Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет
министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне
еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау
мен оны төлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 ж. 26 тамыздағы N 803 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 11.06.02 ж. N 632;
16.07.02 ж. N 789 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 5 наурыздағы N 277 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен тақырып өзгертілді
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылары тағайындау мен оны төлеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 26 тамыздағы
N 803 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер,
Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының
қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң,
бiр жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудiң
ЕРЕЖЕСI
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен тақырып және 1-абзац өзгертілді
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 62-бабына сәйкес әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметшiлерiне зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбiн айқындайды. Сондай-ақ осы Ереже бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау мен төлеудi айқындайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарға:
Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО-ның, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Қарулы Күштерiндегi, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы және осы Достастықтың Бiрiккен Қарулы Күштерiндегi мiндеттi және келiсiм-шарттық әскери қызмет. Егер халықаралық келiсiмдерде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары, аумағында қызмет атқарған тиiстi мемлекеттердiң заңдарында белгiленген тәртiппен есептеледi;
бұрынғы КСРО мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қауiпсiздiк органдарындағы әскери қызметшiлер лауазымындағы, ал 1955 жылдың 1 қазанына дейiн - бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi бекiткен лауазымдардың тiзбесi бойынша жедел, басшы және бастықтар құрамындағы лауазымдағы, ал басқа лауазымдарда - әскери немесе арнайы атақ берiлген күннен бастап; 1955 жылдың 1 қазанынан бастап әскери қызметшiлер лауазымындағы қызмет;
iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы, оның iшiнде бұрынғы КСРО мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiндегi офицерлiк, сержанттық, басшы және қатардағы құрамының лауазымдарындағы (оның iшiнде тағлымгерлiк лауазымдарындағы) қызмет - лауазымға тағайындалған күнiнен бастап;
әскери-құрылыс отрядтарындағы (бөлiмдерiндегi) әскери құрылысшы ретiндегi қызмет;
Қазақстан Республикасының Үкiметi әскери қызметте немесе iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi және бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарында қалдыру арқылы жiберген жағдайда өкiлдi және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс iстеген уақыт;
Қазақстан Республикасының қорғанысқа жәрдемдесу қоғамының оқу ұйымдарында ұшу құрамының запастағы офицерлерiне оқып әскери қызметке шақырылған адамдардың нақты ұшу даярлығында болған уақыты 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап;
негiзсiз қылмыстық жауапқа тартылған, негiзсiз репрессияланған, күшпен жер аударылған және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
олар штаттағы анықтаушылар және тергеу қызметкерлерi ретiнде iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi ұлттық қауiпсiздiк сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарына қызметке ауысқан жағдайда судья, прокурор лауазымдарында прокуратура және сот органдарында жұмыс iстеген уақыты;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiн әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң құрамында Украинаның, Белоруссияның, Латвияның, Литваның және Эстонияның аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi әскери операцияларға қатысқан уақыты;
Ұлы Отан соғысы кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларындағы, халық жасақтары бөлiмдерiндегi қызмет;
егер тұтқынға түсу ерiктi болмаса және әскери қызметшi тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса, әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты есептеледi.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Әскери қызметтегi жағдайдың шектi жасына жеткенге дейiн қызметтен негiзсiз босатылған, ал кейiн денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеу болмаған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң, iшкi iстер министрiнiң, Әдiлет министрiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының және басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары лауазымды тұлғаларының шешiмi бойынша босату заңсыз деп табылуына байланысты қызметi қалпына келтiрiлген офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың және мерзiмiнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшы және қатардағы құрамындағы адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын айқындау кезiнде зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына, олар жұмыс iстемеген қызметтегi үзiлiс уақыты есептелуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 11.06.02 ж. N 632 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiбұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiктi жағдайларда:
1) майдандағы армияның айыптық бөлiмдерiнiң тұрақты құрамындағы бiр ай қызмет алты айға есептеледi;
2) майдандағы армияның, құрамына кiретiн әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде, партизан отрядтарында және халық жасағы құрамаларындағы әскери қимылдар кезеңiндегi;
Ұлты Отан соғысы кезеңiнде батыр қалаларда: Одессада - 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейiн, Ленинградта - 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiн, Севастопольде - 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шiлдеге дейiн, Сталинградта 1942 жылғы 12 шiлдеден 19 қарашаға дейiн майдандағы армияның құрамына кiрмейтiн әскери бөлiмдердегi, штабтардағы және мекемелердегi, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарындағы;
майдандағы армияның құрамына кiретiн әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде алған жараның, контузияның, зақымданудың және науқастанудың салдарынан емдеу мекемелерiнде емделуде үзiлiссiз болған уақыты;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украина, Белоруссия, Латвия, Литва және Эстония аумағында ұлтшылдық астыртын ұйымдарды жою жөнiндегi жауынгерлiк операцияларындағы, ал осы операцияларда жарақат, контузия алып немесе мертiккен жағдайда емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз жатқан уақыты;
1950 жылғы қарашадан 1953 жылғы шiлдеге дейiн ұрыс қимылдарына қатысқан 64-шi истребительдiк авиация корпусының құрамында болуы;
әскери қызметшiлер ұрыс қимылдарына қатысқан төмендегiдей басқа елдердiң аумағында болған әскери бөлiмдерде, штабтарда және мекемелерде: 1956 жылдың 24 қазанынан 10 қарашасына дейiн Венгрияда, 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн Солтүстiк Кореяда (оның iшiнде аумағында Солтүстiк Кореядағы ұрыс қимылдарына қатысқан совет әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерi орналасқан ҚХР-да), 1962 жылдан 1964 жылға дейiн - Алжирде, 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 наурызына дейiн, 1967 жылдың маусымында, 1968 жылы, 1969 жылдың наурызынан 1972 жылдың шiлдесiне дейiн, 1973 жылдың 5 қазанынан 1974 жылдың 31 наурызына дейiн, 1974 маусымынан 1975 жылдың ақпанына дейiн - Бiрiккен Араб Республикасында (Египет), 1962 жылдың 18 қазанынан 1963 жылдың 31 желтоқсанына дейiн, 1967 жылдың қарашасынан 1969 жылдың желтоқсанына дейiн - Иемен Араб Республикасында, 1961 жылдың қаңтарынан 1974 жылдың желтоқсанына дейiн - Вьетнамда, 1967 жылдың маусымында, 1970 жылдың наурызынан шiлдесiне дейiн, 1972 жылдың қыркүйегiнен қарашасына дейiн, 1973 жылдың қазанында - Сирияда, 1967-1969 жылдары, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейiн Мозамбикте, 1977 жылдың 9 желтоқсанынан 1979 жылдың 30 қарашасына дейiн - Эфиопияда, 1972-1973 жылдары - Бангладеш Халықтық Республикасында (ӘТФ кемелерi мен қосалқы кемелерiнiң жеке құрамы үшiн), 1970 жылдың сәуiрiнен жолтоқсанына дейiн - Комбоджада, 1924 жылдың тамызынан 1927 жылдың шiлдесiне дейiн, 1937 жылдың шiлдесiнен 1944 жылдың қыркүйегiне дейiн, 1945 жылдың шiлдесiнен қыркүйегiне