатын мөлшерлерде шоғырландыруға рұқсат берiлмейдi.
Лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға қолданылып жүрген заңнамада көзделген құжаттарды және, лицензияның көшiрмесiн немесе лицензиар органның қызметтiң негiзгi түрiн жүзеге асыру құқығына рұқсатын қосымша табыс етедi.
Бiр заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда қызметтiң осындай түрiне лицензия болуына қарамастан, берiлмейдi.
81. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын өсiруге қойылатын талаптары.
Өсiру, жинау және дайындау, сақтау мен тасымалдау ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау заңды тұлғаның басшысына жүктеледi.
Лицензияны алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) өтiнiш;
2) қызметтің негiзгi түрiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi немесе уәкiлеттi органның рұқсаты;
3) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен немесе Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен өсiмдiк шикiзатын ғылыми және оқу мақсаттарында не медициналық мақсаттарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен келісім хат табыс етеді;
4) Агенттік лицензия беру қажетті БҰҰ конвенцияларында көзделген қосымша құжаттарды сұратып алуға құқылы.
82. Өсiмдiк шикiзатын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк шикiзатын дайындау, өндiру және сақтау Мемлекеттiк күзет қызметiнiң немесе ҚР IIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттiк лицензиясы бар Мемлекеттiк емес күзет құрамаларының күзетiнде болатын учаскелер мен үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс;
2) техникалық берiктiгi, оны дайындау кезеңiндегi күзет түрi (сыртқы күзет, егiстiктердiң күзетi) және оның күзет, өртке қарсы және дабылы беретiн құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жабайы өсетiн өсiмдiктердi өсiретiн немесе жинайтын аумақты қоршау ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс;
4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк шикiзатын ұқсату мен сақтауға арналған стационарлық өндiрiстiк үй-жайлардың желдетудiң су құбырының, кәрiзiнiң, жеке жүйесi, кондиционерлiк қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлары болуға тиiс.