Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 197аг қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 386-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
"иммундыфлуоресценттi талдауыш - 1 дана" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"газды хроматографқа керек-жарақтармен бiрге масс-селективтi детектор - 1 дана;";
"жеке компьютер - 7 дана" деген жолдағы "7" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
"жеке компьютер - 7 дана" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Мыналарды сатып алу:
свич - 1 дана;
радиомодем - 1 дана;
центрифугаға арналған ротор - 1 дана;
кондиционерлер - 3 дана.";
2) көрсетілген қаулыға 389-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының реттiк нөмiрi 2-жолы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Мыналарды сатып алу:
"КАВЗ" автобусы;
"Волга" қызметтiк автомашинасы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |