Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелерiн
шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудiң және
өтеудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысы
(2005.04.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2009.03.04 № 466 Қаулысымен күші жойылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қара)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 199-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудiң және өтеудiң ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.04.05. № 813 қаулысымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.04.05. № 813 қаулысымен 3- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық
мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, айналысқа
қосудың, қызмет көрсетудiң және өтеудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелердi (бұдан әрi - қазынашылық мiндеттемелер) шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудiң және өтеудiң тәртібін анықтайды.
2. Қазынашылық мiндеттемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
2) қаржы агентi - эмитентпен жасалған қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру туралы агенттiк келісімнiң негiзiнде эмитенттiң атынан және оның тапсырмасы бойынша қазынашылық мiндеттемелердi орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) депозитарий - эмитентпен жасалған шартқа сәйкес төлем агентiнiң функцияларын және қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу мен қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлік қоғамы;
4) қазынашылық мiндеттемелердi орналастырудың iшкi ережесi - оның негiзiнде қаржы агентi қазынашылық мiндеттемелердi орналастыруды жүзеге асыратын қаржы агентiнiң эмитентпен келiсілген iшкi құжаты;
5) қазынашылық мiндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудiң iшкi ережесi - оның негізiнде депозитарий қазынашылық мiндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудi жүзеге асыратын депозитарийдiң эмитентпен келiсілген iшкi құжаты;
6) бастапқы дилер - белгіленген тәртіп пен қазынашылық мiндеттемелердi орналастыруға қатысуға жiберiлген бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы.
4. Эмитенттiң бас қаржы агентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады, ол эмитентпен жасалған бас агенттiк келісімнiң негізiнде iшкi қаржы рыногында қарыз алу мәселелерi бойынша эмитенттiң қаржылық кеңесшiсiнiң функцияларын жүзеге асырады.
3. Қазынашылық мiндеттемелердi шығарудың, орналастырудың, айналысқа
қосудың, қызмет көрсетудiң және өтеудiң жалпы шарттары
5. Қазынашылық міндеттемелер құжаттық емес нысанда шығарылады.
6. Әрбiр шығарылымның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлетті орган беретiн ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰCH) болады.
7. Қазынашылық мiндеттемелер аукционды өткізу, жете орналастыру, қайта ашу, жазылу жолымен және қазынашылық мiндеттемелердi орналастырудың iшкi ережелерiмен белгiленген басқа да тәсiлдермен орналастырылады.
8. Қазынашылық мiндеттемелердi және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегi бастапқы дилерлердiң дербес шоттары бойынша және Бастапқы дилерлердiң дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады. Депозитарий төлем агентiнiң функцияларын жүзеге асырады, олар орналастыру кезiнде бастапқы рынокта, қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосу және өтеу кезiнде қайталама рынокта, сондай-ақ қазынашылық мiндеттемелерге қызмет көрсетуде (сыйақыны есептеу және төлеу) қазынашылық мiндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда жасалады.
9. Қазынашылық мiндеттемелердiң әрбiр шығарылымының көлемi мен шарттарын Қазақстан Республикасының тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген оған қызмет көрсетуге арналған үкiметтік борыш пен шығыстар лимитiнiң шегiнде эмитент белгілейдi.
10. Қазынашылық міндеттемелердi орналастыру, қызмет көрсету және өтеу тәсiлдерiнiң шарттары мен рәсімдері қазынашылық мiндеттемелердi орналастырудың iшкi ережесiмен және тиісiнше қазынашылық мiндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу ережесімен белгіленедi.
11. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары резиденттері мен резидент еместері Бастапқы дилерлер арқылы қазынашылық мiндеттемелерді сатып ала алады.
12. Эмитент қазынашылық мiндеттемелердiң мынадай түрлерiн:
1) қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi
2) орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi
3) ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi
4) орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi
5) ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi
6) ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердi
шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетудi және өтеудi жүзеге асырады.
13. Депозитарий орналастырылған қазынашылық мiндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған күн қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосудың басталу күнi болып есептеледi. Қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосу осы мiндеттемелердi өтеген күннiң алдындағы соңғы күн өткеннен кейiн аяқталады.
14. Осы мiндеттемелер бойынша сыйақы есептелетiн бiрiншi күн болып оларды айналысқа қосу басталған күн, ал соңғы күн болып - оларды өтеген күннiң алдындағы соңғы күн есептеледi.
Қазынашылық мiндеттемелер бойынша сыйақы төлеу қазынашылық мiндеттемелердiң жекелеген түрлерiн шығарудың шарттарымен белгіленген күндерде жүргiзіледi. Егер қазынашылық мiндеттемелердi шығару шарттарында өзге мерзiм көзделмесе, соңғы сыйақыны төлеу қазынашылық мiндеттемелердi өтеу күнiмен сәйкес келедi. Егер қазынашылық мiндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күнi жұмыс күнiне келмесе, онда төлем жұмыс iстемейтiн күннен кейiнгі бiрiншi жұмыс күнi жүргізіледi.
15. Қазынашылық мiндеттемелердi өтеу оларды айналысқа қосу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгі бiрiншi күнi атаулы құн бойынша жүргiзiледi. Егер қазынашылық мiндеттемелердiң атаулы құнын өтеу күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда өтеу жұмыс iстемейтiн күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi жүргiзiледi.
16. Эмитент қайталама рынокта рыноктiк баға бойынша қазынашылық мiндеттемелердiң белгілi бiр шығарылымының барлық немесе iшiнара көлемiн сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.
Қазынашылық мiндеттемелердiң белгiлi бiр шығарылымының барлық көлемiн сатып алу туралы эмитенттің шешiмi осындай сатып алу күніне дейiн бiр ай iшiнде қаржы агентiне жеткiзiледi, ол өз кезегiнде осы хабарламадан кейін 5 күнтiзбелiк күннiң iшiнде осы туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.
17. Қазынашылық мiндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
4. Қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер
18. Қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер дисконтталған эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
19. Қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң атаулы құны 100 теңге.
20. "Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық міндеттеме" атауы орыс тілінде "Государственное краткосрочное казначейское обязательство" (ГККО) деп аталады.
21. Қысқа мерзiмдi қазынашылық міндеттемелер үш, алты, тоғыз және он екi ай айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
22. Сыйақыны есептеу үшiн қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосу мерзімiнде күндердің іс жүзіндегі саны пайдаланылады.
23. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру дисконтталған баға (атаулы құннан төмен баға) бойынша өтеу - атаулы құн бойынша жүзеге асырылады.
24. Қысқа мерзiмдi қазынашылық міндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейді.
5. Орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер
25. Орта мерзімдi қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
26. Орта мерзiмдi қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
27. "Мемлекеттік орта мерзімдi қазынашылық мiндеттеме" атауы орыс тілінде "Государственное среднесрочное казначейское обязательство" (ГСКО) деп аталады.
28. Орта мерзімдi қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзiмдерімен шығарылады.
29. Орта мерзімді қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру және өтеу атаулы құн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзiмiнiң ішінде орналастырған кезде белгіленген купон деп аталатын сыйақы төленедi.
30. Орта мерзімді қазынашылық мiндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшiн есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
31. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзiмдi қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
32. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С*180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзiмдi қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы,
N, теңге - кезектi төлемге жататын орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң тиiстi саны атаулы құнының сомасы,
С, % - купон ставкасы.
33. Орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгiленген шектеулердi қоспағанда, орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.
6. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер
34. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
35. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттеменiң атаулы құны - 1000 теңге.
36. "Мемлекеттік ұзақ мерзімдi қазынашылық міндеттеме" атауы орыс тілінде "Государственное долгосрочное казначейское обязательство" (ГДКО) деп аталады.
37. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзiмiмен шығарылады.
38. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзiмi iшiнде орналастыру кезiнде анықталған купон деп аталатын сыйақы төленедi.
39. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
40. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер бойынша купон төлемi ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi тиiстi айналысқа қосу жылы жылына бiр рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.
41. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*C
мұнда,
S, теңге - кезектi төлемге жататын ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер купонының сомасы,
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң тиiсті саны атаулы құнының сомасы,
С, % - купон ставкасы.
42. Ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгіленген шектеулердi қоспағанда, ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор ұзақ мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.
7. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер
43. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
44. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттеменiң атаулы құны - 1000 теңге.
45. "Мемлекеттік орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттеме" атауы орыс тілінде "Государственное среднесрочное индексированное казначейское обязательство" (ГСИКО) деп аталады.
46. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бiр жылдан жоғары бес жылға дейiн қоса алғанда айналысқа қосу мерзiмдерiмен шығарылады және алты ай еселігі болуы тиiс.
47. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзiмi iшiнде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленедi.
48. Егер эмитент қазынашылық мiндеттемелердi шығарудың өзгеше күнiн көздемесе, орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру айдың соңғы күнінiң алдындағы жұмыс күнi жүргізіледi.
49. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
50. Индекстелген купон төлемi тиiстi кезеңдiлiкпен жылына екi рет эмитент белгiлеген күндерде орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемi айналысқа қосатын әрбiр алты толық күнтiзбелiк ай сайын айдың бесiншi жұмыс күнiнде жүргізiледi.
51. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тiркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезiнде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшiн инфляция индексiн есептеу арқылы жүргізiледi.
52. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С
мұнда,
S, теңге - кезектi төлемге жататын орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң индекстелген купонының сомасы,
N, теңге - кезектi төлемге жататын орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң тиiстi саны атаулы құнының сомасы,
І, % - төлемге жататын өткен купон кезеңi үшiн инфляция индексi,
бұл ретте,
I -(((I1/100)*(I2/100)*(I3/100)*...*(In/100))-1)*100,
мұнда,
І1, І2, І3, ..., Іn - купондық кезеңнiң тиісті айлары үшiн тұтыну бағасының индекстерi, І мәнi үтiрден кейiн үш (қоса алғанда) санға дейiн дөңгелектенедi,
С, - тiркелген купон сомасы,
бұл ретте, С= N*К*180/360,
мұнда,
К, % - орналастыру кезiнде анықталған тіркелген жылдық купонның мәнi.
53. Тұтыну бағасының индексiн Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi ай сайын жариялайды.
54. Егер өткен купондық кезең үшiн инфляция индексi терiс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінiң мәнiн нөлге тең деп қабылдау қажет.
55. Орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор орта мерзiмдi индекстелген мiндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.
8. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер
56. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
57. Ұзақ мерзімдi индекстелген қазынашылық мiндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
58. "Мемлекеттік ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттеме" атауы орыс тiлінде "Государственное долгосрочное индексированное казначейское обязательство" (ГДИКО) деп аталады.
59. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімдерiмен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиiс.
60. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзiмi iшiнде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленедi.
61. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнiн көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру айдың соңғы күнiнiң алдындағы жұмыс күнi жүргізiледi.
62. Ұзақ мерзімдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшiн есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
63. Индекстелген купон төлемi тиiстi кезеңділікпен жылына бiр рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемi айналысқа қосатын әрбiр алты толық күнтiзбелiк ай сайын айдың бесiншi жұмыс күнiнде жүргiзiледi.
64. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тiркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезiнде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшiн инфляция индексiн есептеу арқылы жүргізiледi.
65. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*I/100+C,
мұнда,
S, теңге - кезектi төлемге жататын ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң индекстелген купонының сомасы,
N, теңге - кезектi төлемге жататын ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң тиiсті саны атаулы құнының сомасы,
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшiн инфляция индексi,
бұл ретте,
I -(((I1/100)*(I2/100)*(I3/100)*...*(In/100))-1)*100,
мұнда,
І1, І2, І3, ..., Іn - купондық кезеңнiң тиiстi айлары үшін тұтыну бағаларының индекстерi, І мәнi үтірден кейiн үш (қоса алғанда) санға дейiн дөңгелектенедi,
С, - тiркелген купон сомасы,
бұл ретте, С=N*К
мұнда,
К, % - орналастыру кезiнде анықталған тiркелген жылдық купонның мәнi.
66. Тұтыну бағасының индексiн Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын жариялайды.
67. Егер өткен купондық кезең үшiн инфляция индексi терiс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексiнiң мәнiн нөлге тең деп қабылдау қажет.
68. Ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгiленген шектеулердi қоспағанда, ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор ұзақ мерзiмдi индекстелген қазынашылық мiндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi.
9. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер
69. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
70. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттеменiң атаулы құны - 1000 теңге.
71. "Мемлекеттік ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттеме" атауы орыс тілінде "Государственное долгосрочное сберегательное казначейское обязательство" (ГДСКО) деп аталады.
72. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында орналастырылады, қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосу мерзiмiнiң екiншi бiрi жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында жүзеге асырылады, көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн қазынашылық мiндеттемелердi айналысқа қосу еркiн негізде жүзеге асырылады.
73. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзiмiмен шығарылады және он екi ай еселігі болуы тиiс. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердi шығарудың көлемi тиiстi жылға арналған мемлекеттік қазынашылық мiндеттемелердi шығару жалпы көлемiнiң 30%-ынан аспауы тиiс.
74. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзiмi iшiнде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленедi.
75. Егер эмитент қазынашылық мiндеттемелердi шығарудың өзгеше күнiн көздемесе, ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру айдың соңғы күнiнiң алдындағы жұмыс күнi жүргiзiледi.
76. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшiн есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
77. Индекстелген купон төлемi тиiстi кезеңділікпен жылына бiр рет эмитент белгiлеген күндерде ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемi айналысқа қосатын әрбiр он екi толық күнтiзбелiк ай сайын айдың бесiншi жұмыс күнiнде жүргізiледi.
78. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тiркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезiнде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшiн инфляция индексiн есептеу арқылы жүргізiледi.
79. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезектi төлемге жататын ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердiң индекстелген купонының сомасы,
N, теңге - кезектi төлемге жататын ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердiң тиiсті саны атаулы құнының сомасы,
I, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшiн инфляция индексi,
бұл ретте,
I-(((I1/100)*(I2/100)*(I3/100)*...*(In/100))-1)*100,
мұнда,
І1, І2, І3, ..., Іn - купондық кезеңнiң тиiстi айлары үшiн тұтыну бағаларының индекстерi, І мәнi үтiрден кейiн үш санға дейiн (қоса алғанда) дөңгелектенедi,
С, - тiркелген купон сомасы,
бұл ретте, C=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезiнде анықталған тiркелген жылдық купонның мәнi.
80. Тұтыну бағасының индексiн Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi ай сайын жариялайды.
81. Егер өткен купондық кезең үшiн инфляция индексi терiс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексiнiң мәнiн нөлге тең деп қабылдау қажет.
82. Ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелердiң иелерi заңнамалық кесiмдерде белгіленген шектеулердi қоспағанда, ұзақ мерзiмдi жинақтаушы қазынашылық мiндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 941 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттік қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 255-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегі № 621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 17, 145-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екі жыл және одан да көп мемлекеттік орта мерзімдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 маусымдағы № 945 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 25, 228-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының айналым мерзімi үш ай және одан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналымының және өтелуінің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 наурыздағы № 220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 62-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 мамырдағы № 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 17, 182-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегі № 437 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 150-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 4-тармақтары.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 7 және 12-тармақтары.