8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) материалдық өндiрiс және бағалы қағаздар мен қаржы құралдарынан басқа өзге де мүлiкпен сауда жасау саласында қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
56-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер
Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiлейдi.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 58-бап өзгертілді және толықтырылды
58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметiн заңдарда белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 59-бап толықтырылды
59-бап. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның жауапкершiлiгi
Зейнетақы активтерiн дұрыс басқармаған жағдайда мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры сот арқылы инвестициялық басқаруды тоқтату және шығындарды өтеу туралы талап қоюы мүмкiн.
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1 Заңымен IY-бөлімнің атауы мен мәтіні өзгерді; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II Заңымен IY-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
IV Бөлім
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет
министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери
қызметшілерін, қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың
ерекшеліктері
12-тарау. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн
зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 60-бап 3-тармақпен толықтырылды; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II Заңымен 60-бап өзгертілді; ҚР 10.10.01 ж. N 247-II Заңымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң:
1) әскери қызметте, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) әскери қызметте, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған;
3) әскери қызметтегi офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң (мичмандардың), Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдардың, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген әскери қызметтi және Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметтен өтудiң шектi жасына жеткен, 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызметтегi немесе Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметi құрайтын адамдардың;
4) 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде 12 жыл 6 айын үздiксiз әскери қызмет немесе iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызмет құрайтын, штаттың қысқаруына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген негiздер бойынша қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
3. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлер қайтадан мемлекеттік қызметке арнаулы атақ, сыныптық шен, сыныптық біліктілік беріле отырып қабылданған жағдайда, зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 61-бап өзгертілді
61-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi
1. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiне осы Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындалатын ақшалай қаражатының 50 процентi есебiнен белгiленедi.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде 10 жыл қызмет стажы бар әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiне осы Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындалатын зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сiңiрген әрбiр жылы үшiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражатының 2,4 процентi есебiнен белгiленедi.
3. Әскери қызметтегi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы қызметте 25 жылдан астам еңбек сiңiрген әрбiр жылы үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 2 процентке көбейтiледi.
4. 25 жылдан астам жалпы еңбек стажының әрбiр жылы үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражатының 1 процентiне көбейтiледi.
5. Зейнетақы төлемдерiнiң осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес есептелген жалпы мөлшерi осы заңның 63-бабына сәйкес белгiленген ақшалай қаражатының 65 процентiнен аспауы керек. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi тиiстi жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
ҚР 16.07.01 ж. N 244-II Заңымен 62-бап өзгертілді;
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 63-баптың 2 тармағы толықтырылды; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Әскери қызметшiлердi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Әскери қызметшiлердi, ішкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1 Заңымен 64-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда; ҚР 05.04.99 ж. N 364-1 Заңымен 64-бап 4-тармақпен толықтырылды; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi
1. Әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшiлерге, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Әскери қызметшiлерге iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, салық полициясының, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Әскери қызметшілер, ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасының әскери қызметiнде, iшкi iстер органдарындағы қызметте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн әскери қызмет стажы бар, Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қамтылған әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорына, осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаты мөлшерiнiң 20 процентi мөлшерiнде тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Әскери қызметшілерге және ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдары қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген әскери қызметшiлер, iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 16.07.01 ж. N 244-II Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiн қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Республикалық бюджеттiң есебiнен зейнетақы төлемдерiн алатын әскери қызметшiлердi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды қорғаныс және iшкi iстер министрлiктерiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның және Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң тиiстi қызметтерi жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлердi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
V Бөлім
Қорытынды ережелер
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай заңдарда белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
68-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының