2. Лицензия алу үшін:
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мүдделі тұлғаның белгіленген нысан бойынша өтінішін;
2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
осы Кодекстің 400-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) лицензия бергені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар ұсыну қажет;
4) 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
4. Осы тарауда реттелмеген, лицензиялауға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
402-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Лицензияларының қолданылуы соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, кеден брокері кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, сондай-ақ кеден брокері өз құқықтарын теріс пайдаланатындығына жеткілікті негіздер болған жағдайда, уәкілетті органның шешімі бойынша, себептері көрсетіле отырып лицензияның қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган дербес не кеден органы ұсынымының негізінде мұндай шешімді негіздей отырып бұйрық нысанында қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиісті шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғаннан кейін, лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен лицензияның қолданылуы жаңғыртылады.
5. Лицензияның қолданылуы кеден брокерінің дәлелді өтініші бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 403-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
403-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) кеден ісі саласында бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
3) 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) лицензияның қолданылуын бұрын тоқтата тұруға негіз болған себептердің жойылмауы;
5) соттың лицензиатқа брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.
404-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату
1. Мынадай жағдайларда:
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1) лицензиядан айырылған;
2) кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) кеден брокері уәкілетті органға жазбаша нысандағы тиісті өтінішін ұсына отырып, кедендік қызмет көрсету жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады.
2. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға өзі кеден брокері ретіндегі қызметті тоқтатқанға дейін қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім лицензияның қолданылуын тоқтату себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Заңды тұлғаның кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуы лицензиядан айыруға байланысты тоқтатылған жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтату туралы жеке бұйрық шығарылмайды.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде лицензия уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
405-бап. Кеден брокерінің қызметіне арналған қосымша ережелер
1. Лицензияға енгізілмейтін, лицензия алуға арналған өтініште көрсетілген кеден брокері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, кеден брокері өзгерістер болған кезден бастап бір ай мерзімде бұл туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
2. Кеден брокерінің лицензияда көрсетілген атауы, тұрған орны өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Уәкілетті орган кеден брокері тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күннің ішінде белгіленген тәртіппен жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресімдейді.
3. Кеден брокері лицензияда көрсетілген шектеулі қызмет саласын кеңейту туралы шешім қабылдаған жағдайда, жаңа лицензияны алудың белгіленген тәртібіне сәйкес оны алу қажет. Бұрын берілген лицензияның қолданылуы жаңа лицензия берілген кезден бастап тоқтатылады.
4. Лицензия жоғалған жағдайда кеден брокерінің өтініш берген күннен бастап он күн ішінде дубликат алуға құқығы бар. Дубликат бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
5. Кеден органдарының кеден брокері ретіндегі қызметті лицензиялауға байланысты шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғалардың арасындағы қатынастар лицензияның қолданылуы тоқтатылған, одан айырған және тоқтатыла тұрған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
406-бап. Кеден брокерлерінің тізілімі
Уәкілетті орган кеден брокерлерінің тізілімін жүргізеді және оның ай сайын жариялануын, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялануын қамтамасыз етеді.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 407-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
407-бап. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
408-бап. 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
409-бап. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алынған ақпаратқа қатысы
Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғадан алған ақпараты тек кедендік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
Өкілдік беруші тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге жол берілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік беруші тұлғаның құпия ақпаратын кеден брокерінің өз мақсаттарында жариялауына, пайдалануына, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына беруіне болмайды.
10-Бөлім. Кеден органдарының интеллектуалдық
меншік объектілеріне құқықты қорғауы
52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік
объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер
410-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және тауарлық таңбалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын осындай бірегей тауарларға ұқсас тауарларға жапсырылған күдікті тауарлық таңбалары бар тауарлар;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және осындай көшірмені жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзу болып табылатын, өндірілу еліндегі құқық иесінің келісімінсіз дайындалған көшірме болып табылатын тауарлар;
2) құқық иеленуші - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;
3) шығаруды тоқтату - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;
4) интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың тізбесі.
2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен 411-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
411-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік
объектілеріне құқықтарды қорғауы
Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін:
1) авторлық және аралас құқықтар объектілерін;
2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде осы бапта көзделмеген шараларды қолданбайды.
412-бап. Тізілім жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсатында тізілім жүргізеді және оның жариялануын қамтамасыз етеді.
2. Тізілімді жүргізу және оны кеден органдары мен өтініш берушіге жеткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
413-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу және мұндай тауарды тізілімнен шығару тәртібі
1. Тізілімге енгізуді интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
3. Өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;
2) өтініш беруші туралы мәлімет;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушінің пікірінше оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат; интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы; құқық иеленушінің пікірінше зияткерлік мен¬шік құқығы бұзылған тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер
4) егер тауарлар контрафактылы емес деп белгіленген жағдайларда декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ контрафактылы болып табылады деп болжанған интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Өтінішке интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт) және құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл орайда сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
Өтінiш берумен бiр мезгілде контрафактылы тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.
Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерi, оның ішінде электронды нысандағы үлгілері де табыс етіледi.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.
Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгізу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың контрафактылық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.
Өтініш берушіге уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы уәкілетті органға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
7. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар:
1) өтініш берушінің өтініші бойынша;
2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;
3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда;
4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;
5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.
8. Уәкілетті орган тауарлардың тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
9. Интеллектуалдық меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
414-бап. Құқық қорғау мерзімі
Кеден органдарының құқық иеленуші құқығын қорғау мерзімін уәкілетті орган интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған кезде, өтініш беруші көрсеткен мерзімді ескере отырып, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.
Көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өтініш берушінің ол туралы өтініші болған жағдайда ұзартады.
Құқық қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар
тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік
бақылау ерекшеліктері
415-бап. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау
Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
416-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру
1. Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың контрафактылы екендігінің белгілерін тапса, онда мұндай тауарларды шығару тоқтатыла тұрады.
2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тауарларды шығаруды он жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам қабылдайды және тиісті бұйрықпен ресімделеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Кеден органы интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқтата тұру және оның себептері туралы өтініш беруші мен декларантты хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа - өтініш берушінің атауы мен мекен-жайын, ал өтініш берушіге декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4- тармақпен толықтырылды
4. Интеллектуалдық меншікке құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша істі қозғау туралы айғақтар ұсынылған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша шешім заңды күшіне енгізілгенге дейін ұзартылады.
2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен 416-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
416-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілері Бар тауарларды кедендік бақылау жөніндегі қосымша өкілеттіктері
1. Кеден органдары өткізілетін тауарлардың зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар болып табылатын белгілері анықталған кезде осы бапта көзделген тәртіпке сәйкес көрсетілген тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы құқық иесінің өтінішінсіз-ақ тізілімге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқылы.
Осы бапқа сәйкес көрсетілген тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді тиісті бұйрықты ресімдей отырып кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қабылдайды.
2. Кеден органдары қорғалатын тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын қорғау жөніндегі өзінің қосымша өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік тіркеу тізілімдерінен алынатын ақпаратты пайдаланады. Аталған тізілімдер жалпыға қолжетімді болып табылады, олар Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының веб-сайтында орналастырылады.
Кеден органдарының авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармалар мен объектілерге құқықтарды қорғау жөніндегі қосымша өкілеттіктері Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен өзара бірлескен іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды тоқтата тұрған кезде кеден органдары құқықтардың бұзылғанының белгілері анықталған және зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдаудың қажеттігі расталған кезде бұл туралы құқық иесін және декларантты хабардар ету жөнінде барлық қажетті шараларды дереу қабылдайды. Құқықтары бұзылуы ықтимал тауарлық таңбаның, қызмет көрсету таңбасының немесе авторлық және сабақтас құқықтардың құқық иесінің мекенжайын анықтау үшін кеден органы:
тауарлық таңба, қызмет көрсету таңбасы және оның құқық иесі туралы ақпараттың бар-жоғына Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркеу тізілімдері арқылы тексереді және қажетті шаралар қабылдау үшін құқық иесіне хабарлама жібереді;
авторлық құқықты тіркеудің бар-жоғын анықтау және құқық иесін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы одан әрі хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сауал жібереді. Сауалда кеден органы және оларға қатысты қорғау шаралары қабылданатын тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Кеден органы және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы құқық иесінің орналасқан жерін анықтау және оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ету жөнінде дереу қажетті барлық шараларды қабылдайды.
Егер кеден органы жиырма төрт сағат ішінде құқық иесінің орналасқан жерін анықтай алмаса, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
4. Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері табылған кезде құқық иесін хабардар ету және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың күшін жою не мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін тауарлардың шығарылуы үш жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына:
құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін он жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өтінішті табыс етпесе;
құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті табыс етсе, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.
6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органдарына құқық иесінен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап тауарлардың шығарылуы он жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады. Мұндай жағдайда құқық иесі он жұмыс күні ішінде:
1) шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынуға;
2) егер соттың шешімімен тауарлар зияткерлік меншік құқықтары бұзылмаған тауарлар деп айқындалған жағдайда, декларантқа және өзге де тұлғаларға зиянды өтеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы міндеттемені ұсынуға;
3) осы Кодекстің 413-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген тауарларды тізілімге енгізу туралы құқық иесінің өтінішін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
Құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынған кезде, сондай-ақ құқық иесі өзге де міндеттемелерін орындаған кезде тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі аталған талап-арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
Егер құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың ережелерін сақтамаса, кеден органы осы Кодексте айқындалған тәртіппен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды және тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізеді. Бұл ретте он жұмыс күні ішінде тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрумен байланысты декларант пен кеден органының шығындары құқық иесіне жүктеледі.
Кеден органдары мен Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы арасындағы өзара іс қимыл мен ақпарат алмасудың тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.
417-бап. Кеден органдарының шығындарын өтеу
Кеден органдарына шығындарын:
1) тауарлар контрафактылы деп танылған жағдайда - декларант;
2) тауарлар контрафактылы болып табылмайды деп танылған жағдайда өтініш беруші өтейді.
418-бап. Ақпараттар беру. Сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу
1. Кеден органы шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың контрафактылық белгілері анықталғандығы туралы ақпаратты өтініш берушіге және декларантқа береді.
2. Осы бапқа сәйкес өтініш беруші немесе декларант алған ақпарат құпия болып табылады және, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бермеуге тиіс.