тұтыну
Шығарындыларды, ағындыны, зиянды физикалық әсердi жол берiлетiн шектi нормативтерден асырып жiберу, сондай-ақ осыған арнайы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың рұқсатын алмай ластаушы заттарды атмосфераға шығару, сарқынды суды ағызу, өндiрiс қалдықтарын орналастыру және тұтыну, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
46) 246-бапта:
бiрiншi бөлiк "Шығарылған" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
47) 247-бапта:
бiрiншi бөлiк "Шығарылған" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
48) 256-баптың бiрiншi абзацы "Азаматтардың" деген сөзден кейiн "және заңды тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
49) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
және зақымдау
1. Ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау, -
заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары мен аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онсыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын, себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары мен аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онсыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде,
заңды тұлғаларға - екi жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
50) 284-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
"беске дейiнгi" деген сөздер "онға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "жиырма беске дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "онға дейiнгi" деген сөздер "жиырма беске дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
51) 285-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер
дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын,
екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың
белгiленген тәртібін бұзу
1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртібін бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
52) 286-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн
қайтару мерзiмдерiн бұзу";
бiрiншi бөлiк "Орман" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
53) 287-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
54) 289-бапта:
екiншi бөлiктiң екiншi абзацы "жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздерден кейiн ", заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарғa - елуге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
55) 290-бапта:
бiрiншi бөлiк "Орманды" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
56) 291-бапта:
бiрiншi бөлiк "Орманның" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
57) 293-бапта:
тақырыбындағы және бiрiншi абзацтағы "дайындау" деген сөз "дайындауға жол беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
58) 294-бапта:
бiрiншi бөлiк "Өсiмдiк" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
59) 295-бапта:
бiрiншi бөлiк "Өсiмдiктер" деген сөздiң алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
60) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"297-бап. Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн
зақымдау немесе жою
Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн: географиялық дақылдарды, артықшылығы бар екпелердi, артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдарын, клондар мұрағатын, тұқымдық орман алқаптарын, тұқымдық орманның тұрақты учаскелерiн зақымдау немесе жою, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
61) 298-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау ережелерiн өрескел бұзу (тиiстi рұқсатсыз немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе әдiстермен аң аулау), -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тiкелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.";
62) мынадай мазмұндағы 298-1-баппен толықтырылсын:
"298-1-бап. Балық аулау және балық қорларын қорғау
ережелерiн бұзу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балықты өнеркәсiптiк жолымен аулау және балық аулау), сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -
құқық бұзушылық жасау құралы немесе тікелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
63) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"20-тарау. Карантиндiк ережелер, астық рыногы және астық
сақтау, тұқым шаруашылығы және ветеринариялық
қадағалау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық";
64) мынадай мазмұндағы 309-1 және 309-2-баптармен толықтырылсын:
"309-1-бап. Астықты сақтау және өткізу жөніндегі қызметтi
жүйеге асыру кезіндегі құқық бұзушылық
1. Заңдарда тыйым салынған не астық қабылдау кәсiпорнының құқық қабiлеттілігi шегiнен тысқары операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру, -
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының өзi берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындамауы, сондай-ақ астықты сан-сапа жағынан есепке алу мен астықты сақтау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің мыңнан eкi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының астық операциясы есебiнiң белгiленген тәртібін бұзуы, сол сияқты астықты иелерiнен сақтауға қабылдаған немесе иелерiне берген кездегi астық сапасының көрсеткiштерiн бұрмалауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсiпорындарының заңдарда белгiленген құжаттарды жасамауы, сол сияқты дер кезiнде жасамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Экспорт және импорт кезiнде астықты iшкi рынокта тиiстi сапа сертификаттарынсыз өткізу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымы адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтаушы астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың кез келген мөлшерiн тиеп жөнелтуi, сол сияқты оны көлiк ұйымдарының уәкiлеттi органмен алдын ала келiспей әкетуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Уақытша басқару жөніндегі комиссия немесе уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде заңдарды астық қабылдау кәсiпорнына материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылық
1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген біліктілік талаптарын бұзуы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.";
65) 310-баптың 9) тармақшасының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
66) 312-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.";
67) 313-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.";
68) мынадай мазмұндағы 319-1-баппен толықтырылсын:
"319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды өткізу мен тұтынудың жолын кесуге
шаралар қолданбау
1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
қызметi тоқтатыла тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онысыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
69) 320-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "Кәмелетке" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, осы сөздiң алдынан "16 жасқа дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын;
70) 323-бапта:
тақырыбы "ережелердi және нормаларды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ гигиеналық нормативтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi абзац "ережелердi және нормаларды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ гигиеналық нормативтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
71) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"333-бап. Тыныштықты бұзу
Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, соның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
72) мынадай мазмұндағы 336-1-баппен толықтырылсын:
"336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге
тыйым салуды бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының зияндарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
73) 342-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
құралдары туралы заңдарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шыққаннан кейiн тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тiлдегi хабарларды уақыты жағынан телерадиохабарлар арналарында басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
баспа немесе өзге де өнiм тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға телевизиялық және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларды тарату құқығына берiлген лицензиядан айыра отырып, екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
74) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн, сол сияқты
өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының
аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -