11) осы Заңда жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш берушінің электрондық сауда алаңының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторға қойылатын талаптарға сəйкестігін тексеруді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сəйкес құрылатын комиссия жүзеге асырады.
4. Оператор мынадай қызмет түрлерін:
1) кредиттік бюро қызметінің негізгі жəне қосымша түрлерін (тиісті рұқсат болған кезде);
2) электрондық сауда алаңында өткізілетін сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты арнаулы бағдарламалық қамтылымды ұсыну жəне оған қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуді;
3) маркетингтік жəне статистикалық зерттеулерді қоспағанда, оператор қызметін өзге де кəсіпкерлік қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына уəкілетті органның рұқсатын беру шарттары мен тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уəкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мəліметтерді қамтитын рұқсат беру туралы өтінішті;
2) құрылтай құжаттары қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уəкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті орган айқындаған мерзімдерде, бірақ өтініш беруші осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап жетпіс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартуды уəкілетті орган мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізеді:
1) өтініш берушінің осы Заңға сəйкес оператор үшін тыйым салынған қызмет түрін жүзеге асыруы;
2) өтініш берушінің осы Заңның осы бабында, 15-18-бабында жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
3) егер өтініш берушіге қатысты өтініш берушінің оператор қызметін жүзеге асыруына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
4) ұсынылған құжаттар бойынша уəкілетті органның ескертулерін белгіленген мерзімде жоймау.
8. Операторды қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
15-20-бап. Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау ерекшеліктері
Операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау мақсатында уəкілетті орган:
1) оператор қызметін реттеу жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі саласында операторлардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді не беруден бас тартады;
3) осы Заңның талаптары мен уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде уəкілетті органға өзінің бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда жазбаша нұсқамалар жібереді;
4) осы Заңда белгіленген тəртіппен жəне негіздерде операторларға санкциялар қолданады;
5) оператор қызметі жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуі мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-21-бап. Жазбаша нұсқама жəне санкциялар
1. Осы Заңды жəне уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін бұзған жағдайда, уəкілетті орган операторға жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жəне (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігі жөнінде операторға берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
2. Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тəртіппен жүзеге асырылады.
Уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
3. Оператор уəкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың жазбаша нұсқамада көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уəкілетті орган іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тəртіппен ұзартуы мүмкін.
4. Уəкілетті орган осы бапта белгіленген негіздер бойынша оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру не оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыру түріндегі санкцияны операторға санкциялар ретінде қолдануға құқылы.
5. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады:
1) осы Заңда жəне (немесе) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сəйкес келмейтіндігінің анықталуы;
3) осы Заң талаптарының жəне (немесе) уəкілетті органның оператор қызметін жүзеге асыруға жəне электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуын жою туралы уəкілетті органның жазбаша нұсқамаларының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан да көп рет) орындалмауы.
6. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру оператор ретінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
7. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Көрсетілген рұқсаттың қолданысы уəкілетті органның тиісті шешімі оператордың атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрған деп есептеледі.
Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсатының қолданысы тоқтатыла тұрған оператор электрондық сауда алаңында бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттан айыруды уəкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізеді:
1) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын уəкілетті орган тоқтата тұрған себептің жойылмауы;
2) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын соңғы он екі ай ішінде бірнеше рет (екі жəне одан да көп рет) тоқтата тұру;
3) оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат алған кезде оператордың көрінеу жалған ақпарат беруі;
4) оператор қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
5) операторды ерікті немесе мəжбүрлеп тарату туралы шешім.
9. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығына берілген рұқсаттың қолданысын тоқтату «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
10. Оператор қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған оператордың оператор қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3-тарау. Қорытынды ережелер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1-бап. Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
Уәкілетті органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының