Уақытша кедендiк декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бiр сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісім-шарты) берiледi.
Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және (немесе) келісімшарттың тараптары өзара тәуелді тұлғалар болып табылса, өзара тәуелді тараптар арасында бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде тауарларды жеткізуге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен саны бойынша байланысты емес нақты сатып алушылардың бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісімшарты) беріледі.
3. Уақытша кедендік декларацияны толтыру және оны пайдаланып кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл кедендік рәсім кезінде, кеден органының уақытша кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
4. Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі.
5. Кедендік төлемдер және салықтар кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 6- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Декларант жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгі күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiрақ уақытша кедендiк декларация тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай жүктiң толық кедендiк декларациясын беруге мiндеттi.
Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткізу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетілген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актісi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетілген мерзiм соңғы көліктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.
7. Уақытша кедендік декларацияға сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды қосымша төлеу немесе артық төленген кедендік баждар және салықтарды қайтару осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес жүктің толық кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 388- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
388-бап. Мерзімдік кедендік декларация
1. Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы күнтiзбелiк отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға мерзімдік кедендік декларация беруге құқылы.
2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады.
3. Егер бір тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде бір тауардың үш және одан да артық жеткізілімін жүргізсе, ондай тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бір тұлға тұрақты түрде өткізетін тауарлар ретінде қарастырылады.
4. Кедендік мақсат үшін, жекеленген жеткізілімдердің санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде бір өткізу бекеті арқылы өткізілетін және бір кеден органында кедендік ресімдеу жүргізілетін бірдей тауарлар біртұтас тауар легі ретінде қарастырылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Кедендiк баждар және салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, жүктiң толық кедендiк декларациясы тiркелгенге дейін немесе тiркелген күні төленедi.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Кедендiк баждар және акцизделетiн тауарлар бойынша салықтар мерзiмдiк кедендiк декларация тiркелгенге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
6. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдану арқылы тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Мерзiмдiк декларациялау кедендiк баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жеткізу мерзiмi басталғанға дейiн мерзiмдiк кедендiк декларацияны беру арқылы жүргiзіледi. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды.
Бұл ретте мерзімдiк кедендiк декларация тауарлардың бiрыңғай легiне толтырылады.
8. Мерзімдік декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылған жүктің толық кедендік декларациясы беріледі.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Тауарлар мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде әкелінген (әкетілген) жағдайда, жүктің толық кедендік декларациясы әкелінген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылады. Бұл ретте жеткізудің келесі кезеңіне мерзімдік кедендік декларация осындай өзгерістер есепке алынып толтырылады.
10. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 388-1-баппен толықтырылды
388-1-бап. Толық емес кедендік декларация
1. Егер декларант кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi бүкiл ақпаратқа өзiне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарды шығаруға, кедендiк төлемдердi есептеу мен төлеуге қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай-ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер болған жағдайда толық емес кедендiк декларацияны беруге рұқсат етіледі.
Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.
2. Егер кеден органы толық емес кедендiк декларацияны қабылдаса, осы Кодексте көзделген кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін қоса алғанда, толық және тиiсті түрде толтырылған кедендiк декларация басынан бастап берiлген жағдайдағыдай шарттар мен талаптар қолданылады.
3. Толық емес кедендiк декларацияны толтыру тәртібі мен оны пайдалану жағдайларын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
389-бап. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі
1. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі рұқсат) алу үшін мүдделі тұлға кеден органына мынадай мәліметтерді:
1) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеу коды көрсетілген атауын;
2) тауарлардың күнтізбелік бір ай ішінде өткізілетін болжамды жиілігі мен көлемін;
3) тауарлар шығарылған елді;
4) сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізілетін өзге де құжаттардың деректемелерін (күні мен нөмірін);
5) тауарлардың шамамен алынған кедендік құнын;
6) тауарларды әкелген кезде - жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды алушының (немесе сатып алушының) атауын;
7) әкеткен кезде - тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның басшысы қол қойған еркін нысандағы, өтініш береді.
2. Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органы өтінішті қарауға тиіс.
3. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда беріледі.
4. Рұқсат:
1) болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кедендік төлемдер және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) оларға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған тұлғаларға берiлмейдi.
5. Рұқсат сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу мерзіміне беріледі.
6. Рұқсат:
1) тұлғаның кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешегі болған;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) осы Кодексте белгіленген мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайларда
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкін.
