Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 51 қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Бұрынғы редакцияларды қара
«Авариялық құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес және төтенше жағдайларды жою кезiнде авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара)
Осы Ереже табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттігін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Төтенше жағдайды жою басшысы:
төтенше жағдай аймағында барлау жүргiзудi және жағдайды бағалауды ұйымдастырады, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауіпті телімдерді, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
авариялық-құтқару жұмыстарын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарына сәйкес жүргiзудi ұйымдастырады;
төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлер мен ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiн бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды;
қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысыммен жұмыс iстеу тәртібін айқындайды;
Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органына төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiнде олардың қабылдаған шешiмдерi туралы хабарлайды;
күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртібін айқындайды.
Аса қажет болған (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген) жағдайда төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысы:
төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;
төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын және көрсетілген құрамалардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, оларда құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргiзуге олардың аттестатталғандығын растайтын құжаттары болған кезде тартады;
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келісімiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
төтенше жағдайлар аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн босатады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейіннен шығыстардың орнын толтыра отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады;
аса қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттік органдарға, ұйымдардың басшыларына олар қабылдаған шешiмдер туралы шұғыл хабарлау жөнiнде шаралар қабылдайды;
төтенше жағдайлардың өршуiне әрi құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына негiзделген басқа да қажеттi шараларды қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жоюға бағытталған төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 05.11.04 ж. № 1156 қаулысымен 3-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкіметі табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою туралы жариялағаннан кейiн тоқтатылады.