дейiн, 1946 жылдың наурызынан 1949 жылдың сәуiрiне дейiн, 1950 жылдың наурызынан мамырына дейiн (ӘҚҚ әскерлерi тобы үшiн, Шанхай қаласы ауданы), 1950 жылдың маусымынан 1953 жылдың шiлдесiне дейiн - Қытайда, 1960 жылдың қаңтарынан 1963 жылдың желтоқсанына дейiн, 1964 жылдың тамызынан 1968 жылдың қарашасына дейiн, 1969 жылдың қарашасынан 1970 жылдың желтоқсанына дейiн Лаоста, 1979 жылдың 22 сәуiрiнен 1989 жылдың 15 ақпанына дейiн Ауғанстанда, 1975 жылдың қарашасынан 1979 жылдың қарашасына дейiн Анголада, 1982 жылғы маусымда - Сирияда, 1982 жылғы маусымда Ливанда болған, ал жараланған, контузия алған немесе мертiккен әскери қызметшiлерге емдеу мекемелерiнде үзiлiссiз емделуде болған уақыты;
1993 жылғы 5 шiлдеден бастап ТМД елдерi сыртқы шекараларының Тәжiк-Ауған учаскесiн күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушыларға;
Даман аралындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы наурыз;
Жалаңашкөл ауданындағы әскери қимылдар - 1969 жылғы тамыз;
әскерлерi ұрыс қимылдарын жүргiзген елдердегi немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдердегi - осы елдерге 1961 жылдың 1 қаңтарынан 1982 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде iссапарына жiберiлген ұшқыштар құрамының әскери мамандарына, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шiлдесiне дейiнгi кезеңдегi Семей ядролық полигонына iргелес аудандарындағы қызметi;
1986 жылдың 26 сәуiрiнен 1987 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-дегi аварияның зардаптарын жоюымен және адамдар көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы тұрғындары көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбауға байланысты жұмыстардағы;
негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, негiзсiз репрессияланған, күштеп көшiрiлген және кейiннен ақталған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамы адамдарының қамауда, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеген және жер аударуда болған уақыты;
3-тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген жеңiлдiктер жағдайында бұрынғы КСРО-ның Қарулы Күштерi Бас Штабының тiзбесiне сәйкес енген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметшiлердiң мына кезең аралығындағы қызметi зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еткен жылдарына есептеледi:
фашистiк Германиямен және оның одақтастарымен Ұлы Отан соғысында:
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 9 (11) мамырына;
империалистiк Жапониямен - 1945 жылдың 9 тамызынан 3 қыркүйекке дейiнгi бiр ай қызмет үш айға есептеледi;
3) төмендегi қызметтiң бiр айы екi айға есептеледi:
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскердiң құрамына енбеген әскери бөлiмдерiндегi, штабтар мен мекемелердегi, iшкi iстер және мемлекет қауiпсiздiгi органдарындағы (осы тармақтың бесiншi және жетiншi абзацтарында көрсетiлген жағдайлардан басқа);
егер әскери қызметшi өз еркiмен тұтқынға түспесе және тұтқында жүрiп Отанына қарсы қылмыс жасамаса әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде тұтқында болған уақыты;
тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi, Республикалық ұланның қолбасшысы және Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы белгiлеген шарттармен реактивтiк және трубовинттiк авиациядағы ұшу жұмысындағы;
армиялары ұрыс қимылдарын жүргiзген елдерде немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен - осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан 1982 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге (ұшқыштар құрамынан басқа) iс сапарларына мамандар ретiнде жiберiлгендерге, олардың ұрыс қимылдарына қатысқан-қатыспағанына қарамастан;
теңiз деңгейiнен 2500 метр және одан да биiк таулы жерлерде: әскери қызметшiлер үшiн - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1985 жылдың 1 мамырынан бастап;
су асты сүңгуiр қайықтарда - осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi белгiлеген шарттармен 1986 жылғы 1 қаңтардан бастап қысымы жоғары су астында немесе барокамераларда ұзақ уақыт болу жағдайында жұмыс атқаратын сүңгiгiштер лауазымдағыларға;
алапес және оба ауруларына қарсы мекемелерiндегi, иммунитет тапшылығы вирустарын жұқтырғандарды немесе СПИД-ке шалдыққандарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi қызметтерде;
4) төмендегi қызметтiң бiр айы бiр жарым айға есептеледi:
мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне сәйкес құрылған арнаулы әскери құрамалардағы қызметi;
тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы, Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi белгiлеген шарттармен авиациядағы ұшу жұмысындағы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен мерзiмдерде су бетiндегi атом кемелерiндегi;
сүңгуiр қайықтарында - олар сапта болған кезеңдегi;
әскери миналарды сүзiп алу кезiнде мина сүзушi кемелердегi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлеген шарттармен 1952 жылғы 22 қаңтардан бастап сапта болған сүңгуiр қайықтар құрамаларының басқармаларындағы және әскери минералды сүзу кезiнде мина сүзушi кемелер құрамындағы;
барлық атаулар мен мамандардағы сүңгiгiштер лауазымдарындағы (осы тармақтың 3-тармақшасында көрсетiлген сүңгiгiштерден басқа);
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы және Республикалық ұланының қолбасшысы белгiлеген жылдық нормаларды орындау кезiнде мiндеттерiн орындау жүйелi түрде парашютпен секiрумен байланысты лауазымдардағы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi және Әдiлет министрi белгiлеген шарттарда бөлiмшелердiң, лауазымдардың тiзбелерi бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауiпсiздiк органдарының, iшкi әскерлердiң, iшкi iстер және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiнде;
Ресей Федерациясы мен Орта Азия Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер белгiлеген жекелеген жерлерiндегi;
осы бөлiмде көрсетiлген мерзiмдер ескерiле отырып Қазақстанның осы Ережеге 1-қосымшада аталған ауа-райы жағдайы қиын жерлерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарында;
заставалардағы, постылардағы, комендатуралардағы, БЖП-i бөлiмшелерiндегi, ауысымдары бар маневрлiк топтардағы кемелер мен катерлердегi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша, 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап шекара әскерлерiнiң басқа да бөлiмшелерiндегi; ал аталған күнге дейiн - заставалардағы, комендатуралардағы және бұрынғы КСРО-ның мемлекеттiк шекарасында орналасқан шекаралық әскерлердiң оларға теңестiрiлген бөлiмшелерiндегi, егер еңбек сiңiрген жылдарына зейнетақы үшiн қызмет еткен жылдарын есептегенде осы жерлерде атқарған қызметiн есептеудiң бұдан да жеңiлдiктi жағдайы белгiленбесе, аталған жерлерде сапта болған және мемлекеттiк шекараны тiкелей қорғаған теңiздегi шекаралық кемелер мен катерлердегi;
1968 жылғы 22 қарашадан бастап сапта болған, бұрынғы КСРО дизельдi-электр сүңгуiр қайықтардың екiншi экипаждарының құрамындағы;
Мурманск облысында болған кезiнде корабльдер мен кемелердi Солтүстiк теңiз жолымен орнын ауыстыру жөнiндегi ерекше мақсаттағы экспедицияның құрамында болып, экспедиция аяқталғаннан кейiн баруға тиiстi портқа және тұрақты қызмет орындарына оралғанда - 1971 жылғы 22 қазаннан бастап;
теңiз деңгейiнен 1500 метр және одан да жоғары биiк таулы жерлердегi (2500 метр және одан да жоғары биiк жерлердегi қызметтен басқасы): әскери қызметшiлер үшiн - 1973 жылғы 1 сәуiрден бастап, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы адамдары үшiн - 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;
теңiз деңгейiнен 1000 метрден 1500 метрге дейiн биiк таулы аймақтарда, ал ерекше жағдайларда одан төмен жерлерде - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен тiзбеге сәйкес, әскери бөлiмдер мен мекемелерде 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
1974 жылдың 8 шiдеден бастап Байкал-Амур темiр жол магистралi мен БАМ-Тында-Беркакит темiр жолы бағытындағы құрылыста және қызмет көрсетуде болған (құрылыс жүрген кезеңдегi) бұрынғы КСРО темiр жол және iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiндегi, iшкi iстер органдарындағы;
1975 жылғы 10 мамырынан бастап Байкал-Амур темiр жолы магистралiнiң Шимановская стансасындағы құрылыс индустрия кәсiпорындарының кешенi құрылысында болған бұрынғы КСРО темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
