2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) теңгерімсіздік - генерация-тұтынудың жоспарлы және нақты сальдосының кВт. сағаттағы айырмасы;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-3) теріс теңгерімсіздік - мәні нөлден кіші (теріс) кВт. сағаттағы теңгерімсіздік;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-4) теріс теңгерімсіздіктерге арналған шекті тариф - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері үшін осы Заңда көзделген тәртіппен айқындалатын ең жоғары рұқсат етілген бағасы;
24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-1) технологиялық бронь - үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 24-2), 24-3) және 24-4) тармақшалармен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 24-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
24-2) технологиялық бұзушылық - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр станциялары мен желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы;
24-3) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 24-4) тармақша жаңа редакцияда
24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - электр энергиясын тұтыну және осы салада әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 24-5) тармақшамен толықтырылды
24-5) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
25) тұтынушы - электр энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
26-1) 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) ұлттық электр желісі - кіші станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда ұлттық компанияға беріледі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 27-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-1) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне және басқа мемлекеттердің ұйымдарына осы Заңда айқындалған тәртіппен көрсететін қызмет;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 27-2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-2) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру саласына жататын, осы Заңда айқындалған тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін, ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 27-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
27-3) шартты тұтынушы - өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;
28) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) электр желілері - электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;
30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
30-1) электрқуаттау станциясы - электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарын қуаттауға арналған электрқондырғы;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда
31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жүйелік операторға, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша көрсетілетін қызмет;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет - энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-2) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 31-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф - жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
31-3) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-4) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-4) тармақша жаңа редакцияда
31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйым арасында генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім негізінде айқындалған тариф;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 31-5) - 31-) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-6) электр қуатының нарығы - энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
31-7) 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 31-8) тармақшамен толықтырылды
31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 31-9) тармақшамен толықтырылды
31-9) электр станцияларының тізбесі - осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32) электр энергетикасы - электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
32-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 32-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 32-2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-2) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 32-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
32-3) электр энергиясын коммерциялық есепке алу - электр энергиясын беру шарттары бойынша, сондай-ақ электрмен жабдықтау шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр энергиясын есепке алу;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер және гибридті топтар әкімшілері, сондай-ақ жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33-1) тармақша жаңа редакцияда
33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф - уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні;
34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 35) - 39) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) электр энергиясын беру - электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;
35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
36) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтiн, жүйелiк оператор бекiткен құжат;
37) электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыру бойынша жүйелiк оператор көрсететiн қызмет;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды
37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы - мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38) тармақша жаңа редакцияда
38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері арасындағы электрмен жабдықтау шарттары негізінде жұмыс істейтін өзара қатынастар жүйесі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - электр энергиясын тұтынушылар және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілмеген энергия беруші ұйымдар;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
39-1) электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығынан, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан, электр қуаты нарығынан және жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығынан тұратын, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы қатынастар жүйесі;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңға сәйкес энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында, сондай-ақ бірыңғай сатып алушы мен электрондық сауда жүйесіндегі цифрлық майнерлер арасында жүзеге асырылатын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;
42) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 44) тармақша жаңа редакцияда
44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы - жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының теңгерімсіздігін физикалық реттеу нәтижесінде туындайтын және теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға байланысты электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері мен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы арасындағы өзара қатынастар жүйесі;
45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
46) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) энергетикалық сараптама - электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
48) энергия беруші ұйым - шарттар негізінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 49) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50) тармақша өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50) энергия өндіруші ұйым - Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
51) 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 52) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын босату бағасы - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген, электр энергиясына арналған шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сату бағасы.
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берушіні таңдау құқығы;
3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) электр энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді