Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
316-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекет қайраткерлерiнiң бейнесiн мәңгi есте сақтау"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7600 мың теңге (жетi миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлердi мәңгi есте сақтауға арналған шараларды ұйымдастыру және өткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: белгiлi мәдениет қайраткерлерiне қаралы жаназаларды, еске алатын түскi тамақты, салттық қызметтердi, бейне-таспалар мен суретке түсiрудi ұйымдастыру, БАҚ-на жариялаулар (көңiл айту, некролог), мемориалды тақтайлар мен ескерткiштер дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 008 Мемлекет Мәдениет және өнер жыл Қазақстан қайраткер- саласындағы бел- бойы Республикасы- лерiнiң гілі қайраткерлердi ның Мәдениет бейнесiн мәңгi есте сақтауға министрлігі мәңгi есте арналған шараларды сақтау ұйымдастыру және өткізу- Белгiлi мәдениет қайраткерлерiне қаралы жаназаларды, еске алатын түскi тамақты, салттық қызметтердi, бейне-таспалар мен суретке түсiрудi ұйымдастыру, БАҚ-на жариялаулар (көңiл айту, некролог), мемориалды тақтай- лар мен ескерткiш- тер дайындау- Москва қаласындағы Ш-Уәлиханов және Ф.Достоевский ескерткiштерiнiң шығын-жоба құжат- тары. Синельково (Украина) қаласында қатардағы жауынгер Алғадай Жамбыловқа және Москва қала. сында Б.Момышұлына мүсiндер салу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мәдениет пен өнер саласындағы белгiлi қайраткерлердi мәңгi есте сақтау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
317-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жастар саясатын жүргiзу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140571 мың теңге (бip жүз қырық миллион бес жүз жетпiс бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы "Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" № 73 Өкімі; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 ақпандағы "Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы" № 155 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы "Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет құру туралы" № 340 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастардың әлеуметтiк даму барысында, экономикалық және құқықтық, ұйымдастыру жағдайларын жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: балалар мен жастар қоғамдық ұйымдарының қызметтерiн қолдау; еңбек рыногына жастардың интеграциялануына арналған шарттарды құру; жастардың әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау; халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту; жастар ортасында азаматшылық пен патриоттықты дамыту; талантты жастарды қолдау; мемлекеттік жастар саясатының iске асырылуын ақпараттық қамтамасыздандыру; жастардың білім алу деңгейiнiң көтерiлуiне ықпал жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 Жастар 1- ?кіметтiк емес жыл Қазақстан саясатын ұйымдар мен мемле- бойы Республикасы- жүргізу кеттiк құрылымдар- ның Мәдениет дың қатысуымен министрлігі жастардың әлеумет- тiк-экономикалық проблемаларына арналған семинар- лар, конференция- лар, дөңгелек үстелдер өткізу- 2. "Патриот" Республикалық акциясы: "Жас ұлан" жауынгерлер өлеңдерiнiң фести- валi. 3. ҚР аймақтарында мемлекеттік жастар саясатының орында- луы жөнiнде монито- ринг жүргiзу: жұмыс сапарлары және мақсатты топтармен кездесу. 4. Жастар саясаты- ның өзектi сұрақта- ры жөнiнде ақпарат- тық бюллетендер, кепiлдемелер мен әдiстемелiк құрал- дар шығару. 5. Жастардың халық- аралық алмасуы аясында халықаралық семинарлар өткізу- 6. Қазақстан жаста- рының ІІI Конгрес- сiн өткізу- 7. Жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау және бұқаралық спорт жөнiнде конференция өткізу. 8. Тәуелсiз мемле- кеттер достығы арасында өткiзiле- тiн Екiншi жастар Дельфий ойындарына қатысу- 9. Жастарға арнал- ған әлеуметтiк бағытталған бағдар- лама аясында өткiзiлетiн iс- шара, оның iшiнде жастардың әлеумет- тiк қызметiн ұйымдастыру- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жас азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз етуге ықпал ету, халықтың аз қамтылған бөлiгiне әлеуметтiк құқықтар мен кепiлдiктер беру. Жас ұрпақты дамыту саласында жастарға және бастамаларын қолдауға арналған әлеуметтiк қызметтер жүйесiн құруға бағытталған жастардың әлеуметтiк мәнi бар жобалары конкурсын мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстарды орналастыру арқылы балалар мен жасөспiрiмдердi және жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметiн сапалы жақсарту. Жастарды ақпараттық қамтамасыз ету; мемлекеттік құрылымдардың республиканың жастар ұйымдарымен байланыс тетiктерiн құру және жетiлдiру; жастар ұйымдарын белсендi араластыра отырып, республика аймақтарында жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыруға жағдай жасау. Жастардың білім беру және мәдени деңгейiн көтеруге, сондай-ақ спорттық шараларға қызығушылығын ұлғайту және салауатты өмiр салтын насихаттауға ықпал ету. Шағын және орта бизнес саласында жастардың жеке кәсiпкерлiкпен айналысуына ұйымдастырушылық, құқықтық және білім беру алғышарттарын құру. Шет елдерде республиканың оң имиджiн қалыптастыру, әрiптес елдер арасында достық қарым-қатынастарды бекіту мақсатында халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту және дамыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
318-қосымша
235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік және басқа да тiлдердi дамыту"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80767 мың теңге (сексен миллион жетi жүз алпыс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 23, 25, 26-баптары; "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы тiл саясаты концепциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы туралы" 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 856 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолдану аясын кеңейту туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Тiлдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту және нығайту; орыс тілінiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; этникалық топтардың тiлдерiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттік тiлдiң iс жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік тiлде қызмет мiндеттерiн орындауда қажеттi деңгейде меңгеруiне жағдай жасау; оқулықтар, оқу-әдiстемелiк әдебиеттерiн, анықтамалықтарды, сөздiктердi және т.б. әзiрлеп баспаға дайындау; қазақ тілінiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ алфавитi мен емлесiн жетiлдiру; қазақ терминологиясын жетiлдiру; мемлекеттік тiлдi дамытуға бағытталған iс-шараларға ақпараттық-насихаттық қолдау көрсету; мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілінiң ресми тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету; этникалық топтар (диаспоралар) өкiлдерiн ана тілінде оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Мемлекеттік 15 томдық "Қазақ жыл Қазақстан және басқа тілінiң түсiндiрме бойы Республикасы- да тiлдердi сөздiгiнiң" 5 томын ның Мәдениет дамыту құрастыру және министрлігі әзiрлеу- Қазақстан Республи- касы Үкіметі жанын- дағы Мемлекеттік терминология комис- сиясының бюллетенiн құрастыру және шығару (5 түpін)- Қазақстан Республи- касы Үкіметі жанын- дағы Мемлекеттік ономастика комиссия- сының бюллетенiн құрастыру және шығару (2 түрiн)- "Қазақ тілінiң терминологиялық компьютерлiк базасын қалыптасты- ру проблемалары" атты ғылыми-әдiсте- мелiк семинарын өткізу. "Қоғам және тiл" республикалық арнайы альманахын шығару (жылына екi рет). "Қазақ терминология- сының ғылыми-әдiсте- мелiк негiзi" атты ғылыми-әдiстемелiк конференция өткізу- Қазақ тілі қоғамы- ның құрылтайы- Мемлекеттік тiлдiң маңызды мәселелерi жөніндегі республи- калық конференция- лар, дөңгелек үстелдер, семинар- кеңестер (тiлдiк орта құру жөніндегі iс-шаралар). Түрiк жазба мәселе- рi жөніндегі дөңге- лек үстел өткізудi ұйымдастыру. Қазақстан Республи- касы Үкіметі жанын- дағы Мемлекеттік ономастика комис- сиясының мәжілісте- рiн өткізу- Треминология, ономастика мемлекет- тiк тiлдi дамытудың маңызды мәселелерi жөніндегі әдiстеме- лiк әдебиеттер әзiрлеу және шығару (4 түрін). "ХХ ғасыр лингвист- терi" сериясын әзiрлеу. Мемлекеттік тiлдi тереңдетiп оқыту жөніндегі оқулықтар оқу-әдістемелік құралдарын әзiрлеу және шығару (3 денгейлi). Қазақстан Республи- касы Үкіметі жанын- дағы Мемлекеттік терминология комис- сиясының мәжілісте- рiн өткізу. "Тiл саясаты: қоғамдық өмiрдiң барлық саласында мемлекеттік тiлдi қолданудың өзектi мәселелерi" атты - әлеуметтiк зерттеу. "Тiл саясаты: топонимиканың өзектi мәселелерi" атты сараптамалық баянда- масын әзiрлеу- Қазақстан халықтары тiлдерiнiң IV рес- публикалық фести- валi- Республикалық ҰMO жанындағы жексенбi- лiк мектептер арасындағы байқау, ұлттық жаңғырту мектептерi және жексенбілік мектеп- тер мұғалiмдерiнiң республикалық семи- нары. Дәстүрлi республи- калық О.Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерiнiң байқауы. Қазақ халқының тілі мен салт-дәстүрiне арналған түрлi ұлт жастары арасындағы байқау. Қазақ тілін жедел- детiп (тереңдетiп) оқыту жөніндегі оқулықтарды, оқу құралдарын және компьютерлiк бағдар- ламаларды әзiрлеу және шығару- Дүниежүзiлiк Интернет желісін- дегi қазақ тiліндегі WWW,qazaqtili,com веб-порталын жетiлдiру- Ана тiлдерiн оқыта- тын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң бiрыңғай мемлекеттік тiл саясатын iске асыруға қатысуын қамтамасыз ету- Орфоэпиялық анықта- ғыш әзiрлеп шығару- Қазақ тілі лексика- сының "Қазына" компьютерлiк қорын жасау. Ономастиканың өзек- тi мәселелерi жөніндегі республи- калық ғылыми-прак- тикалық семинар - әзiрлеп өткізу- "Қазақ терминогра- фиясының өзектi мәселелерi" атты ғылыми-практикалық семинар әзiрлеп, өткізу- "Өңiрлiк жердегi ономастикалық ахуал: мәселелерi мен болашағы" атты өңiр- лiк ғылыми-практи- калық семинар өткізу- "Тiл саясатын бақы- лау және жүзеге асыру" атты мемле- кеттiк органдар өкiлдерiмен 2003 жыл қорытындысы жөніндегі семинар- кеңес өткізу- "Мемлекеттік тiлдiң мәртебесiн көтеру- азаматтық парызымыз" атты республикалық телемарафон өткізу- "Теле-радио журналистерiнің қазақ тіліне тән дыбыстар. ды дұрыс айту: "Қәнеки, тiл ұстар- талық". |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру Қазақстан аумағында пайдаланылатын тiлдердiң қажеттi функционалдық арақатынасының жетiстiгiмен айқындалатын, елде оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңестiк құруды көздейдi. Бұл мыналар: мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік тiлдiң мәртебесiн нығайту; қазақ тілін үйренудегi мүмкiндiктерiн кеңейтуге бағытталған оқулықтар, оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, сөздiктер, компьютерлiк бағдарламалармен қамтамасыз ету, қазақ терминология базасын дамыту мен нығайту, тiлдердi қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шаралары жөнiнде оңтайлы пiкiр қалыптастыру; ана тiлдерiн оқытатын жексенбілік мектептер жүйесi арқылы этникалық топтардың тiлдерiн дамытуға жағдай туғызу.