2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі
агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.12.04 ж. № 197аг қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 cәуipдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етемін:
1. 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390, 391-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
382-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкiлеттi органның
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60584 мың теңге (алпыс миллион бес жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3, 21-25-баптары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 15-бабы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы", "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 және 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1213 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген мiндеттердi ең жоғары тиiмдiлiкте орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету, теориялық және практикалық білімiн жаңалау, қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерiнiң лауазымдық мiндеттемелерi мен кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша дағдылары мен машықтарын қамтамасыз ету, туристiк ұйымдардың туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығының лицензиялармен, сондай-ақ Агенттiктiң орталық аппаратын негiзгi құралдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратын ұстау, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру, сондай-ақ активтер сатып алу, Қазақстан Республикасының азаматтарын қызмет көрсету және қабылдау бойынша кәсiпкерлiк қызмет peтіндегі туроператорлық, турагенттiк, экскурсиялық қызметтi және нұсқаушылық, әдістемелік қызметтерді жүзеге асыру құқығына лицензия беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Туризм, спорт және дене шынық- тыру сала- сындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан органның касының Туризм және бойы Республикасы- аппараты спорт жөніндегі ның Туризм агенттiгiнiң орта- және спорт лық аппаратын бекi- жөніндегі тiлген штат саны агенттігі 54 (елу төрт) бір- лiк шегiнде ұстау- Лицензия бланкте- рiн жасау - 150 дана- Бекiтiлген қажеттілік нормати- вiне сәйкес саны 4 бірлiк қызмет автокөлiгiн жалға алу, ұстау- Қазақстан Республи- касы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының серве- рiн басқару және жергiлiктi есептеу желiсiн жаңалау жөніндегі қызметке ақы төлеу, ақпарат- тық жүйеге ілесу- 3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген білік- Жыл Қазақстан қызметшiлер- тілік арттыру бойы Республикасы- дiң білік- жоспарына, соның ның Туризм тілігiн iшiнде мемлекеттік және спорт арттыру тiлдi үйретуге жөніндегі сәйкес мемлекеттік агенттігі қызметшiлердiң біліктілігiн артты- ру жөніндегі қызметтердi сатып алу- Бiлiктілік арттыру курстарынан өтетiн мемлекеттік қызметшiлердiң жылдық орташа саны - 18 адам- 4 009 Мемлекеттік Кеңселiк жиhаз Жыл Қазақстан органдарды сатып алу: бойы Республикасы- материал- кiтап шкафы - 20 ның Туризм дық-техника- дана; және спорт лық жарақ- киім шкафы - 20 жөніндегі тандыру дана; агенттігі екi тумбалы үстел - 20 дана; бұрыштама секциялар - 20 дана; компьютер үстелi - 20 дана; креслолар - 5 дана; орындықтар - 15 дана; баған шкафтар - 20 дана; құрама үстелдер - 20 дана- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне жүктелген
мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттік қызмет талаптарына
сәйкес, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
383-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 275160 мың теңге (екi жүз жетпiс бес миллион бір жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептердi Мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы" 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 Өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балаларға қолайлы жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық спорт мектеп-интернатының құрылысы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 002 Білім беру "2004 жылға арнал- Жыл Қазақстан объектiле- ған республикалық бойы Республикасы- рiн салу бюджет туралы" ның Туризм және қайта Қазақстан Республи- және спорт жаңарту касының Заңын iске жөніндегі асыру туралы" агенттігі Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысының 2 қосымшасына бекi- тiлген жобалық құжаттамаларға (28- 10-2003 ж. жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік сараптама) сәйкес "Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республи- калық мектеп-интер- натының құрылысын" инвестициялық жоба- сын iске асыру: құрылыс-монтаж жұмыстары; құрылыстың барысына техникалық қадаға- лау жүргiзу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы
қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернаты құрылысы бойынша (сметалық құнының 37%-i)
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
384-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 104510 мың теңге (бір жүз төрт миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 24, 43 және 44-баптары, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462, "Қазақстан спортшыларын 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (Америка Құрама Штаттары) кезектi XIX қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) ХХYIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсiптiк білімi бар біліктi мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтiк-экономикалық талаптарын қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласында жалпы республикалық мәнi мен стратегиялық маңызы бар мамандар даярлауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 003 Орта кәсiп- Білім берудiң Жыл Қазақстан тiк білімдi мемлекеттік жалпыға бойы Республикасы- мамандар бірдей мiндеттi ның Туризм даярлау стандарттарына және спорт сәйкес оқу процесiн жөніндегі өткізу- агенттігі Оқу, әдiстемелiк, мәдени-ағарту, дене шынықтыру және спорттық жұмысты бірiктiрген білім берудi жүзеге асыру- Білім берудiң бағ- дарламаларын жетiл- дiру, сондай-ақ оқу процесiн ұйымдас- тыру үшiн жағдайлар жасау- Білім берудiң мем- лекеттiк тапсырысы- на сәйкес жыл сайын Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң қаулысымен бекіті- летiн орта кәсiптiк білімi бар мамандар даярлауға оқушылар қабылдау- Жылдық орташа контингентiнiң саны - 238 оқушыны оқыту- Есептеу техникасын Республикалық сатып алу: спорт колледжі компьютерлер - 3 дана; принтерлер - 3 дана; сканерлер - 1 дана; үздiксiз қамтамасыз ету көзi - 1 дана; көшiру-көбейту аппараты - 1 дана; факсимиле аппараты - 1 дана; түптеу аппараты - 1 дана- Республикалық спорт колледжiн техника- лық жүйемен қамта- масыз ету- Республи- калық спорт колледжi ғимараты мен үймеретi шатырларын күрделi жөндеуден өткізу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: дене
шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптiк білімi бар біліктi мамандарды
даярлау. Ұлттық құрама командаларды халықаралық дәрежедегi спорт
шеберлерiмен толықтыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
385-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Туристiк және спорт объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 212800 мың теңге (екi жүз он екi миллион сегiз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан спортшыларын iрi халықаралық жарыстарға, соның iшiнде әлем чемпионаттары мен Олимпиада және Азия ойындарына орталықтандырып даярлау үшiн сапалы жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлау базасының құрылысы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 004 Туристiк Алматы облысы Жыл Қазақстан және спорт республикалық бойы Республикасы- объектiле- олимпиадалық даяр- ның Туризм рiн салу лау базасы қайта және спорт және қайта жаңарту құрылысының жөніндегі жаңарту жобасы бойынша агенттiгi смета-жобалық құжаттамалар әзiр- леу және мемлекет- тiк сараптама жүргiзу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнама
белгіленген тәртіппен бекітілген және мемлекеттік сараптамадан өткен
смета-жобалық құжаттама.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
386-қосымша
613 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары жетiстiктер спорты"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2195593 мың теңге (екi миллиард бір жүз тоқсан бес миллион бес жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 570 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының Президенттiк сынақтары туралы" 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755, "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462, "Қазақстан спортшыларын кезектi 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде (Америка Құрама Штаттары) XIX қысқы және 2004 жылғы Афиныдағы (Грекия) ХХҮIII жазғы Олимпиадалық ойындарға даярлау жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 510, "Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлем төлеудiң ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында Қазақстан Республикасының беделiн нығайту, Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру, спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары үшiн олимпиадалық резервтi мақсатты даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ұлттық құрама командаларды Азия, әлем чемпионаттарына, Олимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға сапалы даярлауды қамтамасыз ету; республикалық және халықаралық спорттық iс-шараларды өткізу және ұлттық құрама командалардың халықаралық жарыстарға қатысуы, Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларын ұстау; халық арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, жас спортшылардың спорттық шеберлiгiн арттыруды қамтамасыз ету, спорт түрлерiнiң республиканың және шет елдердiң жетекшi спортшылармен оқу-жаттығу жиындарын бірлесiп өткізу.
ҚР Үкіметінің 01.12.04 ж. № 197аг қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 005 Жоғары Спорттың 64 түрi Жыл Қазақстан жетiстiктер бойынша күнтiзбелiк бойы Республикасы- спорты спорттық iс-шара- ның Туризм ларға (республика- және спорт лық және жергiлiктi жөніндегі жарыстарға, әлем, агенттігі Азия, Еуропа чемпионаттары мен Штаттық әлем кубогы, ұлттық олимпиада ойындары командалар және Достастық және спорт елдерiнiң халықара- резерві лық спорттық дирекциясы ойындарына) қатысуы үшiн спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшы- ларды дайындау, оқу-жаттығу жиында- рын өткізу; спорт түрлерiнен ресми халықаралық жарыс- тарға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерiн бір мәрте сақтандыру, спорт түрлерiнен Қазақстан Республикасының ұлттық командалары- на алынған спортшы- ларды, жаттықтыру- шыларды материалдық, соның iшiнде мүкә- малмен және жабдық- тармен қамтамасыз ету; алдағы Олимпиада ойындары- на дайындалу жөнiнде жетекшi спортшылармен және жаттықтырушылармен шарт жасасу, кешендi халықаралық спорттық iс-шара- ларға (Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік бағдар- лама туралы Жарлы- ғын iске асыру жөніндегі iс-шара- лар жоспарының 7.3.т.) қатысу: Афиныдағы XXYIII жазғы Олимпиада ойындары- на қатысу; жоғары жетiстiктер спортын насихаттау; "Жыл спортшысы" республикалық конкурсын өткізу; спорттың олимпиада- лық түрлерi бойынша Қазақстан Республи- касының құрама командаларының және (немесе) ҚCPO құрама командалары- ның құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшылар мен жаттықтырушыларды заңнамада белгiлен- ген тәртiппен және мөлшерде материал- дық қамсыздандыру; спортшыларды диспансерлiк қада- ғалауды және емдеудi қамтамасыз ету; спортшылардың паталогиялық және паталогия алдындағы жағдайларын анықтау және түзеу мақса- тында ғылыми топтың кешендi жұмысын қамтамасыз ету; спортшыларға медициналық, консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз ету; бұқаралық спорттық iс-шаралар мен жарыстарда медици- налық қызмет көрсетудi ұйымдас- тыру және қамтама- сыз ету; спорттық iс-шаралар мен оқу-жаттығу жиында- рына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгiленген нормаларды есепке ала отырып, фарма- кологиялық қалпына келтiру құралдарын, витаминдi және белоктық-глюкозалық препараттарды сатып Спорттық алу; медициналық медицина және жабдықтар мен сауықтыру материалдар сатып орталығы алу; мүгедек спортшыларға меди- циналық көмек Спортшылардың көрсету; допингке қарсы Спорттық медицина зертханасы және оңалту орталығы үшiн арнайы сатып алу; Спортшылардың допингке қарсы зертханасы үшін арнаулы жабдықтың 3 түрiн сатып алу: иммунды-ферменттi талдауыш - 1 дана; газды хроматографқа керек-жарақтармен бірге масс-селективтi детектор - 1 дана; жоғары шешiмдi салмақ өлшеуiш (масс спектрометр) - 1 дана- Халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтер- дiң және пептидтi гормондардың болуын анықтау үшiн тестiлеуден өткізу үшiн химиялық активтер мен меди- каменттер сатып алу- Компьютер жабдығын сатып алу: сервер - 2 дана; жеке компьютер - 3 дана. Мыналарды сатып алу: свич - 1 дана; радиомодем - 1 дана; центрифугаға арналған ротор - 1 дана; кондиционерлер - 3 дана. Алматы, Астана және Өскемен қалаларында жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлерi бойынша олимпиада резервiн даярлау; әрбір спорт түрi бойынша ұлттық құрама командаға талапкер - спорт резервiмен айына 18-ден 24 күнге дейiн оқу- жаттығу жиындарын өткізу, оларды спорттық мүкәмал- дармен және киіммен қамтамасыз ету, оларды спорттың рейтингтiк жарыста- рына қатыстыру- |