Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 136 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.03 ж. № 318 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 318 қаулысымен 1-тармақтын күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру ережесi бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 10-жолдағы 3-баған «жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2001 жылғы 25 қаңтардағы
№ 136 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 318 қаулысымен Ереженін күші жойылды
Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату,
монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялар беру
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже заңды тұлғалардың жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруына лицензиялар беру және оларды есепке алу тәртібін, шарттарын белгiлейдi.
2. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар мерзiмi шектеусiз берiлетiн бас лицензиялар болып табылады.
3. Лицензиялар қызметтiң аумақтық саласы бойынша:
1) қолданысы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
2) қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын болып бөлiнедi.
4. Шетелдiк заңды тұлғалар лицензияларды Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiлетiн шарттарда және тәртiпте алады.
2. Лицензия беру шарттары мен тәртібі
5. Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін мына құжаттар қажет:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) лицензиаттың осы Ережемен белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
3) жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгендiгiн растайтын құжат;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
6. Лицензиялар, егер заңнамалық кесiмдермен өзге мерзiм белгiленбеген болса, қажеттi барлық құжатпен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - онкүндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.
7. Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялық алымның көлемi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
Лицензияны жоғалтып алған кезде лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензиар он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын бередi. Лицензиат бұл ретте қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi.
8. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi (егер ол лицензияда көрсетiлген болса) өзгерген жағдайда ол лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi, көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай iшiнде беруге мiндеттi.
Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiпте және мөлшерде алым төленедi.
9. Лицензия:
1) осы Ережемен белгiленген біліктiлiк талаптарына жауап бермейтiн;
2) егер өтiнушiге қатысты соттың жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салған шешiмi болса;
3) егер жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген болса;
4) осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжат ұсынылмаған болса. Өтiнушi көрсетiлген кедергілердi жойған кезде өтiнiш жалпы негізде қаралады;
5) егер жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға субъектiлердiң осы санаты үшiн заңнамалық кесiмдермен тыйым салынған болса, заңды тұлғаларға берiлмейдi.
10. Өтiнушiге лицензия беруден бас тартылған ретте, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
11. Егер, осы Ережемен немесе заңнамалық кесiмдермен белгiленген мерзiмде лицензия берiлмеген немесе бас тарту өтiнушiге негізсiз көрiнген жағдайларда, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
3. Лицензияны тоқтату және тоқтата тұру
12. Лицензия тек қана мына жағдайларда:
лицензия қайтарып алынғанда;
заңды тұлға қайта құрылғанда немесе таратылғанда өз қолданысын тоқтатады.
13. Лицензия қолданысының тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешедi.
14. Лицензия мына жағдайларда:
1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамағанда;
2) лицензиатқа сот, лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салғанда;
3) лицензияның қолданысын лицензиар тоқтата тұрған себептер жойылмағанда;
4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат бергенде, сот тәртібімен қайтарылып алынуы мүмкін.
15. Лицензия қолданысының тоқтатылу себебiн көрсете отырып, лицензиар алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға құқылы.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданысын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiпте және негiзде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданысын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз беру арқылы жол берiледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесiм сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
16. Лицензия қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмге лицензиат сот тәртібі арқылы шағым жасауға құқылы.
17. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұруға себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта күшiне енедi.
4. Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын
орнатуды, монтаждауды, жөндеуді және пайдалануды жүзеге
асыратын заңды тұлғаларға қойылатын білiктiлiк талаптары
18. Заңды тұлғаларға қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) лицензия берiлетiн қызметтi орындау шарттарын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк базаның, мамандандырылған машиналар мен тетiктердiң, бақылау- сынау қалқандарының, бақылау-өлшеу аспаптарының болуы;
2) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын жедел жөндеуді және олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етушi олардың авариялық және жасақтаушы қорларының болуы;
3) жол қозғалысын басқару аппараттарын жөндеу жөніндегі мамандардың болуы;
4) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату және монтаждау жөніндегі мамандардың болуы.
5. Есепке алу және бақылау
19. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелерінің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Біліктілік талаптарының және белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лицензиар жүргізеді.