50-тарау. Тауарларды шығару
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 390-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
390-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер
1. Кеден органдары мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) тауарларды кедендік ресімдеу мен тексеру кезінде кеден органдары анықтаған құқық бұзушылықтар жойылған, ал құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлар алып қоюға немесе тәркілеуге жатпайтын не Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заттай айғақ ретінде бұдан әрі талап етілуі мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар анықталмаған;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 2- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кеден органына Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, өтiнiш-декларациялар, рұқсаттар тапсырылған;
3) тұлғалар осы Кодекске сәйкес тауарларды таңдап алынған кедендік режимге орналастыру немесе тиісті кедендік рәсімді қолдану үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтаған;
4) тауарларға қатысты кедендік төлемдер және салықтар төленген не осы Кодекстің 40 және 43-тарауына сәйкес олардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кеден органдары тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
391-бап. Тауарларды шығарудың мерзімдері
Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімдерде құжаттарды тексеру және тауарларды тексеруден өткізу аяқталғаннан кейін тауарлар шығаруды жүргізеді не тауарларды шығарудан бас тартады.
392-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет болған жағдайда тауарларды шығару
1. Егер кеден органдары жүктің кедендік декларациясында немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу немесе оларға сараптама жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаса, декларант кедендік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз еткен жағдайда, тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүргізіледі.
2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларант олардың сақталғандығын растайтын айғақтар ұсынбаған жағдайда ғана жүргізілмейді.
393-бап. Кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда тауарларды шығару
Кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда тауарларды шығару құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлардың тәркілеуге жатпайтын, одан әрі заттай айғақтар ретінде талап етілмейтін және істі қарау нәтижелері бойынша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың, сондай-ақ айыппұлдардың не өзге де жазалау шараларының төленуі қамтамасыз етілген жағдайда тауарлар шығару кеден органы басшысының шешімі бойынша іс жүргізу немесе оны қарау аяқталғанға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 393-1-баппен толықтырылды
393-1-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шартты шығару
1. Шартты шығаруға:
шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген;
кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін айналыс үшін қайта өңдеу, уақытша әкелу (әкету), еркін қойма және еркін кеден аймағы кедендік режимдеріне орналастырылған;
оларға қатысты осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылатын тауарлар мен көлік құралдары жатады.
2. Шартты шығару кезінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
3. Оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
4. Еркін айналыс үшін шығаруға мәлімделген тауарлар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалған сәтіне дейін шартты шығарылған деп саналады.
5. Шартты шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады.
51-тарау. Кеден брокері
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 394-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
394-бап. Кеден брокері
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті органның лицензиясын алған заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер кеден брокері бола алады.
Кеден брокері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
395-бап. Кеден брокерінің қызметі
1. Кеден брокерінің қызметі өз атынан кедендік ресімдеу, алдын ала операциялар мен өкілдік беруші тұлғаның есебінен және оның тапсыруы бойынша басқа да кеден ісі саласында делдалдық функцияларды орындау жөніндегі іс-әрекеттерді жасаудан тұрады.
2. Кеден брокерінің функциясына:
1) тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
2) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен қосымша мәліметтер ұсыну;
3) кеден органына декларацияланатын тауарлар мен кедендік мақсаттар үшін қажетті көлік құралдарын көрсету;
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты көзделген кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе, қамтамасыз ету;
5) декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлға ретінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін қажетті іс-әрекеттер жасау кіреді.
Көрсетілген функцияларды кеден брокері жиынтықты түрде ғана орындауға құқылы. Кеден брокерінің көрсетілген функцияларды не операцияларды бір функцияның шегінде ішінара орындауына жол берілмейді.
3. Кеден брокерінің өкілдік беруші тұлғамен өзара қарым-қатынасы осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес жазбаша шарт негізінде құрылады. Өкілдік беруші тұлға кеден брокеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген кеден ісі саласындағы функцияларды тек жиынтықты түрде ғана орындауға тапсырма бере алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кеден брокеріне өкілдік беруші тұлға тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуге қатыспайды.
4. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасында кедендік ресімдеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізу кезінде жасалған шартты өзгерту немесе бұзу кеден брокерін жауапкершіліктен босатпайды.
5. Кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден брокері үшін осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге де тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленетін жағдайлардан қолайсыздау жағдайлар белгіленбеуі немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.
396-бап. Кеден брокерінің қызмет саласын шектеу
1. Кеден брокері өз қызметінің саласын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына, көлік құралдары түрлеріне және аймаққа сәйкес тауарлардың белгілі бір санаттарымен шектеуге құқылы. Бұл шектеулер кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияда көрсетіледі.
2. Қызметті көрсетілген шектеулердің шегінен тыс жүзеге асыруға жол берілмейді.
397-бап. Кеден брокерінің құқықтары
1. Кеден брокері оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие және сондай міндеттерді атқарады.