1975 жылғы 1 шiлдеден бастап бұрын Байкал-Амур темiр жолы магистралында, БАМ-Тында-Беркакит темiр жол желiсiнде құрылысқа қызмет көрсетумен шұғылданған бұрынғы КСРО қауiпсiздiк органдарындағы;
бұрынғы КСРО Байланыс министрлiгiне берiлген және 1976 жылғы 29 шiлдеден бастап Байкал-Амур темiр жолы магистралi трассасының бойымен радиорелелiк байланыс желiлерiнiң құрылысында болған әскери бөлiмдер мен әскери-құрылыс отрядтарындағы;
1977 жылғы 4 шiлдеден бастап Тюмень облысы Ханты-Мансы автономиялық округiнiң аумағындағы Сургут-Уренгой темiр жол желiсi учаскесiнiң құрылысында болған бұрынғы КСРО темiр жол әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiндегi;
1979 жылғы 23 тамыздан бастап Байкал-Амур темiр жолы құрылысында болған КСРО Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кәсiпорындары мен ұйымдарындағы;
1980 жылдың 28 ақпанынан бастап бұрынғы КСРО-ның бұрын Байкал-Амур темiржол магистралi жасанды құрылыстарының күзетiнде және бұрын көрсетiлген магистралдiң маңайындағы аудандардың мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде қызмет атқарған iшкi iстер әскерлерiнiң бөлiмшелерi мен әскери бөлiмдерiндегi;
1980 жылғы 1 қаңтардан бастап қорғаныстық тұғырлар құрылыстарының, жауынгерлiк есептемелер құрамында, нығайтылған аудандарында жауынгерлiк кезекшiлiктерiн атқарып жүрген (атқарған) әскери қызметшiлерге;
1988 жылғы 1 қаңтардан 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюмен және халқы көшiрiлген аймақтағы (1986 жылы халық көшiрiлген аумақта) айналадағы ортаның ластануын болғызбаумен байланысты жұмыстардағы;
1963 жылғы 6 шiлдеден 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандардағы қызметi;
1988 жылғы 1 сәуiрден бастап Ресей Федерациясының қара топырақты емес аймағында автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту жұмыстарында жол-құрылыс бөлiмдерiндегi және оларды қамтамасыз етушi бөлiмдерде болған;
тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Әдiлет министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлеген, жаппай қоғамға қарсы, қылықтарға байланысты төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi қорғау мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындау кезеңдерiндегi әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердегi, құрамаларындағы iшкi iстер қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы қызметi;
әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi, органдарындағы және кәсiпорындарындағы қызмет;
ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты.
4. Майдандағы армияның әскери бөлiмдерiнiң, штабтары мен мекемелерiнiң әскери қызметшiлерiне, ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңдерiнде тұтқында болған әскери қызметшiлерге, Чернобыль АЭС-iндегi апат зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонына iргелес аудандарда қызмет атқарған немесе негiзсiз қылмыстық жауаптылыққа тартылған не қуғын-сүргiнге ұшыраған әскери қызметшiлерге көзделген еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiктi жағдайда есептеуге жататын кезеңдерден басқа, мiндеттi қысқа мерзiмдi әскери қызметi күнтiзбелiк есептеу бойынша зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қосылады.
5. Әскери қызметте келiсiм-шарт бойынша болған әскери қызметшiлерге, әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар қатарына ерiктi түрде қабылданған әйелдерге осы Ереженiң 3-тармағының 4-тармақшасының үшiншi және төртiншi абзацында көрсетiлген қызмет кезеңдерi тиiстi жеңiлдiкпен зейнетақы тағайындау үшiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына 1976 жылғы 5 тамызынан бастап қана қосылады.
6. Әскери қарсы барлау бөлiмi офицерлерiнiң, прапорщиктерiнiң, мичмандарының және мерзiмiнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң қызмет көрсететiн әскери бөлiмдер мен құрамалардың жеке құрамымен бiрдей жағдайда қызмет атқарған қызметi зейнетақы тағайындау үшiн осы әскери бөлiмдер мен құрамалардың әскери қызметшiлерi секiлдi осындай жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
7. Қызметтiң сол бiр кезеңiне жеңiлдiктi жағдайларда зейнетақыға еңбек сiңiрген жылдарына есептеу үшiн екi және одан көп негiздемелер болған кезде еңбек сiңiрген жылдары неғұрлым көбiрек жеңiлдiк беретiн бiр негiздеме бойынша есептеледi.