4) тармақшада:
"164" деген цифр алып тасталсын;
"283" деген цифр "298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300" деген сөздермен ауыстырылсын;
"336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздерден кейiн ", 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"463" деген цифр "463 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "463 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "463 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша "473" деген цифрдан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"161 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
"283, 298 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"323," деген цифр алып тасталсын;
", санитариялық" деген сөз алып тасталсын";
мынадай мазмұндағы қосымша 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын;
"10) осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн (iшкi iстер жүйесiнiң тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн) - iшкi iстер органдары жүйесi тергеу изоляторларының бастықтары;
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.";
129) 544-бапта:
бiрiншi бөлiк "277" деген цифрдан кейiн ", 284" деген цифрмен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
екiншi абзацтағы "онға дейiнгi" деген сөздер "жиырма беске дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "беске дейiнгi" деген сөздер "онға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац "инспекторлары" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік инспекторлары" деген сөздермен толықтырылсын;
130) 545, 546-баптар алып тасталсын;
131) 548-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"548-бап. Көлiк бақылау органдары
1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 246, 247, 439, 440, 441, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459-460 (әуе кемелеріндегі, теңiз көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 463 (бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде iрi көлемдi немесе қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, сондай-ақ салмақ немесе көлем параметрлерi белгiленген нормативтерден асып түсетiн көлiк құралдары арнаулы рұқсатсыз жүрiп өткен жағдайларда), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 (әуе кемелеріндегі, теңiз көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Көлiк бақылау органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
осы Кодекстiң барлық баптары бойынша көлiк бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
139 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 441, 447, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 463 (екiншi бөлiгiнде), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - көлiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы керек.";
132) 549-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 459, 460," деген цифрлармен толықтырылсын;
"488-490" деген цифрлардың алдынан "479-481," деген цифрлармен толықтырылсын;
"495" деген цифр "494 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"497" деген цифрдан кейiн ", 498 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның Астана және Алматы қалалары және облыстар бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары" деген сөздер "Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
133) 550-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;";
134) 553-баптың бiрiншi бөлiгi:
"89" деген цифрдан кейiн ", 139 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"221" деген цифрдан кейiн ", 270" деген цифрмен толықтырылсын;
"(техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 504" деген цифрмен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға ведомстволық бағынысты," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларының бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы";
135) 554-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган";
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-250, 261, 264-266, 270-272, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгінде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
екiншi бөлiкте:
екiншi абзацта:
"табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он беске дейiнгi" деген сөздер "жиырма беске дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "жиырма беске дейiнгi" деген сөздер "елуге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "елуге дейiнгi" деген сөздер "жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта:
"жүзге дейінгі" деген сөздер "жүз елуге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторларының және мемлекеттік аға инспекторларының ұсынуы бойынша заңды тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша барлық хаттамалары мен қаулыларын бекiтедi." деген сөздер алып тасталсын;
136) мынадай мазмұндағы 554-1-баппен толықтырылсын:
"554-1-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі
уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 259-275, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.";
137) 555-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"Кодекстiң" деген сөзден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"141" деген цифрдан кейiн ", 187 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
138) 556-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "503-512" деген цифрлар "503, 505-512" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы "503-512" деген цифрлар "503, 505-512" деген цифрлармен ауыстырылсын;
139) 557-бапта:
тақырыбындағы және бiрiншi бөлiктегi "санитариялық" деген сөз "санитариялық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiкте:
"санитариялық" деген сөз "санитариялық-эпидемиологиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"323-бабында" деген сөздер "89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiнші бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(бұл тәртiп бұзушылықтар, автокөлiк құралдарын шығаруға немесе пайдалануға байланысты тәртiп бұзушылықтарды қоспағанда, атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегі санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды бұзу болып табылса)" деген сөздер алып тасталсын;
"ережелер мен нормаларды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ талаптарды" деген сөздермен толықтырылсын;
140) 560-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"Кодекстiң" деген сөзден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"294," деген цифр алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
екiншi абзацта:
"онға дейiнгі" деген сөздер "жиырмаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"елуге дейiнгi" деген сөздер "жиырмаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта:
"өсiмдiктер карантинi жөніндегі" деген сөздерден кейiн "бac мемлекеттік инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар" деген сөздермен толықтырылсын;
"елуге дейiнгi" деген сөздер "жүзге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта:
"мен шекаралық посттардың" деген сөздер ", шекаралық пункттер мен посттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
"беске дейiнгi" деген сөздер "онға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
141) мынадай мазмұндағы 560-1, 560-2-баптармен толықтырылсын:
"560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 294, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiк қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.";
142) 561-бапта:
бiрiншi бөлiгіндегі "127," және ", 314" деген цифрлар алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының жерасты суларын қорғауды бақылау мәселелерiн басқаратын орынбасары" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң үшiншi абзацындағы "табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жүйесiнiң" деген сөздер "cу ресурстары жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
143) 562-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік мекемелердiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.";
144) 563-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "120, 121" деген цифрлар "118-121, 139 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
145) 564-бап алып тасталсын;
146) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
147) 566-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "161 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "139 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164" деген сөздермен ауыстырылсын";
148) 568 және 569-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"568-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс
инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдары осы Кодекстiң 130, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөніндегі басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
149) 570-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi бөлiгiнде), 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 146, 166, 205-212, 215-219, 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";
150) 570-1-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";
151) 571-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"Кодекстiң" деген сөзден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"167," деген цифр алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржылық бақылау комитетiнiң төрағасы мен оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы.";
3) тармақша алып тасталсын;
152) мынадай мазмұндағы 571-1-баппен толықтырылсын:
"571-1-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу
жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";
153) 572-бапта:
бiрiншi бөлiк "Кодекстiң" деген сөзден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "мен оның орынбасарлары" деген сөздер ", оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
154) 574-баптың бiрiншi бөлігіндегi "(екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "(бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 575-бапта:
бiрiншi бөлiк "391 (бiрiншi бөлiгінде)" деген сөздерден кейiн ", 391-1 (бiрiншi және екiншi бөліктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
"жиырма беске дейiнгі" деген сөздер "елуге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бec жүзге дейiнгi" деген сөздер "екi мыңға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктiң 1) тармақшасының соңындағы нүктелi үтiр алып тасталсын және "құқылы." деген сөздермен толықтырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
156) 576-бапта:
бiрiншi бөлiк "Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "139 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алып тасталып, "агенттiгiнiң" деген сөз "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта:
"Қазақстан Республикасының" деген сөздер алып тасталып, "агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздер "уәкiлеттi органның басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"елуге дейiнгi" деген сөздерден кейiн ", жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;
157) мынадай мазмұндағы 576-1, 576-2 және 576-3-баптармен толықтырылсын:
"576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар 139-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң бастықтары құқылы.
576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесінің тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін) қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауіпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.";
158) 589-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы "бoлca" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, "қорғаушының қатысуы мiндеттi." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) әкiмшiлiк жауапқа тартылушы адам кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қатысуы мiндеттi.";
159) 607-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
160) 611-баптың он үшiншi бөлiгiнiң мемлекеттік тiліндегі мәтiнiнде "мүмкiндiк бермейтiнiне" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;
161) 619-баптың бiрiншi бөлiгi "жеке адамды" деген сөзден кейiн ", заңды тұлғаның заңды өкiлiн" деген сөздермен толықтырылсын;
162) 620-бапта:
1) тармақша "бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;