Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 6 мамыр № 538
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді - МЕҚҚАМ шығарудың, айналысының және өтеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 786 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін - МЕҚҚАМ шығарудың, айналысының және өтеудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісілген ағымдағы баға бойынша мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді - МЕҚҚАМ мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 10 күнтізбелік күнде, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізіледі.";
2) "Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі екі және үші жыл мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа шығарудың және өтеудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 945 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 25, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі екі және үш жыл мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін айналысқа шығарудың және өтеудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
"19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді олардың іс жүзінде айналысты болған уақыты үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күнінен дейін 10 күнтізбелік күнде, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізіледі.";
3) "Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі бір жыл және жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығарудың айналысының және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы № 220 қаулысына:
қаулының атауы мен 1-тармағындағы "бір жыл және жылдан астам" деген сөздер "үш ай және одан астам" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі бір жыл жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесінде:
атауы мен 1) тармақшасындағы "бір жыл және жылдан астам" деген сөздер "үш ай және одан астам" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы "жартыжылдық" деген сөз "үш айлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Индекстелген қазынашылық міндеттемелер индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті эмиссиясын бастапқы орналастыру және инвесторлардың индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған қаражатының инфляциядан шеккен зиянын өтеу жөніндегі аукционда айқындалған кірістіліктің тіркелген ставкасын қамтитын сыйақы (мүдде) ставкасымен атаулы бағасы бойынша оларды ұстаушылардың арасында орналастырылады.";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Кірістіліктің тіркелген ставкасы сатып алушылардың ұсыныстары бойынша кірістіліктің ең аз ставкасынан бастап эмиссиясының белгіленген көлеміне жеткенге дейін олардың өтінімдерін қанағаттандыру жолымен аукциондық негізде айқындалады. Берілген өтінімдерді қанағаттандыру аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтінімінің ең жоғарғы ставкасына тең кірістіліктің бірыңғай тіркелген ставкасы бойынша жүзеге асырылады.";
11) тармақшадағы бірінші сөйлем "егер тиісті эмиссияның шарттары жарияланған кезде өзге күн көзделмесе, айына бір рет, айдың соңғы жұмыс күнінің алдындағы күні" деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелердің мерзімін және айналысының басталу күнін, оларды сатып алған инвесторлардың төлеу күнін тиісті эмиссияны хабарлаған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелердің үш айдан бастап одан көп айналыс мерзімінің үш айлық еселенуі болуы тиіс.";
14) тармақшадағы "және сыйақының (мүдденің) соңғы сомасын төлеудің" деген сөздер алынып тасталсын;
19) тармақшадағы "тиісті күнге индекстелген қазынашылық міндеттемелердің эмиссиясынан кейін әрбір алты ай сайын (182 күнтізбелік күн)" деген сөздер "айналыстың әрбір үш толық күнтізбелік айынан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшада:
"182" деген сан "91" деген сан ауыстырылсын;
"Инфляцияның проценттік мәні индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысының өткен кезекті жартыжылдық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің деректері негізінде Қаржылық агент бастапқы дилерлерге сыйақы (мүдде) төлеуге және/немесе индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтеуге дейін 5 күнтізбелік күн ішінде хабарлайды." деген сөздер "Инфляция Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі сыйақы (мүдде) төлеу жүргізілетін айдың алдындағы үш толық күнтізбелік айда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жариялайтын тұтыну бағаларының айлық индексі негізінде есептеледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) Қаржылық агент, индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күніне дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, Эмитентке кезекті үш айлық кезеңдегі инфляция қарқынының мәні, олар бойынша сыйақыны (мүддені) есептеу жүргізілетін индекстелген қазынашылық міндеттемелердің мөлшері және әрбір бастапқы дилер бойынша төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын ведомосты жібереді.";
22) тармақшадағы "және сыйақыны (мүддені) соңғы төлеуді" деген сөздер "Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті шығарылымы айналысының соңғы айының соңғы жұмыс күні өтеу күні болып табылады." деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы