5) электр энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10) тармақша өзгертілді
10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді қамтамасыз ету;
11) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) лицензиялауды;
2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi;
3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды қамтиды.
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын кредиттеуді;
6) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның дауыс беретін акцияларының сексен бес пайыздан азы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) электр энергетикасы кешенін жоспарлы және орнықты дамыту;
2) электр энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің мүдделерін сақтау;
3) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану;
4) электр энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
5) электр энергетикасын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
1-2) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) тұтынушылардың сатып алынған электр энергиясына уақтылы ақы төлемеуі салдарынан туындаған залал және (немесе) ақша қаражатының тапшылығы пайда болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) осы Заңның 15-6-бабының 7-2-тармағында айқындалған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу үшін тендер жеңімпазын айқындайды;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) - 7-3) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) - 23) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
25) - 33) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) - 37) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
39) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
42) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
43) жүйелік операторды айқындайды;
44) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
45) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
47) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
47-1) - 49) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
50) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
51) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
52) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 53) тармақша жаңа редакцияда
53) орталықтандырылған сауда нарығы операторын айқындайды;
54) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
56) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
57) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
58) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
59) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
60) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
62) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталады (бұр.ред.қара)
64) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
69) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5) және 70-6) тармақшалармен толықтырылды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;
70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
70-4) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70-5) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
70-7) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-8) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70-9) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-10) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-11) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-11) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-12) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-12) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;
70-13) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-14) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-15) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-15) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
70-16) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70-17) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 70-18) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
70-18) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
70-19) - 70-21) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-22) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70-23) - 70-28) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
70-29) - 70-33) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 70-34) тармақшамен толықтырылды
70-34) Тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға беретін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орнын (алаңын), отынның типін және түрін келіседі;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 70-35) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 70-35) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-35) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 70-36) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 70-36) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
70-36) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
70-37) - 70-44) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 70-45) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
70-45) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 70-46) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
70-46) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 70-47) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
70-47) осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты пайдалану туралы энергия өндіруші ұйымдардың есепті ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарайды және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражаттың көлемін азайту туралы шешім қабылдайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 70-48) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
70-48) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сəйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 70-49), 70-50), 70-51), 70-52), 70-53), 70-54) және 70-55) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
70-49) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізеді;
70-50) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
70-51) технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
70-52) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысады;
70-53) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурсқа орналастырады және жаңартады;
70-54) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;
70-55) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;
71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді
5-1-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) электрмен жабдықтау саласындағы нормативтік техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) электрмен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде электр энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-1) - 5-5) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-2-бап өзгертілді
5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары электр энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
5-2-баптың үшінші бөлігі 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдарға субсидия беру қағидаларында айқындалған тәртіппен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялауды жүзеге асырады.