Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
319-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2748 мың теңге (екi миллион жетi жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" № 983 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастардың ғылыми, творчестволық және қоғамдық қызметтерiне қолдау жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, эстрада, театр және кино, әрлендiру және бейнелеу өнерi, классикалық музыка мен қоғамдық қызмет салаларындағы дарынды жастардың ерекше зор еңбектерiн мойындау және ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 011 Мемлекеттік Қазақстан Республи- жыл Қазақстан сыйлықтар касы Үкіметінің бойы Республикасы- мен стипен- "Дарын" Мемлекет- ның Мәдениет диялар тік жастар сыйлы- министрлігі ғын беру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасындағы жастардың ғылыми, творчестволық және қоғамдық қызметтерінің көтерілуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
320-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Театр-концерт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1269762 мың теңге (бір миллиард екi жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының театр және музыка өнерi саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұртшылықты мәдени өмiрге тарту мақсатында республика мен өңiрлер тұрғындарын концерттiк iс-шаралармен қамтамасыз ету; қазақ халқының музыкалық-поэтикалық мұрасын, қазiргi композиторлар шығармалары мен әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiн мақсатты түрде насихаттау, сол арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары мен жас ұрпаққа эстетикалық, iзгiлiктi тәрбие беру.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Театр- Жұртшылықты мәдени жыл Қазақстан концерт өмірге тарту мақса- бойы Республикасы- ұйымдарының тында республика ның Мәдениет жұмысын мен өңiрлер тұрғын- министрлігі қамтамасыз дарын концерттiк ету iс-шаралармен қамтамасыз етудегi 18 республикалық театрлық-концерттiк ұйымдардың шығынын жабу- Негiзгi активтердi сатып алу үшiн, қазақтың М-Әуезов атындағы драма театрына, Ғ-Мүсірепов атындағы қазақ балалар театрына, Сац атындағы орыс балалар театрына, кәрiс музыкалық комедия театрына, қуыршақ театрына, Қазақконцертке, Салтанат би ансамблiне, мемле- кеттiк академия театрына, Қазақстан- ның камератасына субсидия- Ғ.Мүсiрепов атындағы балалар мен жасөспi- рiмдерге арналған қазақ театрына күрделi жөндеу жүр- гiзу жобалық-смета- лық құжаттар негiзiнде- М-Әуезов атындағы мемлекеттік акаде- миялық қазақ драма театры мен М.Лермонтов атында- ғы мемлекеттік академиялық орыс драма театрын күр- делi жөндеу үшiн жобалық-сметалық құжаттар жасау. Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрiнiң және "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгiнiң ғимараттарын күрделі жөндеу үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы этностарының ұлттық мәдениетін дамыту мен байыту, жұртшылықтың мәдени қажеттілігін өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
321-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттың жалпыға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 235955 мың теңге (екi жүз отыз бес миллион тоғыз жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы" Заңының 4-бабы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан халықтарының мәдени және ақпараттық қорының маңыздың бөлiгi болып табылатын елiмiздiң кiтапханалық қорын, деректi және жазба мұрасын бүгiнгi және келешектегi ұрпақтардың мүддесiне сай сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мыналар арқылы түрлi ақпарат көздерiн жұртшылыққа сақтау мен жеткізу: Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы, Жамбыл атындағы мемлекеттік республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы, С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кiтапханасы, Зағиптер мен нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 013 Ақпараттың Қазақстан Республи- жыл Қазақстан жалпыға касының Ұлттық бойы Республикасы- қол жетім- кiтапханасын штат- ның Мәдениет дiлiгiн тық бiрлiк лимитi министрлігі қамтамасыз шегiнде қаржылан- ету дыру - 276 бiрлiк Сатып алу: кiтап қорын толық- тыру үшiн кiтаптар - 2000 дана- көрме шкафтары - 50 дана- Қазақстан оқу залдарына арнал- Республикасы- ған кондиционерлер ның Ұлттық - 10 дана- кітапханасы Жамбыл атындағы мемлекеттік респу- Жамбыл атында- бликалық жасөспi- ғы мемлекеттік рiмдер кiтапхана- республикалық сын штаттық бiрлiк жасөспірімдер лимитi шегiнде кітапханасы қаржыландыру - 50 бiрлiк. Сатып алу: әдебиеттер - 1840 бiрлiк С.Бегалин С.Бегалин атындағы мемлекеттік атындағы республикалық бала- мемлекеттік лар кiтапханасын республикалық штаттық бiрлiк балалар лимитi шегiнде кiтапханасы қаржыландыру - 78 бiрлiк- Сатып алу: әдебиеттер - 1100 бiрлiк. Зағиптер мен нашар Зағиптер мен көретiн азаматтарға нашар көретін арналған республи- азаматтарға калық кiтапханасын арналған штаттық бiрлiк республикалық лимитi шегiнде кітапханасы қаржыландыру - 36 бiрлiк. Сатып алу: әдебиеттер - 1335 бiрлiк. брайлев принтерi - 1 дана. ДАТ-902 студиялық магнитофоны - 1 дана. "Книголюб" оқитын машинкасы - 1 дана. ксерокс - 1 дана. Астана қаласындағы Астана қала- Қазақстан Республи- сындағы касының ұлттық Қазақстан кiтапханасын штат- Республикасы- тық бiрлiк лимитi ның ұлттық шегiнде қаржылан- кiтапханасы дыру - 70 бiрлiк- Сатып алу: жеңiл көлiк - 1 дана. микроавтобус - 1 дана. әдебиеттер - 10000 дана. компьютерлер - 18 дана. көбейткiш аппарат - 1 дана. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: оқырмандар қажетiн толықтай, өз уақытында және нақты түрде өтеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
322-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мәдениет объектiлерiн дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты инвестициялық
трансферттер"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 3410000 мың теңге (үш миллиард төрт жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет объектiлерiн өркендету.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында цирк, "Думан" ойын-сауық объектiлерiнiң кешенiн салу және Ұлытау тауына Қазақстан халықтарының бiрлiгi мен мемлекеттік тұтастығын бiлдiретiн монумент орнату үшiн қаржы бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 014 Мәдениет Қазақстан Республи- жыл Қазақстан объектiле- касының 2003 жылдың бойы Республикасы- рiн дамы- 2 желтоқсанындағы ның Мәдениет туға облыс- № 1260 қаулысының министрлігі тық бюджет- 2 қосымшасына орай терге, мәдени объектiлер- Астана және дiң дамуына - Алматы мақсатты инвести- қалаларының циялық трансферт- бюджеттерi- тер аудару не берiле- тiн мақсатты инвестиция- лық транс- ферттер |
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласында 2000 орындық цирктiң құрылыс-монтаждық жұмыстарын сметалық құнынан 62,95 % көлемiнде орындау және Ұлытау тауында Қазақстан халықтарының бiрлiгi мен мемлекеттік тұтастығын бiлдiретiн монумент орнатып бiтiру, Астана қаласында "Думан" ойын-сауық объектілерiнiң кешенiн салу.
ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
322-1-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мәдени объектілерiн салу және қайта жаңарту"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: материалдық-техникалық базасын құру және мәдениет ұйымдары ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мәдениет ұйымдары ғимараттарын салу және қайта құруды жүргiзу жөнiнде мемлекеттік сараптама және жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
N п/п | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кiшi бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 015 Мәдени объек. Немiс театрының жыл Қазақстан тілерiн салу негiзгі ғимаратына бойы Республи. және қайта қосымша құрылысты касының жаңарту және Мемлекеттік Мәдениет академиялық би министрлігі театрының көрермен. дер залының құрылы. сын аяқтау үшiн ЖСҚ мен мемлекеттік сараптаманы дайын. дау және жүргiзу жөніндегі iс-шара. ларға Қазақстан Республикасы Үкiме. тiнің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республи. касының Заңын iске асыру туралы" қау. лысының 2-шi қосымшасына сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Немiс театрының негiзгi ғимаратына қосымша құрылысты және Мемлекеттік академиялық би театрының көрермен залының құрылысын аяқтау үшiн белгiленген тәртiппен бекітілген және мемлекеттік сараптамадан өткен, жобалау-сметалық құжаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
323-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3992 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз тоқсан екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2001-2005 жылдарда Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықты нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң зияны туралы ақпараттық қамтамасыз ету; халықты ақпараттық-психологиялық қорғау, есiрткiлiк имунитеттi қалыптастыру, caлауатты өмiр салтын насихаттау, нашақорлық және есiрткi бизнесiмен күреске бағытталған iс-шаралар жүргiзу, есiрткi пайдаланушыларды сауықтыру және оңалту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 104 Нашақорлық- Нашақорлыққа және жыл Қазақстан қа және есірткі бизнесімен бойы Республикасы- есірткі күресті насихаттау ның Мәдениет бизнесіне негізінде форум министрлігі қарсы және конкурс күрес өткізу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес профилактикасының жүйесін нығайту, есірткіні пайдалануға байланысты проблемаларды шешуде қоғамды барынша шоғырландыруға қол жеткізу. Астана қаласының мәдени, рухани келбетiн жақсарту мен одан әрi дамыту