Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде
төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекiту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 17 қаңтардағы N 51 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Авариялық құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес және төтенше жағдайларды жою кезiнде авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 51 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы
кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереже
Осы Ереже төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттігін айқындайды.
1. Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысы:
төтенше жағдай аймағында барлау жүргiзудi және жағдайды бағалауды ұйымдастырады, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауіпті телімдерді, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
авариялық-құтқару жұмыстарын кең ауқымда және аймақтық ауқымда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарына сәйкес жүргiзудi ұйымдастырады;
төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлер мен ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiн бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды;
қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысыммен жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органына төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiнде олардың қабылдаған шешiмдерi туралы хабарлайды;
күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртiбiн айқындайды.
Аса қажет болған (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген) жағдайда төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысы:
төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;
төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын және көрсетілген құрамалардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, оларда құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргiзуге олардың аттестатталғандығын растайтын құжаттары болған кезде тартады;
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келiсiмiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
төтенше жағдайлар аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн босатады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейіннен шығыстардың орнын толтыра отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады;
аса қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдардың басшыларына олар қабылдаған шешiмдер туралы шұғыл хабарлау жөнiнде шаралар қабылдайды;
төтенше жағдайлардың өршуiне әрi құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына негiзделген басқа да қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жоюға бағытталған төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралу кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралу кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою туралы жариялағаннан кейiн тоқтатылады.