8. Осы Ереже қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi, бұрынғы қолданылған заңдарға сәйкес есептелген зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сiңiрген жылдар қайта қарауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына олар запаста болған кезде, кезектi әскери және арнаулы атақ беру бұрынғы тағайындалған зейнетақыны қайта қарауға негiз болып саналмайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 16.07.02 ж. N 789 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Қызметтен босайтын әскери қызметшiлерге, Қазақстан Республикасы iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарына, төмендегiдей тәртiп пен көлемде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
- 10 жылдан аспайтын еңбек сiңiрген жылдары және ауруы бойынша, денсаулығының нашарлауына және штаттың қысқаруына байланысты босағандарға - ақша түрiндегi үш айлық;
- қызмет еткен жылдары 10 жылдан астам еңбек сiңiрген жылдары барларға - "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi мен әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
Әскери қызметшiнiң немесе басшы және қатардағы құрамның атына дақ түсiретiн қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты (соның ішiнде шартты түрде сотталуына байланысты) қызметтен босаған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына бiржолғы жәрдемақы төленбейдi. Iшкi iстер органдарына, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке ауысуына байланысты мiндеттi әскери қызметтен босаған әскери қызметшiлерге және осы органдардан мiндеттi әскери қызметке не Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына тағайындалған iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдарының адамдарына, мiндеттi әскери қызметке не iшкi iстер органдарына қызметке ауысуына байланысты тағайындалған Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына бiржолғы жәрдемақы төленбейдi.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 16.07.02 ж. N 789 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Жасына, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайы зейнетақы алу құқығынсыз шектелуiне байланысты босаған (осы тармақтың екiншi азатжолында көрсетiлгеннен басқа) офицерлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамы адамдарына босаған кезде төленетiн бiржолғы жәрдемақымен қоса, қызметтен босаған күннен бастап бiр жыл бойында әскери немесе арнаулы атағына берiлетiн жалақы сақталады. Бұл ретте, егер көрсетiлген мерзiмнiң iшiнде қызметтегi әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы құрамы адамдарының әскери немесе арнаулы атағы бойынша жалақысы өсiрiлсе, тиiсiнше қызметтен босағандарына бiр жыл толғанша офицерлерге, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарына төленетiн осы жалақылардың көлемi өседi.
Қызметтен босар алдында Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарында, ведомстволарында, мекемелерiнде және ұйымдарында жұмыс iстеген және босағаннан соң бұрынғы жұмысында қалған офицерлерге, және iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына, сондай-ақ мiндеттi әскери қызметке 2-3 жылға қызметке шақырылған офицерлерге қызметтен босаған күннен бастап бiр жыл бойына әскери немесе арнаулы атақ бойынша жалақы төленбейдi.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 16.07.02 ж. N 789 қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді
12. Осы Ереженiң 10-тармағында көзделген бiржолғы жәрдемақы:
офицерлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдарының адамдарына соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгi әскери немесе арнаулы атағы бойынша төленетiн жалақыларынан, ал Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарында, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс iстеуге iссапарға жiберiлгендерге және қызметтен босар алдында жалақыны сол органдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiпте және көлемiнде алғандарға - олардың қызметтен босаған күнгi атқарған лауазымына бара бар белгiленген лауазымдық жалақысынан;
мерзiмiнен тыс қызметтегi, келiсiм-шарт бойынша қызметтегi прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кiшi басшы және қатардағы құрамындағы адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгi әскери немесе арнаулы атағы бойынша төленген жалақысынан, ал әскери және арнаулы атағы бойынша жалақы алмайтындарға - қызметтен босаған күнгi атқарған лауазымы бойынша төленген лауазымдық жалақысынан есептелсiн.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарының қатарынан қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын жәрдемақыға қарамастан: әйелiне (күйеуiне) - асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерiнде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне - оның қайтыс болған күнiне дейiнгi төленген асыраушының айлық зейнетақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
Осы тармақта көзделген бiр жолғы жәрдемақының мөлшерiн белгiлеу кезiнде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң қатарына жасы мен еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан әйелi (күйеуi); 18 жасқа толмаған немесе, егер олар 18 жасқа толғанға дейiн асыраушысы қайтыс болған кезде мүгедек болған болса, немесе оқу орнында оқыса және 23 жасқа толмаса одан ересек балалары; қайтыс болған адамның асырауындағы, заңдарда белгiленген зейнетақылық жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-аналары кiредi.
