Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын
аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының
Үкіметімен келісу рәсімі жөніндегі ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
17 шілдедегі № 1082 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1219 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Жергілiктi атқарушы органдар қарыз алу жолымен тартатын қаражатты экономиканың басым секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Yкіметімен келiсу рәсiмi жөніндегі ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды экономикалық бағалауды жүргiзуге өкiлеттi орган болып айқындалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2000 жылғы
17 шілдедегі № 1082 қаулысымен
бекітiлген
Жергіліктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен
қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсу рәсiмi жөніндегі
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсу рәсімі жөніндегі осы ереже (бұдан әрi - Ереже), жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламалардың (бұдан әрi - АИБ) нысаны мен мазмұнына және АИБ-ты келiсу үшін қажеттi басқа да материалдарға қойылатын талаптардың және оларды келiсудiң тәртібін айқындайды.
2. АИБ-ты Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсудiң мақсаты АИБ-ты экономикалық бағалаудың нәтижесiнде жергіліктi атқарушы органдар қарыз алу жолымен тартатын қаражатты экономиканың басым секторларына ұтымды және тиiмдi инвестициялауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Ереже АИБ-қа экономикалық бағалау жүргiзуге өкiлеттi органның (бұдан әрi - өкiлеттi орган), АИБ әзiрлеу және iске асыруды жүзеге асырушы басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергіліктi атқарушы органдардың қолдануы үшiн мiндеттi.
4. Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік және мемлекет
кепілдiк берген қарыз алу және борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
5. Осы Ереже республикалық бюджеттен жергiлікті атқарушы органдарды несиелендiру жолымен қаржыландырылатын жобаларға қатысты, оларды тек АИБ-та ескеру бөлiгiнде қолданылады. Мұндай жобалар бойынша рәсiмдер Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына байланысты заңнамамен реттеледi.
2. АИБ-ты келiсу тәртібі
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Парламентiне алдағы қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңның жобасын ұсынғаннан кейiн өкiлеттi органға аталған Заңның жобасындағы, жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитi шеңберінде, жергілiктi атқарушы органдардың қарыз алуы лимитiнiң бастапқы мөлшерлерiн ұсынады. Бұл ретте әрбiр жергілiктi атқарушы орган бойынша Республикалық бюджет туралы заңның жобасында көзделген инвестициялық бағдарламаларды республикалық бюджеттен несиелендiрудiң мөлшерi көрсетiлуге тиiстi. Осы көрсеткiштер нақтыланады және аталған заң бекітілгеннен кейiн қайтадан жiберiледi.
7. Өкiлеттi орган осы ақпараттың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдарға АИБ жобаларын беруге сұрау салады.
8. Жергiлiктi атқарушы орган осы Ереженiң 3-тарауының талаптарына сәйкес өкiлеттi органға АИБ жобасын жөне АИБ-ты келiсу үшiн қажет басқа да материалдарды бередi.
9. Өкiлеттi орган берiлген материалдардың негiзiнде олар берiлген кезден бастап 10 күн мерзiмде жергiлiктi атқарушы органның АИБ-ты қаржыландыру үшiн қарыз алуының көлемi, шарттары, сызбасы және мерзiмдерi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақпарат жiбередi.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкiлеттi органның ақпараты берiлген кезден бастап 15 күн мерзiмде тиiстi жергілiктi бюджеттiң бекітілген, жоспарланатын және болжамды өлшемдерiн ескерiп АИБ-ты қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуының көлемдерiн және шарттарын бағалауды жүзеге асырады және өкiлетті органға тиiстi қорытынды бередi.
11. Өкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган берген материалдардың негiзiнде, олар түскен кезден бастап 30 күн мерзiмде АИБ жобасын экономикалық бағалауды жүзеге асырады, экономикалық қорытынды әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қорытындысымен бiрге жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.
12. Өкiлеттi орган экономикалық бағалауға басқа да орталық атқарушы органдарды тартуға құқылы.
13. Өкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган АИБ-ты жергiлiктi бюджетте көрсетеді және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне қаулының тиiстi жобасын енгiзедi.
3. АИБ-қа және АИБ-ты келiсу үшін қажетті
басқа да материалдарға қойылатын талаптар
14. АИБ жергiлiктi атқарушы орган қарыз алу жолымен тартатын қаражат есебiнен iшiнара немесе толық қаржыландыруын жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды iске асыру бағдарламасы болып табылады. АИБ қарызға алынған қаражатты игерудiң әр жылында Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілiп отыруға тиiстi. АИБ-қа өзгерістер енгiзiлуi осы ережемен белгіленген рәсiмдердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметімен келiсудi қажет етедi.
15. АИБ жобалардың талдау бөлiгiнен және тiзбесiнен тұруға тиiстi. Шағын және орта бизнестiң жобалары және шаруа мен фермер шаруашылықтарын дамытудың жобалары АИБ құрамында бiртұтас кешендi жобалар (бағдарламалар) ретінде бiрiктiрiлген түрiнде берiлуге тиiсті.
16. АИБ-тың талдау бөлiгi аймақтағы жалпы экономикалық жағдайды талдаудан, өткен жылдардағы АИБ-тың iске асырылуын талдаудан, АИБ-тың, соның iшiнде қарызға алынған қаражаттар есебiнен қаржыландыру көлемiнен, аймақтық инвестициялық саясат басымдықтарынан, олардың аймақтық даму стратегиялары мен бағдарламаларының өзара байланысынан және АИБ жобаларының құрамына кiретiн жобалардың оларға сәйкестігiнен тұруға тиiсті.
17. АИБ жобаларының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес нысанда берілуге және әрбiр жоба бойынша мынадай ақпараттан тұруға тиiстi:
1) жобаның атауы;
2) жобаны iске асыру кезеңі;
3) қаржыландыру көздерi (республикалық бюджеттен несиелендiру, кредиторы көрсетiле отырып, кредитормен займ туралы шарт (келісім) жасау жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, бағалы қағаздар шығару жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, жобаны жергiлiкті бюджеттiң өз көздерiнен және заң актілерімен көзделген қаржыландырудың өзге де көздерiнен қаржыландыру);
4) жобаның жалпы құны;
5) жылдар бойынша бөле отырып қаржыландыру көздерi бойынша жобаны қаржыландыру көлемi (қаражатты игерудiң жылдық көлемi бойынша);
6) жоба бойынша қуаттардың заттай көрсеткiштерiмен алынған көлемдерi және оларды пайдалануға қосудың жылдық көлемдерi.
18. АИБ жобаларының тiзбесiнде құндық көрсеткiштер қаржыландыру валютасымен және теңгемен көрсетіледi. Бұл ретте шетел валюталарын теңгемен есептеу үшiн қабылданған айырбас бағамы көрсетілуге тиiстi.
19. АИБ жобалары тiзбесiнiң соңында АИБ жобаларын және соның ішінде қарызға алынған қаражат есебiнен қаржыландырудың қорытынды сомасы теңгемен көрсетiледi.
20. АИБ жобаларының құрамына енгізiлген әрбiр жобаға мынадай материалдар қоса берiлуге тиiстi:
1) анықтама парағы;
2) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрi - ТЭН). Бұл ТЭН-ге қойылатын талаптар Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына мәлiмделетiн жобалар жөніндегі ТЭН-ге қойылатын талаптарға ұқсас;
3) тиiстi салалық жергiлiктi атқарушы органның салалық сараптамасы қорытындысының көшірмесi;
4) сол аймақта қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асырушы жергiлiктi атқарушы органның экологиялық сараптама қорытындысының көшiрмесi (заңнамада көзделген жағдайларда);
5) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы (Мемсараптама) аумақтық бөлiмшесi қорытындысының көшiрмесi (заңнамамен көзделген жағдайларда);
6) түпкi заемшылар ретiнде Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнiң және Қазақстан Республикасы рыногындағы үстем жағдайдағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттік тiркелiмiнің жергіліктi бөлiмдерiне енгiзiлген шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қатысуы iске асырылуында көзделетiн жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық бөлiмшесi қорытындысының көшiрмесi.
21. АИБ жобаларына енгiзiлген жоба бойынша анықтама парағы мынадай ақпараттан тұруға тиiстi:
1) жобаның атауы;
2) жобаның мақсаты мен мәнi;
3) жобаның аймақтық инвестициялық саясат басымдықтарына және аймақтық даму стратегиялары мен бағдарламаларының басымдықтарына сәйкестiгi;
4) жобаның теңгемен алғандағы құны;
5) жобаның iске асырылу кезеңi;
6) жобаның орналасқан жерi;
7) қаржыландыру көздерi (республикалық бюджеттен несиелендiру, кредиторы көрсетiле отырып, кредитормен займ туралы шарт (келісім) жасау жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, бағалы қағаздар шығару жолымен тартылған қаражат есебiнен қаржыландыру, жобаны жергілiкті бюджеттің өз көздерiнен және қаржыландырудың өзге де көздерiнен қаржыландыру);
8) қарыз алудың қаржылық шарттары (өтеу мерзiмi, жеңiлдік кезеңi, пайыздық ставкасы, комиссиялық төлемдер және тағы басқалары);
9) жобаны iске асырудың барлық жылдары бойынша бөле отырып қаржыландыру көздерi бойынша жобаны қаржыландыру көлемi (қаражатты игерудiң жылдық көлемi бойынша) қаржыландыру валютасымен;
10) жоба бойынша қуаттардың заттай көрсеткіштерiмен алынған көлемдерi және оларды пайдалануға енгiзудiң жылдық көлемдерi;
11) жобаның еңбек ресурстарын қажет етуi және оның халықты еңбекпен қамтуға әсерi;
12) жобаны iске асыру үшін институциональдық (ұйымдастыру) мүмкiндiктерi.
4. Экономикалық бағалау барысында
тексеруге жататын негізгi мәселелер
және өкiлетті органның қорытындысының құрамы
22. Экономикалық бағалау жүргiзу барысында АИБ жобалары бойынша берiлген материалдардың мазмұнына талдау жасалады және оларды АИБ-қа енгiзудiң орындылығы, бағалаудың мынадай түрлерiн орындау негiзiнде талданады:
1) жобалардың инвестициялық басымдықтарға сәйкестiгiн бағалау;
2) жобаны институциональдық (ұйымдастырушылық) бағалау;
3) тиiстi сарапшы органдар орындаған сараптамалардың жобаның мазмұнына сәйкестігі;
4) жобаны әлеуметтiк бағалау;
5) жобаны қаржылық бағалау;
6) жобаны экономикалық бағалау (iске асырылуының экономикалық орындылығы);
7) жобаның жоспарланған мерзiмде аяқталмауының, жобаның мақсаттарына қол жетпеуiнiң, заем қаражатының қайтарылмауының қатерiн бағалау.
23. Өкiлеттi органның қорытындысына мынадай бөлiмдер кiредi:
1) АИБ жобаларының қысқаша сипаттамасы (жобалар саны, жобалардың салалық бағдарлануы, қаржыландырудың жалпы көлемi, АИБ-ты iске асырудың қорытындысы бойынша күтiліп отырған нәтижелердің жалпы баяндалуы);
2) берiлген және жоқ құжаттардың құрамы туралы қорытынды;
3) осы Ереженiң 22-тармағында аталған, АИБ-ты бағалаудың нәтижелерiнiң жалпы баяндалуы;
4) қорытындылар және ұсыныстар.
5. АИБ-тың iске асырылуын бақылау
24. Жергілiктi атқарушы орган АИБ-ты iске асыру барысында, есепті айдан кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде, өкiлеттi органға АИБ-ты iске асыру барысы туралы тоқсан сайын есеп бередi.
25. АИБ-тың iске асырылуы туралы есеп мынадай ақпараттан тұруға тиісті:
1) қаржыландыру көздерi бойынша бөле отырып тұтастай және әрбiр жоба бойынша жекелей АИБ жобаларын нақты қаржыландыру көлемi (теңгемен және қаржыландыру валютасымен). Бұл ретте шетел валюталарын теңгемен қайта есептеу үшін қабылданған айырбас бағамы көрсетiлуге тиiстi (бүкiл жылға тұтас қабылданады). Деректер есептi кезеңге және жыл басынан өсу жиынтығымен берiледi;
2) АИБ жобалары бойынша қуаттарды пайдалануға қосу туралы мәлiметтер. Деректер есептi кезеңге және жыл басынан өсу жиынтығымен берiледi;
3) АИБ жобаларын iске асыру нәтижесiнде жұмыс орындарын құру туралы мәлiметтер;
4) АИБ жобаларын iске асыру барысында туындаған проблемалар және оларды жою үшiн қолданылған, қабылданған шаралар туралы мәлiметтер.
Қосымша
Жергілікті атқарушы органның қарыз алуы есебінен қаржыландырылатын
аймақтық инвестициялық бағдарлама жобаларының тізбесі
(облыс/қала атауы) ______________________________
_______________________________________________________________________
N ! Жобаның атауы ! Іске асыру ! Қаржыландыру ! Өлшем !
! ! кезеңі ! көздері/Жоба !бірліктері!
! ! (жылдар) !бойынша қуаттар ! !
________________________________________________________________________
Барлығы
________________________________________________________________________
1 ... ...-... Барлығы теңге .../...
... */теңге .../...
... */теңге .../...
(қаржыландыру
көздерінің атауы)
________________________________________________________________________
... ... ...
... ... ...
(жоба бойынша (заттай
қуаттардың атауы) көрсеткіштер)
________________________________________________________________________
2 ... ...-... Барлығы теңге .../...
... */теңге .../...
... */теңге .../...
________________________________________________________________________
... ... ...
________________________________________________________________________
... ... ... ... ... ...
________________________________________________________________________
Барлық қаржыландыру теңге ...
________________________________________________________________________
Соның ішінде қарызға алынған қаражат есебінен теңге ...
________________________________________________________________________
Шетел валюталарын теңгемен есептеудің бағамы:
...
...
__________________
*-қаржыландыру валютасы
таблицаның жалғасы
_______________________________________________________________________
Қаржыландыру көлемі/ Жоба бойынша қуаттарды пайдалануға беру
____________________________________________________________________ ___
Жоспарланатын ! Жоспарланатын ! Болжам
жылға дейін ! жылға (жоспар)!______________________________________
(факт) ! !Жоспарланатыннан ! Жоспар. !Кейінгі
! !кейінгі 1-і жылға!ланатыннан!жылдарға
! ! !кейінгі |
! ! !2-і жылға !
_______________!________________!_________________!__________!_________
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
.../... .../... .../... .../... .../...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
... ... ... ... ...