2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден брокері:
1) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, кеден органдарының лауазымды адамдары тауарларды кедендік ресімдеу мақсатында осы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысуға;
2) кеден органының рұқсатымен және кеден органы лауазымды адамының қатысуымен кедендік рәсімдеу процесі басталғанға дейін және оның барысында тауарлар мен көлік құралдарын тексеруді жүргізуге, оларды өлшеуге және мөлшерін өзгедей анықтауға, сондай-ақ тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Егер көрсетілген операциялар кедендік ресімдеу басталғанға дейін жасалса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етілмейді;
3) тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне кеден органы жүргізген зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелерімен танысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қаражаты есебінен немесе өкілдік беруші тұлғаның қаражаты есебінен тауарлардың іріктеп алынған сынамалары мен үлгілеріне зерттеу (сараптама) жүргізуге не осындай зерттеудің (сараптаманың) жүргізілуін қамтамасыз етуге;
5) кеден органының келісімімен кедендік бақылау аймағына кіруге құқылы өз қызметкерлерінің тізімін бекітуге және кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жасау үшін қажетті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жағдайындағы үй-жайларының болуына;
6) осы Кодекске сәйкес кеден органдарынан кеден мәселелері жөнінде ақпарат және консультациялар алуға;
7) осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, кедендік мақсаттар үшін қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желілеріне қол жеткізуге;
8) өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде құпия болып табылатын ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде осындай құжаттар мен мәліметтерді алуға;
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) алдын ала операциялар, өзге де кедендік рәсімдер мен кедендік режимдер кезінде кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету бөлігінде өкілдік беруші тұлға үшін кеден органдарының алдында, егер бұл кеден брокері мен өкілдік беруші тұлғаның арасындағы шартта көзделсе, кепілгер немесе төлеуші ретінде болуға;
10) өкілдік беруші тұлғамен шарт жасасудың шарты ретінде осы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілеуге;
11) кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
398-бап. Кеден брокерінің міндеттері
1. Кеден брокерінің міндеттері:
1) осы Кодексте және кеден ісі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау;
2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсету;
3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс ету;
4) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауарлар мен көлік құралдарына қатысты есеп пен есептілікті жүргізу;
5) кедендік бірдейлендіру құралдарының анықталған кез келген өзгерісі, жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы, ыдыс пен ораманың бүлінуі, тауарлардың олар туралы көліктік, коммерциялық және өзге де құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі, әртүрлі құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі және кеден ісіне қатысы бар өзге де жағдайлар туралы кеден органдарын уақтылы хабарлау;
6) 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) кеден органына кеден брокерінің штатындағы мамандар туралы мәліметтерді ұсыну;
8) өкілдік беруші тұлғадан алынған кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің сәйкестігін тексеру;
9) кеден органының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қатысу және кеден органдарының лауазымды адамдарына кедендік ресімдеуді жүргізуде жәрдем көрсету;
10) кеден органының талабы бойынша өкілдік беруші тұлғаның есебінен тасымалдауды, өлшеуді немесе тауарлардың саны мен сапасын өзгеше анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, орамалардың бүлінгендерін жөндеуді, орамаларды ашуды, кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын орауды не қайта орауды жүзеге асыру, сондай-ақ үй-жайларды, ыдыстарды және көрсетілген тауарлар мен көлік құралдары болуы мүмкін басқа да орындарды ашуды қамтамасыз ету;
11) кедендік төлемдерді және салықтарды дұрыс есептеу;
12) егер бұл өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартта көзделсе, декларациялайтын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу;
13) кедендік төлемдердің және салықтардың төленгендігін растайтын төлем құжаттарының кеден органына ұсынылуын қамтамасыз ету;
14) кеден брокері декларациялайтын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да бақылау түрлері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
15) кедендік ресімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен иелік етуге арналған шарттар мен шектеулерді тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін не оларды таңдалған кедендік режимге сәйкес өкілдік беруші тұлғаның билігіне бергенге дейін сақтау;
16) өкілдік беруші тұлғалармен жасалған шарттардың тізілімін жүргізу;
17) кеден органының талабы бойынша брокерлік қызмет көрсетуге жасалған шарттарды ұсыну болып табылады.
2. Кеден брокерінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартпен шектелмеуге тиіс.
3. Кеден брокерінің міндеттері барлық кеден брокері үшін бірыңғай болып табылады. Жекелеген кеден брокерлері үшін жеке сипаттағы жеңілдіктер, ерекше (эксклюзивтік) құқықтар және өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
4. Кедендік ресімдеу бойынша операциялар жасау фактісі кеден брокеріне кедендік режимді қолданудың аяқталуына байланысты операцияларды жасау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды өткізетін тұлғаға ғана жүктелетін өзге де міндеттерді жүктемейді.
399-бап. Кеден брокерінің жауапкершілігі
1. Осы Кодекске сәйкес кеден декларациясын бергенге дейін немесе онымен бір мезгілде төленуге тиіс кедендік төлемдердің және салықтардың төленбегені үшін кеден брокері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартқа сәйкес жауапты болады.
2. Осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 400-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 400-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
400-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай біліктілік талаптарына сай болу қажет:
1) осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютер құрал-жабдығының болуы;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу бойынша делдалдық қызмет көрсетуге байланысты өкілдік беруші тұлғалардың мүліктері мен мүдделеріне зиян келтіргені үшін кеден брокерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 401-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
401-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия
1. Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.