N 1 қосымша
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен тақырып өзгертілді
Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық
атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызметi зейнетақы
тағайындау кезiнде жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген
жылдарына есептелетiн жерлердiң
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметтiң бiр айы екi айға - жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептелетiн жерлер:
Куриль аралдарында және Беринг теңiзi аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
Охот теңiзi аралдарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Моржовец аралында: әскери қызметшiлер және iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдары басшы құрамындағы адамдар үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Солтүстiк Мұзды мұхит аралдарында әскери қызметшiлер үшiн 1954 жылғы 30 тамыздан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Архангельск облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ненецк автономиялы округiнiң жерлерiнде: әскери қызметшiлер және iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдары басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Коми Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарайғы жерлерде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Тюмень облысында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Ямал-ненецк автономиялы округiнiң жерлерiнде, халық депутаттары Салехард Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Салехард қаласында: әскери қызметшiлер, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесiнде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялы округiнде, Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарай Эвенк автономиялы округi және Турухан ауданының жерлерiнде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Якутия Республикасында - Поляр шеңберiнен солтүстiкке қарайғы жерлерде: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Магадан облысында - Чукот автономиялық округiнде және бұрын Камчатка облысының Краснояр автономиялы округiнiң құрамына кiрген Солтүстiк-Эвенк ауданының аумақтарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен, Магадан облысының қалған аумақтарында: әскери қызметшiлер үшiн 1949 жылғы 25 маусымнан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан;
Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйекте;
Хабаров өлкесiнде - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметтiң бiр айы бiр жарым айға қызметтi жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептелетiн жерлер:
Қазақстан Республикасы
Ақмола облысында - Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есiл, Жақсы 1<*> аудандарында, Сiлетi селолық округiнде 2<*> және Степногор қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- Ақтөбе облысында - Байғанин және Мұғалжар 3 <*> аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Ескерту.
1<*> Державин, Есiл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кiрген
2<*> Сiлетi селолық округi бұрынғы Сiлетi ауданының аумағына кiрген
3<*> Мұғаджар ауданы Мұғаджар ауданы болып қайта аталады.
Алматы облысында - Жамбыл, Iле (бұрынғы Күртi селолық округiн қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшiқазақ (Шелек округiн қоспағанда), Райымбек 1<*>, Алакөл (Үйгентас селолық округiн қоспағанда) аудандарында, Кербұлақ ауданының Гвардейский қалалық үлгiдегi поселкесiнде, Көксу 2<*>, Сарқант 3<*>; Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелi қаласында және Ақсу селосында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қапшағай, Қаскелең, Балқаш, Кербұлақ аудандарында, Iле ауданының Күртi селолық округiнде, Еңбекшiқазақ ауданының Шелек селолық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Атырау облысында - Махамбет ауданында 4 <*> - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Шығыс Қазақстан облысында - Қатонқарағай, Күршiм 5<*> аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Аягөз, Жарма 6<*>, Зайсан, Тарбағатай 7<*> аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы селолық округiнде, Семей қаласында және Курчатов қаласында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Жамбыл облысында - Қордай 8<*>. Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Талас, Байзақ 9<*> және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Батыс Қазақстан облысында - Жангелдин және Орда аудандарында, сондай-ақ Теректi 10<*> ауданының Тайпақ селолық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қарағанды облысында 11<*> - Абай ауданында 12<*>, Шет ауданының Ағадыр селолық округiнде, Ұлытау ауданының Жездi селолық округiнде, қаражал қаласында және Жәйрем поселкесiнде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра 13<*>, Шет, Ұлытау аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Балқаш, Жаңаарқа, Қаражал, Жезқазған аудандарында), Сәтпаев және Жезқазған қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қарқаралы 14<*> ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Ескерту.
1<*>. Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кiредi.
2<*>. Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейский аудандары тиiсiнше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталады.
3<*> Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлiтөбе ауданы аумағының бiр бөлiгi кiредi.
4<*>. Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кiредi.
5<*>. Күршiм ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл аумағының аумағы кiредi.
