Уәкілетті органның жұмыскерлері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша мыналар:
1) жалпымемлекеттік мәні бар болжамды іс-әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беру;
2) қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
3) жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржылық дағдарыстың туындауын болғызбау және оның салдарын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдердің кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
4) қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісімдер жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi
1. Уәкiлеттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актілерімен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекітілген өкiлеттiктерiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдармен үйлестiредi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ осы баптың көрсетілген ұйымдарға осы бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес басқа мемлекеттердің бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтасады және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті, банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
15-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - бақылау және қадағалау органдары) жүзеге асырады.
Екінші бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органдарының қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңдары операторларының, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктердің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге тұлғаның, төлем ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) Қазақстан Республикасының банк, валюталық заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, төлемдер және төлем жүйелері, әлеуметтік қорғау, бағалы қағаздар рыногы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыруға жəне банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін бұзушылықтарды анықтауды, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауды көздейді.
2-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
2. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуын, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылауды және қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандары мен өзге нысандарда жүзеге асырады.
15-2-бап. Тексеру түрлері
1. Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулерді, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша ішінара жүргізеді.
2. Құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындалатын тексеру тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру болып табылады.
Субъектіні тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.
Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органының басшысы не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бақылау және қадағалау органы басшысының тиісті бұйрығының негізінде бекітеді.
3. Жоспардан тыс тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің және мемлекеттік органдардың сұрау салуларының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;
4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған және (немесе) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған жағдайда;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызған жағдайда жүзеге асырады.
Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін қамтуы мүмкін.
4. Құжаттамалық тексеруді құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы әкімшілік деректерді талдау процесінде не бақылау және қадағалау органының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық белгілері анықталған кезде тексерілетін субъектіге бармастан құжаттар мен ақпаратқа сұрау салу нысанында жүзеге асырады.
15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді және жоспардан тыс тексеруді бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы актілер тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Бақылау және қадағалау органдарының бөлімшелері құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.
Бақылау және қадағалау органы құзыреті шегінде тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
Тексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) тексеруші жұмыскерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
4) тексерудің түрі;
5) тексеруге жататын мәселелер;
6) тексеруді жүргізу мерзімі;
7) тексерілетін кезең көрсетіледі.
2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі табыс етілген күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі табыс етілгеннен кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда тиісті акт жасалады, оған бақылау және қадағалау органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің жұмыскері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуларында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келген, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайларда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің жұмыскеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) табыс етілген кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына ұсынылуға тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің жұмыскеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) табыс ету мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні оны жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде табыс ету мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте тексеру басшысы бұл туралы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды жазбаша хабардар етеді.
3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру басшысының немесе бақылау және қадағалау органы тексеруші жұмыскерінің атына:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталғаны туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оларға қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;
2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші жұмыскерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші жұмыскерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректерді қамтитын хатты ұсынады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің елеулі болуына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша акті негізінде - отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына не төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
5. Тексерілетін субъект тексеруші жұмыскерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай беруге, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тексеруші жұмыскерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрде түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші жұмыскерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші жұмыскерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдем көрсетуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай беру міндеті бөлігіндегі талаптары шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тексерілетін субъектілерге қолданылмайды.
6. Тексеруші жұмыскерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті жұмыскеріне көрсетілген мерзімдерде орындауға жататын жазбаша сұрау салулар жібереді.
Тексерілетін субъект тексеруші жұмыскерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін тексеру материалдарына қосып тіркеу үшін ұсынуға міндетті.
7. Тексеруші жұмыскер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші жұмыскерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.
8. Тексерілетін субъектіге тексерудің аяқталғаны туралы акт табыс етілген күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні деп есептеледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталғаны туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей табыс етіледі.
15-4-бап. Құжаттық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Құжаттық тексеру оны тағайындау туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
2. Құжаттық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда: