Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 Қаулысы
(2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 326 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 және 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. «Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшірілген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 2, 23-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Паспорттар мен азаматтық хал актiлеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 33, 499-құжат):
1) тақырып пен 1-тармақта «Паспорттар» деген сөзден кейiн
«, жеке куәлiктер» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацта «паспортындағы» деген сөзден кейiн «және жеке куәлiгіндегi» деген сөздермен толықтырылсын, «iшкi iстер» деген сөздер «әдiлет» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Паспорттар мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесінде:
тақырыпта «Паспорттар» деген сөзден кейiн «, жеке куәлiктер» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта «паспортындағы» деген сөзден кейiн «және жеке куәлiгіндегі» деген сөздермен толықтырылсын, «iшкi iстер» деген сөздер «әдiлет» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацта «Паспорттағы», «iшкi iстер» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгіндегі», «әдiлет» деген сөздермен ауыстырылсын;
а) тармақшасы алынып тасталсын;
г) тармақшасында «паспорты» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«паспорт бөлiмшесi» деген сөздер «әдiлет органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жаңа паспорт» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлiгiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«iшкi iстер» деген сөздер «әдiлет» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта «байланысты» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгіндегі ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн басқа әдiлет органы берген болса, оған Ф-1 өтiнiшiнде белгi қою үшiн Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi берiлгенi туралы хабарлама жiберiледі.»;
6-тармақтың екiншi абзацында «паспортты» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта «паспорты», «жаңа паспорт», «iшкi істер» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлiгi», «Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi», «әдiлет» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «паспортындағы» деген сөзден кейiн «және жеке куәлiгiндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 498 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 15 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 852 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі мәтінді қара)