10) тармақшадағы "қорғау жөнiндегі органның" деген сөздер "қорғау жөніндегі органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 627-бапта:
үшiншi бөлiкте:
"адамдардың" деген сөзден кейiн "не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
"иесiнiң" деген сөз "аталған адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiкте:
", оның" деген сөз "не оның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңды өкiлiне" деген сөздерден кейiн "немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi бөлiкте:
", куәгерлер" деген сөз "не оның өкiлi" деген сөздерменауыстырылсын; "хаттамаға қол" деген сөздiң алдынан ", оның өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
164) 628-баптың бесiншi бөлiгіндегі "атқарушы билiк органы" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
165) 629-баптың екiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және Шағын көлемдi кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекцияның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
166) 630-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"Кодекстiң" деген сөзден кейiн "283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306," деген цифрлармен толықтырылсын;
"462, 466-469" деген цифрлар "461, 467-471," деген цифрлармен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк "автомобиль полициясының" деген сөздерден кейiн ", орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiкте ", мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiсiн алып қою" деген сөздер алып тасталсын;
167) мынадай мазмұндағы 632-1-баппен толықтырылсын:
"632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiсi болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
168) 636-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
1) тармақшада:
екiншi абзацта:
"135" деген цифрдан кейiн ", 135-1" деген цифрмен толықтырылсын;
"136" деген цифрдан кейiн ", 143" деген цифрмен толықтырылсын;
"298 (екiншi-төртiншi бөлiктерi)" деген сөздер ", 203, 283 (бiрiншi бөлiгi), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
"336 (үшiншi бөлiгi)" деген сөздерден кейiн ", 336-1 (үшiншi бөлiгi)" деген сөздермен толықтырылсын;
"340" деген цифрдан кейiн ", 344, 354-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
"368 (екiншi бөлiгi)" деген сөздер ", 368, 369 (екiншi бөлiгi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"394" деген цифр ", 394 (екiншi бөлiгi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган органдарының (314, 356-баптар);";
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);";
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 356-баптар);";
оныншы абзацтағы "342-352" деген цифрлар "342-344 (бiрiншi бөлiгi), 345-352" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екiншi абзац алып тасталсын;
он үшiншi абзац "карантинi" деген сөзден кейiн "және оларды қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (139 (екiншi бөлiгi), 309-2 (төртiншi бөлiгi) - баптар);";
он төртiншi абзацта:
"140" деген цифрдың алдынан "127," деген цифрмен толықтырылсын;
"140 (екiншi бөлiгi), 142, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 162, 163" деген сөздер алып тасталсын;
он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi) - баптар);";
он алтыншы абзацтағы "(229-бап)" деген сөздер "(225-1, 229-баптар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85, 140 (екiншi бөлiгi), 161 (үшiншi бөлiгi), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231, 233, 235 (екiншi бөлiгі), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 324, 326-328, 329 (екiншi бөлiгi), 356, 362, 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi) - баптар;";
он сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (356, 491 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 496 (екiншi бөлiгі), 498 (екiншi бөлiгi), 501-баптар);";
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"көлiк бақылау органдарының (329 (екiншi бөлiгі), 329-1 (екiншi бөлiгi), 356, 453 (екiншi бөлiгі), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 502-баптар);";
жиырма бiрiншi абзацтағы "172, 188, 203" деген цифрлар алып тасталсын;
жиырма екiншi абзац алып тасталсын;
жиырма үшiншi абзацтағы ("188" деген цифр алып тасталсын;
жиырма төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы органдарының" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (163, 213, 214-баптар);";
жиырма жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"салық органдарының (137, 138, 154-157, 213, 214, 359, 361, 532-535-баптар);";
жиырма сегiзiншi абзацта:
"140 (екiнші бөлiгi)" деген сөздерден кейiн ", 188" деген цифрмен толықтырылсын;
"203" деген цифр алып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзацта:
"129" деген цифрдан кейiн ", 137" деген цифрмен толықтырылсын;
"513, 516, 517, 524, 525, 528" деген цифрлар алып тасталсын;
отызыншы абзацта:
"белгiлi бiр қызмет түрiне лицензия берген органдардың" деген сөздер "заңдарға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"138" деген цифрдың алдынан "137," деген цифрмен толықтырылсын;
"139" деген цифрдан кейiн "(екiншi бөлiгi)" деген сөздермен толықтырылсын;
"302 (үшiншi бөлiгi)" деген сөздерден кейiн ", 342 (екiншi бөлiгi), 343 (бiрiншi бөлiгi), 348 (үшiншi бөлiгi)" деген сөздермен толықтырылсын; отыз бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"монополияға қарсы органның (147 (үшiншi бөлiгi), 149, 150, 153, 356-баптар);";
мынадай мазмұндағы отыз екiншi абзацпен толықтырылсын:
"шағын бизнестi қолдау жөніндегі органдардың (149, 150, 153, 356-баптар);";
отыз екiншi абзац "142" деген цифрдан кейiн ", 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
отыз төртiншi және отыз бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының (127-1, 223-225-баптар);";
отыз алтыншы абзац "226" деген цифрдың алдынан "127," деген цифрмен толықтырылсын;
отыз сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"шекара қызметi органдарының (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (үшiншi бөлiгi), 393-баптар;";
мынадай мазмұндағы қырық бiрiншi, қырық екiншi абзацтармен толықтырылсын:
"сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөніндегі уәкiлеттi органның (184-бап);
мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (356, 396 (екiншi бөлiгi) баптар;";
3) тармақшада:
"138" деген цифрдың алдынан "137," деген цифрмен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
"576" деген цифр "576-3" деген цифрлармен ауыстырылсын;
соңғы абзацтағы (111-117-баптар) деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"түзеу мекемелеріндегі немесе тергеу изоляторларындағы бақылаушының (367-бап);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);
жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.";
169) 637-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "344-347" деген цифрлар "342-352" деген цифрлармен ауыстырылсын;
170) 640-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "бip тәулiк" деген сөздер "жасалған кезден бастап үш тәулiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
171) 642-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "295, 296, 298, 298-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
172) 647-баптың үшiншi бөлiгi "әкiмшiлiк қамауға" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге" деген сөздермен толықтырылсын;
173) 651-баптың бесiншi және алтыншы бөлiктеріндегі "5, 6" деген цифрлар тиiсiнше "4, 5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
174) 652-баптың екiншi бөлiгіндегі "жеке адамға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға)" деген сөздермен толықтырылсын;
175) 654-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.";
екiншi бөлiктегi "лауазымды адамдар" деген сөздерден кейiн "жеке қаулыны және" деген сөздермен толықтырылсын;
176) 668-баптың үшiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасындағы "алтыншы" деген сөз "бесiншi" деген сөзбен ауыстырылсын;
177) 703-баптың төртiншi бөлiгіндегі "созылған мерзiмге" деген сөздер "ұзарту мерзiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
178) 707-баптың бiрiнші бөлiгi "адам" деген сөзден кейiн "айыппұл салу туралы қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейiннен хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
179) 717-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiк бақылау комитетi" деген сөздер "байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының