1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
2) құжаттық тексерудің негізі;
3) тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;
4) сұратылып отырған материалдарды ұсыну мерзімі;
5) қажет болған кезде, тексерілетін субъект тарапынан түсініктер беру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.
3. Егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъект сұратылған құжаттар мен түсініктерді сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қоюды талап етпейтін құжаттық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн оның аяқталуы болып табылады.
15-5-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері
1. Бақылау және қадағалау органының тексеруші жұмыскерлері қажет болған кезде аралық актілер жасайды, олар тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылады.
2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына ескертпелері болған жағдайда тексеру басшысына өзінің жазбаша қарсылықтарын ұсынады.
Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.
3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъект басшысының атына бақылау және қадағалау органының тексеруші жұмыскерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні мен орны;
2) тексеруді жүргізген органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тексерілетін субъект басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;
7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
8) тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында аталған өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар, мәліметтер немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны бақылау және қадағалау органына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін тексерілетін субъектінің атқарушы және басқа да басқарушы органдарының назарына жеткізеді.
5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтары болған кезде оларды тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына жазбаша түрде ұсынады.
6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, бақылау және қадағалау органы басшысының (оның орынбасарларының), бақылау және қадағалау органы бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.
Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде бақылау және қадағалау органына ұсынады.
Бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде түпкілікті шешімді бақылау және қадағалау органының басшысы не оның орынбасары қабылдайды және ол тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.
7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге де жұмыскер қол қоюы мүмкін.
8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін табыс ету мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.
9. Тексеру нәтижелері бақылау және қадағалау органының құзыреті шегінде өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.
10. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсаттарда өзінің қаржылық дәрменділігін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.
11. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органына ұсынған қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттық деректері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерден алшақ болған кезде тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органының нұсқауы бойынша өзінің есептілігін тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде алдыңғы есепті күндерге сәйкес келтіреді.
12. Тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралар, жауапты орындаушылар және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.
Іс-шаралар жоспарын бақылау және қадағалау органымен келіскеннен кейін тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылғаны туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау себептері туралы түсіндірулерін ұсынады.
13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 15-3-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 15-4-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану үшін негіз болып табылады.
14. Бақылау және қадағалау органының жұмыскерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15-6-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары
1. Уәкілетті орган бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
2) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қашықтықтан қадағалау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және кері қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындысы туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мəселелері бойынша құжаттарды қарау;
4) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттарды қарау;
5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру жөніндегі дерекқорға қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге де жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын қарап-тексеру;
6) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз өкілін жіберу;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау тұрғысынан эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі;
8) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;
11) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және олардың тарату балансын келісу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын тарату туралы есепті бекіту;
12) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
13) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін, қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің қаржылық және мүліктік жай-күйін бағалау (талдау), оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды және басқа да тұлғаларды тарта отырып және (немесе) банкке бара отырып бағалау (талдау);
14) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;
15) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді, өзге де көрсеткіштер мен өлшемшарттарды (нормативтерді) сақтауын сипаттайтын көрсеткіштердің есеп-қисаптарын қарау;
16) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) қаржы ұйымдары жарнамасының мониторингі арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын беру және кері қайтарып алу, лицензиялау мәселелері бойынша құжаттарды қарау;
3) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап-тексеру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларын біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарап-тексеру;
4) валюталық бақылау агенттеріне валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында олардың орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;
5) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;
6) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;
7) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерін байқауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;
8) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу арқылы жүзеге асырады.
15-7-бап. Қашықтықтан қадағалау
1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
1. Қашықтықтан қадағалау бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының бірі болып табылады және оны уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.
2. Қашықтықтан қадағалауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасы, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі, əлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар нарығы, микроқаржылық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі, инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жəне қадағалау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.
3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептілік және басқа да ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қаржылық есептілігі мен органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
15-8-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізгі міндеттері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және қадағалау әрекеттерін уақтылы қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.
Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптастырылатын уәжді пайымдауға негізделеді.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, бұл:
олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;
олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;
бақылау мен қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды көздейді.
3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті орган өзінің қызметкерлері арасынан тағайындайтын өз өкілін жібереді.