Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 3 сәуірдегі № 318 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктiлiк талаптары бекітілсiн.
2. «Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 136 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 38-құжат) 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 3 сәуірдегі
№ 318 қаулысымен
бекітілген
Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату,
монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі лицензияланатын
қызметке қойылатын біліктiлiк талаптары
1. Заңды тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптары:
1) құрылтай құжаттары мен заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмелерiнiң (егер оларды нотариус растамаған болса, түпнұсқаларын көрсету арқылы);
2) ұйымның басшысында жоғары білімнiң;
3) автомобиль жолдарын салу немесе пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында білімi бар мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар;
инженер-электронщик, инженер-электрик;
бағдаршам объектiлерiн, жол қозғалысын реттеу аппаратураларын, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн, жол белгiлерiн, жол белгiлерiн енгiзудi, жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды орнату, монтаждау, бабына келтiру, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегі жұмыстарды қамтамасыз ететiн мамандардың (жеке еңбек шарттары көрсетiлуi мүмкiн);
4) өндiрiстiк-техникалық базаның: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, мамандандырылған машиналар мен тетiктердiң (жолдарға белгi қою, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн), жол бақылаушыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу мен дұрыстауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-сынақ стендiлерiнiң (не мүлiктiк жалға алу шарттарының);
5) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарының авариялық қоры мен олардың жиынтықтарының;
6) стандарттардың, нормативтердiң, ережелердiң және лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарды белгілейтiн басқа да техникалық құжаттамалардың болуын қамтиды.
2. Жеке тұлғаларға арналған біліктiлiк талаптары:
1) жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң;
2) жеке тұлғада жоғары немесе арнаулы орта білімнiң;
3) автомобиль жолдарын салу немесе пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында білімi бар мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар;
инженер-электронщик, инженер-электрик;
бағдаршам объектiлерiн, жол қозғалысын реттеу аппаратураларын, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн, жол белгiлерiн, жол белгiлерiн енгiзудi, жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды орнату, монтаждау, бабына келтiру, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ететiн мамандардың;
4) өндiрiстiк-техникалық базаның: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, мамандандырылған машиналар мен тетiктердiң (жолдарға белгi қою, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын пайдалану жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн), жол бақылаушыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу мен дұрыстауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-сынақ стендiлерiнiң (не мүлiктiк жалға алу шарттарының);
5) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарының авариялық қоры мен олардың жиынтықтарының;
6) стандарттардың, нормативтердiң, ережелердiң және лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарды белгiлейтiн басқа да техникалық құжаттамалардың болуын қамтиды.