Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым
белгiсiнiң сипаттамасын және оларды қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 шілдедегі № 723 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1094 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнiң 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы және оларды қолдану ережесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасын және оны қолданудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 маусымдағы № 932 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 24, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 шілдедегi
№ 723 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы кеден органдарының
айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесi
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы - жоғары бөлiгi көгiлдiр түстi, ал төменгi бөлiгi жасыл түстi кездеме. Көгiлдiр түс Қазақстан Республикасының ұлттық жалауын, жасыл түс мемлекеттік шекаралардың жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық белгiсiн бiлдiредi. Көгiлдiр және жасыл түстердiң арақатынасы 50:50 теңдiгiн құрайды. Тең ортасында бiздiң планетаны бiлдiретiн 8 қырлы алтын жұлдызы бар ақ шеңбер, және онда - алтындалған жiңiшке жиектi алтын шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың iшiнде алтын реңде жоғары жақта ақ әрiптермен «Кеден» деп және төменгi жағында «Customs» деп жазылған. Жалау енiнiң оның ұзындығына қатынасы 1-қосымшаға сәйкес 1:1,5.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы және оның бейнесi мөлшерлерiне қарамастан, 1-қосымшаға сәйкес оның түрлi-түстi және схемалық бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуi тиiс.
Айырым жалауы кеден органдарының иелiгіндегі өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдарының мекемелерiнде қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi (эмблемасы) iшiнде көгiлдiр реңдегi алтын шаңырақ бейнеленген 8 қырлы алтын жұлдыз. 2-қосымшаға сәйкес шаңырақтың үстiнде алтын реңдегi жұлдыздың iшiнде ақ әрiптермен «Кеден» деп және шаңырақтың астында «Customs» деп жазылған.
Айырым белгiсi (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгіндегі көлiк құралдарының барлық түрлерiнде қолданылады және екi жағынан симметриялы орналастырылады.
Айырым белгiсiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы айқындайды.
Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгісі
[Графикалық нысанды қараңыз]