41. Экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі оң қорытындысы жобаның TЭH-iн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
8-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi
инвестициялық жобаларын бағалау мен iріктеу
42. Жергiлiкті инвестициялық жобаны бағалау жобаның ТЭН-i негiзiнде инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi көздейдi.
43. Жергiлiктi инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзу үшiн мынадай құжаттар:
1) жобаның ақпараттық парағы;
2) осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттардың тiзбесi болуы қажет.
44. Жергiлiктi инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы мынадай негiзгi мәселелердiң қаралуын көздейдi:
жобаның TЭH-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға жоба ТЭН-нiң сәйкестiгін бағалау;
жоба мақсаттарының мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгiн бағалау;
жобаның iске асырылу және iске асырылмау жағдайларында аймақтағы (саладағы) ахуалды талдау;
жобаның мақсаттарына қол жеткiзудiң баламалы нұсқаларын бағалау;
техникалық шешiмдердi бағалау;
жобаның экономикалық тиiмдiлiгін бағалау;
жобаның әсерiн бағалау;
жоба бойынша тәуекелдерді бағалау.
45. Осы Ереженiң 43-тармағында көрсетiлген құжаттаманың толық жиынын тапсырғаннан кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкілеттi орган жергiлiктi инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргiзуді ұйымдастырады және қырық бес жұмыс күнi iшiнде экономикалық сараптаманың қорытындысын жобаны iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық орындылығы туралы шешiммен қоса атқарушы агенттiкке жiбередi.
46. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган инвестициялық жоба жөнiнде қосымша ақпарат сұратуға, заңнамада белгiленген тәртiппен экономикалық сараптама жүргiзу үшiн сарапшылар мен консультанттар тартуға, инвестициялық жобаны қараудың барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстарды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясына енгізуге құқылы.
47. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық жоба экономикалық сараптамасының оң қорытындысы, ал осы Ереженiң 49-тармағының талаптарына сәйкес республикалық деңгейде келiсудi талап ететiн жобалар бойынша орталық уәкiлеттi органның жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы оң қорытындысы жоба жөнiнде жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу үшiн негiздеме болып табылады.
48. Жергiлiктi инвестициялық жоба жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама заңнамада белгіленген тәртiппен бекітуге жатады.
9-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
жергiлiктi инвестициялық жобаларын республикалық деңгейде келiсу
49. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi инвестициялық жобаларын республикалық деңгейде келiсудi:
1) жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру заңды және жеке тұлғалардан қарыз алуы нәтижесiнде жергiлiктi атқарушы орган тартатын қаражаттың есебiнен көзделетiн жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергiлiктi инвестициялық жобалардың құрамында қолданылып жүрген бағамен 100 млн. теңгеден жоғары құрылыстың сметалық құны кезiнде орталық уәкiлетті орган жүзеге асырады.
50. Осы Ереженiң 49-тармағына сәйкес келiсуге жататын жергiлiктi инвестициялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар мынадай құжаттарды қоса беру арқылы орталық уәкiлеттi органға жiбередi:
1) жобаның TЭH-i;
2) құрылыс жүргiзу құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы (заңнамада көзделген жағдайларда);
3) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамы, екiншi деңгейдегi банктердiң, осы қызметтi жүргiзу құқығына ие консалтингтік немесе аудиторлық компаниялардың, оны қайтарымды негiзде қаржыландырған кездегi жергiлiктi инвестициялық жобаның өтелiмдiлiгі туралы сараптамалық қорытындысы;
4) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының қорытындысы.
51. Орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi инвестициялық жоба жөнiнде тапсырылған құжаттарды қарайды және осы Ереженiң 50-тармағында көрсетiлген құжаттаманың толық жиынын тапсырғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнiң iшiнде жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы қорытындыны жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.
52. Жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдардың белгiленген тәртiппен:
1) жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы есебiнен қаржыландыру көзделетiн жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулысының жобасын;
2) сметалық құны қолданылып жүрген бағамен 100 млн. теңгеден жоғары жергiлiктi инвестициялық жобаның құрамындағы құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi шешiмiнiң жобасын енгізу үшiн негiз болып табылады.
10-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының
басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
53. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының бөлiмi болып табылады және жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталатын бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру тiзбесiн және көлемдерiн анықтау бөлiгiнде облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттерiн әзiрлеу үшiн негіз қызметiн атқарады.
54. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссиялары айқындайтын, жоспарланатын кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимиттерiн ескере отырып, атқарушы агенттiктердiң өтiнiмдерi негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссияларының қарауына енгізу үшiн басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
55. Атқарушы агенттiктер мынадай талаптарды қанағаттандыратын, iске асырылатын жобаларды қоса алғанда, барлық жергiлiктi инвестициялық жобаларға бір мезгiлде өтiнiм қалыптастырады:
жоба жөнiнде жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерi бойынша белгiленген тәртіппен ресiмделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын үш жылдық кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар үшiн);
экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
жергiлiктi инвестициялар жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы (осы Ереженiң 49-тармағында көзделген жағдайларда).
56. Мынадай құжаттар қоса берiле отырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жыл сайын экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға өтінiмдер берiледi:
жоспарланатын үш жыл кезеңге жобаларды қаржыландырудың жыл сайынғы болжамдық көлемдерi көрсетiле отырып, басымдық тәртібімен сараланған, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi;
осының алдындағы жылда және жобалар iске асырыла бастағаннан бергi барлық кезеңде қаржыландыру жоспары орындалмаған жағдайда бөлiнген қаражаттың тиiмдi пайдаланылмау себептерiн көрсете отырып, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының жергілiктi инвестициялық жобаларын iске асыру туралы есептер;
жоспарланатын кезеңнiң әрбір жылына облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының жергiлiктi инвестициялық жобалары бойынша қаржыландыру көлемдерiн негiздеу;
жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылына инвестициялардың мәлiмделген көлемдерiн негiздейтiн құжаттама.
57. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 56-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн берiлген немесе құжаттардың толық емес құрамымен берiлген өтiнiмдердi басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгізу тұрғысында қарамайды.
58. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынылған өтінiмдердi:
мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгі;
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бірге белгiленген тәртiппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттамасының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделетiн жобалар бойынша);
құрылыс жүргiзу құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы;
жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы (осы Ереженiң 49-тармағында көзделген жағдайларда);
жобалар бойынша қаржыландырудың сұралатын көлемiнiң объективтiлігі мәселесi бойынша қарайды.
59. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган қараудың нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiнiсiнде, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссиялары айқындаған, жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимитi шегiнде облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастырады және оны қаржыны басқару жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға енгiзедi.
11-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалалары
бюджет комиссияларының облыстардың, Астана немесе Алматы
қалаларының басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының
тiзбесiн қарауы
60. Қаржыны басқару жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар жөніндегі шығыстар лимитiн облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссиялары айқындаған шегiнде жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн және жергілiкті бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының қарауына енгiзедi.
61. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiкті уәкілетті орган жергiлiктi бюджет жобасын қалыптастыру барысында облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының шешiмi бойынша жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және қаржыландыру көлемдерiн қайта қарайды.
62. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының қарау нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде жоспарланатын үш жыл кезеңге басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесi облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары құрамында облыстардың, Астана немесе Алматы қалалары мәслихаттарының бекітуiне енгiзiледi.
4-бөлiм. Аудандардың (қалалардың)
жергiлiктi инвестициялық жобаларын қарау
12-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
63. Атқарушы агенттiктер аймақтық бағдарламалар негізiнде инвестициялық ұсыныстар қалыптастырады.
64. Орталық уәкiлеттi орган айқындайтын нысан бойынша ресiмделген мына құжаттар қоса берiле отырып, аудан (қала) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы бағалау жүргiзу үшiн атқарушы агенттiктер инвестициялық ұсыныстар бередi:
жобаның ақпараттық парағы;
жобаның қисынды негізделуi;
жобаны дайындаудың техникалық тапсырмасы.
65. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы жоба мақсаттарының аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi басымдықтарына сәйкестiгі, сондай-ақ аймақтық бағдарламаларға сәйкестiгi тұрғысында инвестициялық ұсыныстарды қарайды және осы Ереженiң 64-тармағында көрсетiлген құжаттама ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде атқарушы агенттiкке инвестициялық ұсынысты бағалау жөнiнде қорытынды жiбередi.
66. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі оң қорытындысы жобаның TЭH-iн әзiрлеу үшiн негіз болып табылады.
13-тарау. Ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық
жобаларын бағалау мен iрiктey
67. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын бағалау жобаның TЭН-нi негiзiнде инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi көздейдi.
68. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасын жүргiзу үшiн мынадай құжаттардың:
1) жобаның ақпараттық парағы;
2) осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттар тiзбесi болуы қажет.
69. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасы аудан (қала) ауқымы шегiнде осы Ереженiң 44-тармағында көрсетiлген мәселелердiң қаралуын көздейдi.
70. Осы Ереженiң 68-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық жиынтығы берiлгеннен кейiн ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және отыз жұмыс күнi iшiнде атқарушы агенттiкке жобаны iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық орындылығы туралы шешiмiмен экономикалық сараптама қорытындысын жiбередi.
71. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн инвестициялық жоба бойынша қосымша ақпарат сұратып алуға, экономикалық сараптама жүргiзу үшiн заңдармен белгiленген тәртiппен сарапшылар мен консультанттар тартуға, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына инвестициялық жобаны қарау барысында туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшiн жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
72. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы бойынша оң қорытындысы жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу үшiн негiздеме болып табылады.
73. Ауданның (қаланың) жергіліктi инвестициялық жобасы жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама заңдармен белгiленген тәртiппен бекітуге жатады.
74. Аудандардың (қалалардың) барлық жергiлiктi инвестициялық жобалары облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органымен келiсуге жатады.
75. Осы Ереженiң 74-тармағына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi инвестициялық жобалары мына құжаттар қоса берiле отырып, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына жiберiледі:
1) жобаның TЭH-нi;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылыс құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы (заңнамамен көзделген жағдайларда);
3) қайтарымды негiзде қаржыландыру кезiнде жергiлiктi инвестициялық жобаның өзiн-өзi ақтауы туралы қызметтi жүргiзуге құқығы бар "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамының, екiншi деңгейдегi банктердiң, консалтингтiк немесе аудиторлық компаниялардың сараптамалық қорытындылары;
4) ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысы.
76. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы жергiлiктi инвестициялық жоба бойынша берiлген құжаттарды қарайды және осы Ереженiң 75-тармағында көрсетiлген құжаттамалардың толық жиыны берiлген күннен кейiн жиырма жұмыс күнi iшiнде ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасын келiсу туралы қорытынды жiбередi.
14-тарау. Ауданның (қаланың) басым жергiлiкті инвестициялық
жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
77. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындайтын жоспарланатын кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың лимитiн ескере отырып, атқарушы агенттiктердiң өтiнiмдерi негiзiнде ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшiн ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастыруды жүзеге асырады.
78. Мына талаптарды қанағаттандыратын, iске асырылатындарын қоса алғанда, атқарушы агенттiктер сонымен бір мезгiлде барлық жергiлiктi инвестициялық жобаларға өтiнiмдер қалыптастырады:
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен белгiленген тәртiппен ресiмделген жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасын келiсуi туралы облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдарының оң қорытындысының болуы.
79. Өтiнiмдер жыл сайын мынадай құжаттар қоса берiле отырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына берiледi:
жоспарланатын үш жылдық кезеңге жобаларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемдерiнiң болжамы көрсетiле отырып, басымдық тәртібімен сараланған ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi;
қаржыландыру жоспары орындалмаған жағдайда бөлiнген қаражаттың тиiмсiз пайдаланылу себептерiн көрсете отырып, алдындағы жылда және жобалардың iске асырыла бастауының барлық кезеңiнде ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын iске асыру туралы есептер;
жоспарланатын кезеңнiң әрбір жылына ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобалары бойынша қаржыландыру көлемдерiн негiздеу;
жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылына инвестициялардың мәлiмделген көлемдерiн негiздейтiн құжаттама.
80. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 79-тармағының талаптарына сәйкес осы Ереженiң 79-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн берiлген немесе құжаттардың толық емес құрамымен берiлген өтiнiмдердi ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiне енгізу тұрғысында қарамайды.
81. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы берiлген өтiнiмдердi:
мемлекеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкестігі;
техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен белгіленген тәртіппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
Қазақстан Республикасының Үкiметі құрылыс құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы;
облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық жобасын келiсу туралы оң қорытындысының болуы;
жобалар бойынша қаржыландырудың сұралатын көлемiнiң объективтiлігі мәнi бойынша қарайды.
82. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы қараудың нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын қаржыландыру лимитi шегiнде ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастырады және ауданның (қаланың) қаржыны басқару жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органына енгiзеді.
15-тарау. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының
ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық жобаларының
тізбесін қарауы
83. Ауданның (қаланың) қаржыны басқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы қаржы жылында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған лимит шегiнде инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру тiзбесi және көлемi жөніндегі ұсыныстарды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
84. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет жобасын қалыптастыру барысында ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешiмi бойынша ауданның (қаланың) инвестициялық жобаларының тiзбесiн пысықтайды және қаржыландыру көлемдерiн қайта қарайды.
85. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде жоспарланатын үш жыл кезеңге арналған ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi аудан (қала) мәслихатының бекітуiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
№ 1219 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 476-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 673 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 25, 233-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 58-құжат).
4. "Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсу рәсiмi жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 30, 368-құжат).