"Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының
кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 981 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-экономикалық талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |