Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен
айырым жалауының сипаттамасын және оны қолданудың тәртібін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997
жылғы 6 маусымдағы № 932 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.07.03 ж. № 723 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 маусымдағы № 2368 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасы және оны қолданудың тәртібі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 6 маусымдағы
№ 932 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым
белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасы және
оны қолданудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi (эмблемасы) - iшiнде көгiлдiр реңдегi алтын шаңырақ бейнеленген 8 қырлы алтын жұлдыз. Шаңырақтың үстiнде алтын реңдегi жұлдыздың iшiнде ақ әрiптермен "Кеден" деп және шаңырақтың астында "Customs" деп жазылған (суретi қоса берiлiп отыр).
Айырым белгiсi (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi көлiк құралдарының барлық түрлерiнде қолданылатын және екi жағынан симметриялы орналастырылады.
Айырым белгiсi Қазақстан Республикасы кеден органдарының нысандық киiмдерiне ерекшелеу белгiсi (эмблемасы) ретiнде пайдаланылады. Ерекшелеу белгiсi iлгекпен тағылады.
Айырым белгiсiнiң өлшемiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң төрағасы айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы - жоғары бөлiгi көгiлдiр түстi, ал төменгi бөлiгi жасыл түстi кездеме. Көгiлдiр түс Қазақстан Республикасының ұлттық жалауын, жасыл түс мемлекеттік шекаралардың жалпы қабылданған халықаралық белгiсiн бiлдiредi. Көгiлдiр және жасыл түстердiң арақатынасы 50:50. Тек ортасында бiздiң планетаны бiлдiретiн 8 қырлы алтын жұлдызы бар шеңбер, және онда - алтындалған жiңiшке жиектi шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың iшiнде алтын реңде жоғарғы жақта ақ әрiптермен "Кеден" деп және төменгi жағында "Customs" деп жазылған. Жалау енiнiң оның ұзындығына қатынасы 1:1,5 (сурет қоса берiлiп отыр).
Кеден органдарының иелiгiндегi өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдары мекемелерiнде қолданылады.