Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлерiндегi, атом суасты қайықтарындағы және дизельдi суасты қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшiлерге - суасты крейсерiнiң (қайықтың) 1<*> реактор жұмысының басталуынан есептеледi. Тұйық цикл бойынша жұмыс iстейтiн булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельдi суасты қайықтарындағы қызметi олардың сапта болған кезеңiнен жеңiлдiктi жағдайда еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда зауытта жүру сынағынан бастап есептеледi. Атом суасты крейсерлерiне (екiншi экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң айрықша бөлiмдерi офицерлерiнiң қызметi 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңiлдiктi жағдайларда есептеледi;
Ескерту.
1<*>. Егер әскери қызметшi оқу орталығында оқығаннан кейiн реакторды жүргiзiлмеген атом крейсерiнде немесе атом сүңгуiр қайығында қызмет етуге жiберген болса бұл корабльдердегi қызметтiң кезеңi реактор жұмыс iстеген күннен бастап жеңiлдiктi жағдайларда еңбек сiңiрген жылдарға есептеледi
ауыр атомдық суасты крейсерлерiнiң техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлiк және үлкен атомдық суасты қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшiн - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледi. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлерiне, крейсерлiк атом және үлкен атомдық суасты қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететiн техникалық экипаждар құрамындағы қызмет еңбек сiңiрген жылдарына корабль (станса) реакторы жұмыс iстей бастаған күннен бұрын емес жеңiлдiктi жағдайда есептеледi, ал 705-шi жобадағы атом суасты қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледi.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ереженiң 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерiнен басқа, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiк жағдайлар:
1) қызметiнiң бiр айы бiр жарым айға: iшкi iстер органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап:
2) қызметiнiң бiр айы 1,25 айға:
iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының барлаушы әйелдерiне - Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi белгiлеген лауазымдар тiзбесi бойынша және шарттармен 1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде есептелiнедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1998 жылғы 26 тамыздағы
N 803 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдары мен олардың отбасыларына қызмет өткерген жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1258 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 523 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 153-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-бап).