103-бап. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретi
Осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне:
1) ұйымдарда осы Заңның және еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын шағымдарды тексерулер мен зерттеулер арқылы бақылауды жүзеге асыру;
2) еңбек туралы заңдардың бұзылу себептерiн анықтау және талдау;
3) осы Заңның 105-бабына сәйкес бақылаудың нәтижелерi бойынша ұйғарымдар беру;
4) еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау енедi.
104-бап Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары
Ұйымдарда еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) осы Заңға сәйкес еңбек жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында тексеру жүргізу туралы белгiленген тәртiппен ресімделген қаулыны көрсеткен жағдайда ұйымдарға баруға;
2) қызметкер мен жұмыс берушіден осы Заңда көзделген құжаттар мен мәлiметтерді алуға;
3) тәртiп бұзушылық туралы актілер жасауға, осы Заңның бұзылуын жою туралы ұйғарымдар беруге, сотқа талап арызын беруге;
4) анықталған еңбек туралы заңдардың бұзылуына арналған құжаттарды ресімдеу кезінде белгiленген үлгідегi фирмалық бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі қараңыз
105-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторлары беретiн ұйғарымдардың түрлерi
1. Еңбек туралы заңдардың талаптары бұзылуының анықталуына қарай бақылаудың нәтижелері бойынша нақты құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары осы Заңда қарастырылған еңбек жағдайларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарым бередi.
2. Ұйғарымдардың нысандары мен оларды беру тәртібiн еңбек жөнiндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi.
106-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген ұйғарымдарды орындаудың мiндеттiлiгі
Еңбек туралы заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген ұйғарымдар меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін мiндеттi.
107-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының iс-әрекетiне шағым жасау
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының іс-әрекетіне заңдарда белгiленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Шағым жасалу берiлген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
108-бап. Қоғамдық бақылау
Қызметкерлердің өкілдері өздері мүдделерін білдіретін қызметкерлердің жеке еңбек, ұжымдық шарттары талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
109-бап. Еңбек туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
Еңбек туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында 51008032.1480000 белгіленген тәртіппен жауап береді.
Қазақстан Республикасының