6<*> Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кiредi.
7<*>. Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кiредi.
8<*>. Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кiредi.
9<*>. Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталған.
10<*>. Теректi ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кiредi.
11<*>. Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кiредi.
12<*>. Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
13<*>. Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжың және Теңiз аудандарының аумағы кiредi.
14<*>. Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егiндiбұлақ ауданы Болып Қазыбек би ауданының аумағы кiредi.
Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қызылорда облысында - Шиелi ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Павлодар облысында - Май және Лебяжi ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстiк Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Оңтүстiк Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округiнен басқа) аудандарында және Түркiстан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Байқоңыр қаласында және "Байқоңыр" ғарыш айлағына iргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Ресей Федерациясы
Мурманск облысында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуiрден; милицияның жеке құрамы үшiн 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш 1<*>, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск 2<*>, Пинежск, Онежк, Плесецк, Приморск, Соловецкий 2<*> және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне қарай Ненец автономиялық округi жерлерiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шiлдеден бастап;
Ескерту.
1<*>. Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлiнген.
2<*>. Новодвинский және Соловецкий аудандары Приморский ауданының құрамынан бөлiнiп шыққан.
Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округiнде (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа): әскери қызметшiлер үшiн 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округiнде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алтай өлкесiнде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улағанск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскi аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошейнский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесiнде 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесiнде - Поляр шеңберiнiң оңтүстiгiне Эвенк автономиялы округi мен Турухан ауданы жерлерiнде, Солтүстiк-Енисей ауданында: әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесiнiң әкiмшiлiк бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшiлер үшiн 1969 жылғы 7 тамыздан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында (осы тiзбенiң 1-шi бөлiмiнде көрсетiлген жерлерден басқа): әскери қызметшiлер үшiн - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Приморск өлкесiнде - Самарги өзенiнен солтүстiкке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Хабаровск өлкесiнде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшiлер мен iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшiн - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенiң қалған аумағында: әскери қызметшiлер үшiн - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшiн - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
Қырғызстан Республикасы
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетiөгiз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тәжiкстан Республикасы
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилiкөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван поселкесiнде; Ленинабад облысы Чкалов халық депутаттары қалалық Кеңесiнiң Табошар поселкесiнде; халық депутаттары Нүрек қалалық Кеңесiнiң Пастакон поселкесiнде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).
Түркiменстан Республикасы
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және халық депутаттарының Чарджоу қалалық Кеңесiнiң Нефтазаводск поселкесiнде, Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Қаах, Серах және Теджен аудандарында, Ашғабат облысындағы Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұғаб, Тахта-Базар аудандарында, Мары облысындағы Байрам-Әли және Мары қалаларында (Ашғабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Өзбекстан Республикасы
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесiнiң поселкелерiн және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесiнiң Көкпетас поселкесiнде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Қазақстан Республикасының, Түркiменстан Республикасының және Әзiрбайжан Республикасының әкiмшiлiк бағыныстарындағы Арал теңiзiнiң, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
N 2 қосымша
Қызметi зейнетақы тағайындау кезiнде жеңiлдiктi жағдайларда еңбек
сiңiрген жылдарына есептелетiн офицерлер құрамындағы адамдардың,
прапорщиктердiң, мичмандар мен мерзiмiнен тыс қызметтiң әскери
қызметшiлерiнiң, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару
жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен тақырып өзгертілді
1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс қызметтiң әскери қызметшiлерiне зейнетақы тағайындау үшiн жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына байланысты есептелсiн:
бiр айы бiр жарым айға:
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тiкелей қосындық қызмет атқаратын жедел құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлiмшелерде қызмет атқаратындарға;
барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн шарттар мен мерзiмдердегi бөлiмшелер мен лауазымдар тiзбесi бойынша.
2. Осы Ереженiң 3-шi тармағында көрсетiлген қызмет кезеңдерiнен басқа, офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн қызмет еңбек сiңiрген жылдарына бiр айы екi айға, сондай-ақ мына қызметi:
атом суасты қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғыларымен жабдықталған дизельдi суасты қайықтарында және арнайы энергетикалық қондырғылары бар суасты қайықтарында (оның iшiнде екiншi экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерiнiң және атом сүңгуiр қайықтары экипаждарының құрамында).