ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 008 Мемлекеттік 1.1 Мәжіліс Жыл Қазақстан органдардың залы мен ішінде Республикасы. ақпараттық оператор ның Ақпарат. инфрақұрылы. кабинасы үшiн тандыру және мын құру жабдық сатып байланыс алу мен жөніндегі монтаждау - агенттігі 1 жиынтық. 2. Мемлекеттік органдардың элек- тронды мұрағаттар жүйесiн дамыту: 2.1. Мемлекеттік органдардың электронды мұрағат- тар жүйесiн дамыту және енгізу. 2.2. Мамандарды оқыту - 30 адам. 2.3. Техникалық құралдар сатып алу - 3 жиынтық. 3. Мемлекеттік электрондық құжат айналымына қатысу- шылар ашық кiлтте- рiнiң инфрақұрылы- мын дамыту: 3.1. Электронды санды қолтаңба мен кiлттердi бiрдей- лендiру тетiгiн дамыту және енгізу, мамандарды оқыту - 10. 3.2. Кiлттердi бiрдейлендiру орта- лықтарын құру үшiн техникалық құралдар, оның iшiнде ақпарат- ты қорғаудың бағдар- ламалық-аппараттық құралдарын сатып алу және құрастыру- 4. Мемлекеттік органдардың әкiмшi- лiк-шаруашылық қызметi жөніндегі техникалық тапсыр- маны және үлгiлiк бағдарламалық қам- тамасыз етудiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу. 5. Қазақстан Республикасы электронды Үкіметінiң Веб-порталын құру (1-кезек). 6. Консалтингтiк қызмет көрсетулер мен жобаларды басқару жөніндегі қызмет көрсетулер- дi алу. |
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдар электронды мұрағаттарының ақпараттық жүйелерiн дамыту, электрондық мұрағаттар мен кiлттердi бiрдейлендiру орталықтарын құру және дамыту үшiн техникалық база қалыптастыру, мемлекеттік органдардың қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған үлгiлiк басқару жүйелерiн қолдану жолымен мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгi мен жеделдiгiн арттыру, электронды Үкiмет Веб-порталы үшiн негіз құру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
360-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың жай-күйiнiң мониторинг
жүйесiн құру"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10966 мың теңге (он миллион тоғыз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың бар-жоқтығы мен жай-күйi туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы ақпараттандыру саласында тиiмдi мемлекеттік басқару жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн енгізу және дамыту, мемлекеттік органдар ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң сараптама жүйесiн дамыту және енгізу, мемлекеттік ақпарат жүйелерiнiң бағдарламалық кодтары мен нормативтiк-техникалық құжаттамасы депозитарийiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 Ақпараттық- 1- Ақпараттық Жыл Қазақстан телекомуни- ресурстардың жай- iшiнде Республикасы- кациялық күйi мониторингі- ның Ақпарат- ресурстардың нiң жүйесiн тандыру және жай-күйінің дамыту- байланыс мониторинг 2. Бағдарламалық жөніндегі жүйесiн кодтардың депози- агенттiгi құру тариi мен ғылыми- техникалық құжат- таманың жүргiзiлу- iн ескере отырып, жергiлiктi мемле- кеттiк атқарушы органдардың ақпа- раттық ресурстары мониторингiнiң кiшi жүйесiн әзiрлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпараттық ресурстардың жай-күйi мониторингi жүйесiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттік ақпараттық ресурстар туралы ақпаратқа тең құқықты регламенттiк қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, әзiрленетiн ақпараттық жүйелердiң сапасын көтеруге және мемлекеттік құрылымдар ақпараттық технологияларға инвестициялайтын қаражатты тиiмдi пайдалануға, қолданыстағы және тұрақты түрдегi өзектi мемлекеттік тiркелiмнiң деректерiн талдау негiзiнде мемлекеттік ақпараттық ресурстардың қауiпсiздiгi мен қорғалушылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде пайдалану үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң сақталуы мен көбейтiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
361-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 72207 мың теңге (жетпiс екі миллион екі жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарының мемлекеттік тiркелiмiн қамтамасыз ету, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн техникалық қолдау, Интернет-ресурстардың мониторингi, мемлекеттік органдар ресми электронды мекен-жайларының анықтамалығын өзектi ету, ақпараттық ресурстарды сараптау жүйелерiн қамтамасыз ету және мемлекеттік ақпараттық жүйелер бағдарламалық кодтарының депозитарилерi мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Ведомство- 1- Мемлекеттік Жыл Қазақстан аралық органдар ақпараттық ішінде Республикасы- ақпараттық -телекоммуникация- ның Ақпарат- жүйелердiң лық ресурстарының тандыру және жұмыс iстеу- мемлекеттік тірке- байланыс iн қамтама- лiмiн қамтамасыз жөніндегі сыз ету ету. агенттігі 2. Мемлекеттік органдар ресми электронды мекен- жайларының анықта- малығын өзектi ету. 3. Мемлекеттік органдардың Веб- порталын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiме- тiнiң және мемле- кеттiк органдардың Веб-сайтын қамтама- сыз ету. 4. Интернет-ресурс- тардың мониторингi- 5. Сараптаманың, оның iшiнде сынақ зертханасының жүйе- сiн қамтамасыз ету. 6. Бағдарламалық кодтардың депозита- рилерi мен норма- тивтiк-техникалық құжаттаманы қамтамасыз ету- 7. Жабдықтарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсету. 8. Телекоммуника- циялық қызметтер- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік тiркелiмнiң, депозитарийдiң деректер базасын өзектi ету, құрылатын ақпараттық жүйелерге сараптама жүргiзу, оларды талдау мен осы саладағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Интернет-ресурстардың мониторингiн жүргiзу, мемлекеттік органдардың қолда бар қазiргi заманғы интеграцияланған жүйелерiн бiрыңғай ақпараттық ортаға бiрiктiру; Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылатын ақпараттық жүйелердi техникалық жағынан қолдау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
362-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік қаржының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 244320 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi және ақпараттық жүйелер құрудың бiрыңғай әдiсiн жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар үшiн бiрыңғай көлiктiк орта жасау, барлық мемлекеттік органдар бiрiктiрiлген жүйелерiнiң өзара iс-қимылы тетiгiн әзiрлеу, бiрiктiрiлген ақпаратқа регламенттi қол жетiмдiлiк жөніндегі нормативтiк құжаттар әзiрлеу.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 011 Мемлекеттік 1. Астана Жыл Қазақстан қаржының қаласының пилоттық бойы Республикасы- бiрiктiрiл- аймағында ның Ақпарат- ген ақпарат- мемлекеттік органдарға тандыру және тық жүйесiн арналған бiртұтас байланыс құру мультисервистiк жөніндегі (көлiктiк) орта құру. агенттігі 2. Техникалық құралдарды сатып алу және инсталля- циялау - 1 жиынтық. 3. Консалтингтiк қызмет көрсетулер мен жобаларды басқару жөніндегі қызмет көрсетулердi алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткiштер:
Техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер: "бiрыңғай көлiктiк ортаны құру жолымен мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiн қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың телекоммуникациялық шығыстарға жұмсалатын шығыстарын оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
363-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың мониторинг жүйесiн құру"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 23510 мың теңге (жиырма үш миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика мен әлеуметтiк саладағы терiс процестердi уақтылы анықтау, алдын алу және жою үшiн мониторинг жүйесін құру; негiзгi статистикалық, экономикалық, әлеуметтiк, бухгалтерлiк, салықтық және өзге де көрсеткiштер бойынша жiктелетiн деректердi талдау мен статистикалық өңдеу мақсатында әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң ақпараттық жүйесiн құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингi" ақпараттық жүйесiнiң тұжырымдамасын, техникалық тапсырмасын әзiрлеу және жүйенiң математикалық моделiн айқындау.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Әлеуметтiк- 1."Әлеуметтiк-эконо- Жыл Қазақстан экономика- микалық даму ішінде Республикасы- лық дамудың мониторингiнің ның Ақпарат- мониторинг ақпараттық жүйесi- тандыру және жүйесiн нiң тұжырымдамасын, байланыс құру оның iшiнде жөніндегі техникалық тапсырманың математикалық моделi мен жобасын әзiрлеу. 2. Консалтингтік қызметтерді алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аталған бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң қазiргi заманға жүйесiн ұйымдастыруға, сөйтiп Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi экономикалық және әлеуметтiк дамуының өлшемдерiн жоғары ықтималдықпен болжауға мүмкiндiк беретiн пәрмендi құрал жасауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
364-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ауылдық аумақтардың пошта-жинақ жүйесiн дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы; "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 268 қаулысы.