Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314;05.12.03 ж. № 1240 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi таратылсын.
3. Министрлiктiң үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
Министрлiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі";
91-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
2) "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын:
"10-1 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 108";
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1-жолмен толықтырылсын:
"6-1 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 805".
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Министрлік бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173
қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басшылықты, салааралық үйлестiрудi және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрлiктiң мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы қоршаған ортаны қорғау басқармалары және республикалық инспекциялық басқармасы болады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінiң кесімдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түceдi.
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкiлеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан түсуге құқығы бар.
4. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделеді.
5. Министрлiктiң ережесін және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындауға кәсiпкерлiк субъектілермен шарт қатынасына түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заң актілерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджет кiрiсiне бағытталады.
2. Министрлiктің негізгі мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және табиғатты қорғау заңнамасын, экологиялық талаптар нормативтерiн сақтауды қамтамасыз ету;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау жүйесiн, өзiнің құзiретi шегiнде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерiн жетілдiру;
3) қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру және табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысy;
4) қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру;
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық тарату жүйесiн және ағартушылықты дамыту.
11. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi және мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
2) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және де өзге қызметке экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi, ластағыш заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгінділеріне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталар белгiлейдi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiне, зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен төгiндiлерiне лицензия бередi;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi;
5) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай жүйесiне басшылықты жүзеге асырады, үлгiлiк ережелердi бекiтедi және өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларын келiседi;
6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн білдiредi, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырады;
7) қоршаған ортаның жай-күйін бағалауды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабардар етедi;
8) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргiзедi және экологиялық сараптама қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
9) қоршаған ортаға тигiзетiн әсердi бағалауды және оны жүргізу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу жөніндегі нұсқамалық-әдістемелік құжаттарды белгiленген тәртіппен әзiрлейдi және бекiтедi;
10) табиғатты қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға белгiленген тәртiппен лицензиялар берудi жүзеге асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы сараптама комиссияларының дербес құрамын анықтайды;
12) гидрометеорологиялық жағдай мен онымен аралас салалардағы мониторингті және талдауды жүзеге асырады;
13) қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер бағдарламасын әзiрлейдi және бекiтедi;
14) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық-талдама жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
15) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын, оның iшiнде:
атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындыларының белгiленген нормативтерiн, өндiрiстiк объектілердiң санитарлық-қорғау аймақтарының режимiн, атмосфералық ауаны қорғау стандарттарын, ережелерi мен өзге де талаптарды сақтауды;
жерлердi техногендiк ластанудан қорғауды, топырақ құнарлылығын қорғауды, қалпына келтiру және арттыру жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындауды;
табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында және мемлекеттік сараптаманың қорытындыларында белгiленген шарттарды сақтауды, табиғатты пайдалануға арналған шарттарды (келісім-шарттарды) орындауды;
су ресурстарын ұтымды пайдалануды, жер үстi суларын ластанудан, тозаңдану мен азудан қорғауды, суды пайдалану және су бөлу лимиттері (нормалары) мен ережелерiн, сондай-ақ суды пайдалану режимiн, сарқынды сулардың төгілу тәртібі мен шарттарын сақтауды;
радиациялық қауiпсiздiк талаптарын сақтауды;
өнеркәсiптiк, тұрмыстық және де өзге қалдықтарды көму (қоймаға салу) кезiнде табиғатты қорғау шараларын орындауды;
жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен пайдалану кезіндегі талаптарды сақтауды;
пестицидтердi, минералдық тыңайтқыштарды, басқа да химиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату жөнiндегі нормалар мен ережелердi сақтауды;
табиғатты қорғау мақсаттарына бағытталған күрделi салымдарды игерудi;
жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы табиғатты қорғау режимiн сақтау;
жоғалып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң жабайы түрлерiн елге кiргiзу мен оның шегiнен шығару талаптарын орындауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
16) меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
17) қоршаған ортаны қорғау саласындағы талдау зертханаларының жұмысын бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастырады;
18) заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген жағдайларда және тәртіппен тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар беру туралы шешімдерді келiседi;
20) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-әрекет етедi;
21) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
22) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
12. Министрлiк негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы:
1) өз құзыретi шегiнде лицензиялауды жүзеге асыруға және лицензияларды келiсуге;
2) өз құзыретi шегiнде табиғатты пайдалануға, оның iшiнде ластағыш заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен тастандыларына, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын көму мен сақтауға рұқсаттар беруге;
3) меншiк нысанына қарамастан, ұйымдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне зертханалық-талдамалы бақылауды жүзеге асыруға;
4) шаруашылық қызметтiң қауiптi түрлерiне, ластағыш заттардың қоршаған ортаға шығарындылары мен тастандыларына, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға байланысты табиғатты пайдалануға арналған шарттар (келісім-шарттар) жасасуға;
5) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаның сапа нормативтерiн және шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық талаптарды, оның iшiнде:
атмосфераға шығарындылардың, жер үстi және жер асты суларына тастандылардың шектi рұқсат етілген нормативтерiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер ету нормативтерiн, зиянды заттардың рұқсат етiлген көмiлу көлемi мен қалдықтардың жергiлiктi жер рельефiнде және жер қойнауында орналастырылу нормативтерiн;
қоршаған ортаны ластағаны үшiн, оның iшiнде атмосфераға шығарындылар, жер үстi және жер асты суларына тастандылар үшiн, зиянды заттардың көмiлуi мен қалдықтардың жергiлiктi жер рельефiнде және жер қойнауында орналастырылуы үшiн төлемдер нормативтерiн бекітуге және келiсуге;
6) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік экологиялық сараптаманы, мемлекеттік бақылауды және мониторингті жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
7) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу туралы iстер бойынша сот анықтауларында мемлекет атынан қуыну талаптарын қоюға және қуынушы болуға;
8) табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәселесi бойынша тексерулер жүргiзуге және заңнамада белгiленген тәртiппен ұйымдардың құрылыстар мен объектiлердiң жұмысын шектеу және тоқтату, оларды пайдалану үшiн iске қосуға тыйым салу, экологиялық талаптарды бұзып жүзеге асырып жатқан шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу немесе тоқтату туралы ұйғарым шығаруға немесе осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;
9) белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-әрекет етуге;
10) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Министрлiктiң мүлкі
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Министрліккe бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
15. Министрлiктiң бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
17. Министр Министрліктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жауап бередi.
18. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын айқындайды;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бас мемлекеттік экологиялық сарапшыларды және бас мемлекеттік инспекторларды тағайындайды;
5) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне, сондай-ақ Министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза, сондай-ақ көтермелеу шараларын қолданады;
6) Министрлiктің бұйрықтарына қол қояды;
7) ведомстволары туралы ережелерден басқа, Министрліктiң аумақтық органдары және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
8) басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiктің Министрдiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.
Министрлiк жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың проблемалық мәселелерiн қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың дербес құрамын Министр бекiтеді.
5. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1240 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
"Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
"Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
"Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
"Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
Ақмола облысы
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Ақтөбе облысы
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Алматы облысы
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Атырау облысы
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Шығыс Қазақстан облысы
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Жамбыл облысы
6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Батыс Қазақстан облысы
7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Қарағанды облысы
8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Қостанай облысы
9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Қызылорда облысы
10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Маңғыстау облысы
11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Павлодар облысы
12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Солтүстiк Қазақстан облысы
13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Оңтүстiк Қазақстан облысы
14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Астана қаласы
15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
16. Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы.
Алматы қаласы
17. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 489-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысының 9-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 ақпандағы № 260 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 100-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 347 қаулысының 6-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 134-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 793 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 2 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 278-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 51 қаулысының 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 14-құжат).
7. "Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 55 қаулысының 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 15-құжат).