Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 51 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі" бөлімінде реттік нөмірі 91-2-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі туралы ережедегі:
1-тармақтың екінші абзацындағы "Геология және жер қойнауын қорғау комитеті" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
4) тармақшадағы "жер қойнауы" деген сөздер алынып тасталсын;
7) тармақшадағы "оның ішінде республиканың минералдық-шикізат базасының" деген сөздер алынып тасталсын;
11) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақшадағы "сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу" деген сөздер алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінен:
"Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы РГАО" мемлекеттік мекемесі;
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі