"Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 981 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушісi, төраға;
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Құсайынов Нұрлан Жетпiсұлы - "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |