алым маркасын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртiбi мен ережесiн бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiн қамауға алуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Акциздiк алымның көрiнеу жалған маркаларын өткiзу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткiзу, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшiндегi жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе онсыз жазаланады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады.
209-бап. Экономикалық контрабанда
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткiзiлген тауарлардың құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.
ҚР 09.07.98 ж. N 277-1 Заңына сәйкес 210-бап алынып тасталды
210-бап.
ҚР 09.07.98 ж. N 277-1 Заңына сәйкес 211-бап алынып тасталды
211-бап.
ҚР 09.07.98 ж. N 277-1 Заңына сәйкес 212-бап алынып тасталды
212-бап.
213-бап. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден
қайтармау
Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкiндегi шоттарға мiндеттi түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару
1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;
в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер жасап iрi зиян келтiрсе -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiржылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi басқа несие берушілерге көпе-көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген несие берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
216-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
217-бап. Жалған банкроттық
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң несие берушiлерге тиесiлi төлемдерiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшiн несие берушiлердi жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
218-бап. Бухгалтерлiк есеп ережелерiн бұзу
Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның есепке алу немесе есеп беру құжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметi туралы көпе-көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты iрi зиян келтiрген қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер
беру
Банк қызметкерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржы жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлдемелер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
1. Банк қызметкерлерiнiң банктiң өз қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көпе-көрiнеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа адамдарға негiзсiз банк кепiлін немесе негiзсiз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк қызметкерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көпе-көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрiнеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 16.03.01 ж. N 163-II Заңдарына сәйкес 221-бап өзгертілді
221-бап. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы
1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге әкеп соқса, -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онысыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшiн сотталған адам жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 16.03.01 ж. N 163-II Заңдарына сәйкес 222-бап өзгертілді
222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салынып не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
223-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Меншiк нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кәсiпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсiпкерлер ретiнде тiркелген азаматтардың кем өлшеуі, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттер елеулi мөлшерде жасалған болса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттердi:
а) тұтынушыларды алдағаны үшiн бұрын сотталған адам;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ;
в) iрi мөлшерде жасаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Тұтынушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бiр бөлiгінен асатын сомада зиян келтiрген алдау елеулi мөлшер деп, кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш сомасындағы алдау - iрi мөлшер деп танылады.
224-бап. Заңсыз сыйақы алу
1. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк ұйым қызметшiсiнiң, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару қызметтерiн атқармайтын қызметкерiнiң өз мiндеттерi шеңберiндегi жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
225-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз
мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғат ресурстарын мемлекеттiк есепке алу мен мемлекеттiк жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге жеке мүддесi үшiн жасаса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас
тартуға мәжбүр ету
1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) күш қолданып;
в) ұйымдасқан топпен жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды
бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
1. Заң мен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесiндегi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа заңсыз кiру, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұйымдасқан топ не өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адам жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы