Табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйін оларға қатысты қабылданатын шешiмдердi негiздеу үшiн шұғыл түрде қадағалау жүйесiн дұрыс жолға қою қажет.
Реттеушi органның көзқарасы тұрғысында табиғи монополиялар субъектiлерiне мониторингтi мынадай бағыттарда ұйымдастыpy қажет:
әр субъектiнiң негiзгi қаражатының жай-күйiнiң мониторингi;
көрсетілетiн қызметтер көлемiнiң мониторингi;
шығыстар мен кірiстердiң мониторингі;
қызметтердi тұтынушылардың мониторингi.
Осы мақсаттар үшiн көрсетiлген бағыттарда табиғи монополиялар субъектiлерiнiң жай-күйiн модельдеудiң тиiстi құралдарын және қажеттi статистикалық нысандарды әзiрлеу қажет.
Жиналатын ақпараттың үлкен көлемiне және шұғыл талдаудың қажеттiгiне орай деректердiң автоматтандырылған дерекқорын құру талап етіледi (2004 жылғы 4-тоқсан). Табиғи монополиялар субъектiлерi жай-күйiнiң нәтижелерi субъектiнiң өзiнiң жай-күйiн сапалы талдау, ұсынылатын инвестициялық бағдарламалардың негiздiлiгiн бақылау, қызметтердiң көлемiн, тарифтердiң деңгейiн болжау тарифтердiң тұтынушылардың жай-күйiне әсерiн талдау үшiн пайдаланылатын болады.
3) Тарифтерді өзгертудің экономиканың басқа салаларына және халыққа әсерін талдау құралдарын әзірлеу
Табиғи монополиялар субъектiлерiн талдау мен олардың қызметтерiн тұтынушыларды талдау сұраным көлемдерiнiң тарифтердiң деңгейiне тәуелдiлiгi тұрғысында салалардың өзара әсер дәрежесiн бағалау мен тарифтердiң теңгерiмдi деңгейiн негiздеу мiндеттерiне жүйелi көзқарастың қажет екендiгiне әкеледi.
Табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтер деңгейлерiнiң экономиканың басқа салаларына қатысушылардың жай-күйiне өзара әсерiн бағалаудың неғұрлым тез жолы, тұтастай алғанда, экономиканың мүдделерi тұрғысында салалар арасындағы теңгерiмінің мүмкiн бұзылуы туралы бiлдiретiн макро- және микродеңгейге индикаторлар жүйесін айқындауға негізделген.
Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, табиғи монополиялар саласына тiкелей қатысушылардың дамуының жай-күйi мен серпiнiн сипаттайтын микродеңгейлі индикаторларды әзiрлеу қажет.
Мысалы, табиғи монополия субъектiлерінің жай-күйi мен даму серпiнен сипаттайтын индикаторларға:
көрсетілген қызметтердiң (жұмыстардың) негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерін;
негiзгi құралдар жай-күйiнiң көрсеткiштерiн (тозу дәрежесiн, жаңарту коэффициенттерiн, жою коэффициенттерiн, қуаттардың тиелу деңгейiн және басқаларды) кiрiстiлiктiң қаржылық көрсеткiштерiн (пайданы, шығарылатын өнiмдер мен қызметтердiң пайдалылығын, активтердiң пайдалылығын, меншiктi капиталдың пайдалылығын және басқаларды);
инвестициялық белсендiлiктiң көрсеткiштерiн (негiзгi және айналым капиталына инвестициялардың көлемiн, инвестицияларды қаржыландырудың көздерiн) жатқызуға болады.
Табиғи монополиялардың өнiмдерi мен қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйiн көрсететiн индикаторларға мыналарды жатқызуға болады:
жеке тұлғалар (халық) үшiн: аймақтар бойынша халық табысының деңгейiн; халықтың сатып алу қабiлетiнiң бағасын; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың халықтың жалпы тұтыну шығыстарындағы үлесiн;
заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен ұйымдар) үшiн: кәсiпорындар кiрiстілігiнiң көрсеткiштерiн; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың шығындардың жалпы құрылымындағы үлесiн жатқызуға болады.
Бiр саладағы тарифтердiң өзгеруiнiң басқа сала субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық жай-күйiне әсерiн бағалау экономиканың дамуындағы макроэкономикалық теңгерiмді қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда мемлекет үшiн үлкен мәнге ие.
Қаралып отырған проблеманың теорияға да, практикаға да қатысты үлкен күрделілігі мен ауқымдылығы, көптеген сыртқы және iшкi факторлардың әсерiн ескеру қажеттігi қазiргi заманғы экономика және математика ғылымының құралдары арқылы зерттеудiң кешендi сандық әдiстерiн бiр саланың шегiнде де әзiрлеудi мүмкiн етпей отыр. Қазiргi модельдер мен әдiстер негiзiнен әртүрлi макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастырады, салалардың өзара әсер ету дәрежесiне кейбір сапалы бағаларына сүйенедi және салалардың тепе-теңдiгiне әсер ететiн бiр немесе екi басты фактор ескеріледi. Осындай модельдердi шешу негiзінде алынған қорытындылар сапалы сипатқа ие, өйткенi модельде ескерiлмеген факторлардың әсерi басты факторлардың әсерiмен салыстырылуы мүмкiн.
Табиғи монополиялар тарифтерi деңгейлерiнің салалардың жай-күйiне өзара әсерiн макроэкономикалық талдау әдiстемесiн әзiрлеу қажет. Бұл әдiстеменiң шұғыл талдау үшiн қолданудың ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы аралық мерзiмi болуы тиiс.
Индикаторлар арасындағы өзара байланыстарды зерттеу салалардың тарифтiк жүйесiнiң басқа салалардың қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне өзара әсерi туралы жорамалдауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте индикаторлардың бiр-бiрiне әсер етуiн зерделеудiң тиiстi әдiстерiн әзiрлеу қажет.
Сондай-ақ тарифтердiң өзгеруiнiң халықтың жағдайына әсер ету салдарларын бағалау қажет. Бұл үшiн аймақтар бойынша халық табысының деңгейi мен тұтыну шығыстарының құрылымын талдау қажет. Табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың халықтың жалпы тұтыну шығыстарындағы үлесiн бағалау керек. Одан ары осы шаманың тариф шамасы өзгерген кезде қалай өзгеретiнiн байқау қажет. Сонымен қатар халықтың тарифтiң өзгергенiне қалай қарайтынын (ұсынылатын қызметтердi тұтыну көлемдерiнiң өзгеруi мағынасында) бағалауға, яғни табиғи монополиялардың қызметтерiне сұраным икемдiлiгiнiң коэффициенттерiн бағалауға болады. Осы коэффициенттердi ескере отырып, тарифтiк саясатты айқындау қажет.
Көрсетiлген мақсаттарды iске асыру үшiн реттеушi орган Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiмен және басқа да құзыреттi (салалық) министрлiктермен бiрлесiп, ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйi индикаторларының жүйесiн (2003 жылдан бастап) әзiрлеу қажет.
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРI
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. № 337 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаның құны 992,188 млн. теңге мөлшерiнде бағаланады. Қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiлетiн болады.
2002 жылы нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге және жетiлдiруге консультанттар тартуға республикалық бюджеттен 17,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
Бағдарлама 2003-2004 жылдары 975,088 млн. теңге мөлшеріндегі, оның iшiнде 2003 жылы 435,362 млн. теңге мөлшеріндегі, ал 2004 жылы - 539,726 млн. теңге шығындарды талап етедi.
3-кесте
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын
жетiлдiрудiң 2003 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасының
мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн қажеттi ресурстар
(млн. теңге)
Іс-шаралар | 2003 ж. | 2004 ж. | Жиыны: |
Нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге және жетiлдiруге консультанттар тарту, оның iшiнде: табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң қызметiн реттейтiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және техникалық сараптама жүргiзу Тауар рыноктарына талдау жүргiзу Монополистер қызметiнiң мониторингi бойынша электрондық дерекқор жасау (1-ші кезең) Барлығы: | 85,362 85,362 - 350 - 0 435,362 | 135,362 100 35,362 220 80 104,364 539,726 | 220,724 185,362 35,362 570 80 104,364 975,088 |
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген сома жыл сайын заңнамада белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясында нақтыланатын болады.
7. Күтілетін нәтижелер
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. № 337 қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
Тарифтік саясатты жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:
табиғи монополист кәсіпорындар қызметтеріне тарифтерді өзгертудің 2002-2004 жылдарға арналған индикативтік болжамы кестеге сай келеді.
4-кесте
Табиғи монополист кәсіпорындардың өнімі мен қызметтеріне
тарифтерді өзгертудің 2002-2004 жылдарға арналған индикативтік болжамы
Мемлекеттік реттеуіштер | 2002 ж- желтоқсан 2001 ж- желтоқсанға қарағанда, %, болжам | 2003 ж- желтоқсан 2002 ж- желтоқсанға қарағанда, %, болжам | 2004 ж- желтоқсан 2003 ж- желтоқсанға қарағанда, % болжам |
Бөлуші электр желісі компа- 108,6 103,1 104,5 ниялары беретін электр энергиясы |
Магистральды желілер арқылы 103,0 106,0 107,0 электр энергиясын тасымалдау |
Табиғи газды тасымалдау: Магистральды құбыр желілері арқылы 100,0 100,0 100,0 Бөлуші құбыр желілері арқылы 110,4 105,4 103,8 Мұнайды магистральды құбыр желілері арқылы тасымалдау** 100 100,0 100,0 |
Жылу энергиясы 11,3 103,8 104,2 |
Ауыз суды беру және 113,1 107,1 109,3 ағынды суды бұру 102 106,9 107,9 |
Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жүктерді республика ішінде темір жол көлігімен тасымалдау 104,1 105,9 105,8 |
Темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау 105,8 105,7 105,4 |
Байланыс қызметтері: Шаруашылық жүргізуші субъектілер 104 103 103 үшін халық үшін 105 105,9 105,8 |
Почта байланысының 105,5 102 102 жалпыға қол жетiмдi қызметтерi |
Ескерту: ** "ҚазТрансОйл" ЖАҚ үшін тасымалдау тарифін есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты
тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және табиғи монополиялар субъектілерi қызметiнiң ашықтығын арттыруға мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
табиғи монополиялар саласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу тетiгiн жетiлдіретiн әдіснамалық жолдарды әзiрлеу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнің өндiрiсiн жаңартуды инвестициялау үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету;
өндiрiстi жаңғырту және нормативтен жоғары ысырапты азайту есебiнен ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру;
табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерi өзгеруiнiң олардың тұтынушыларына әсерiн талдауға мүмкiндiк беретiн әдiстемелер мен бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу;
табиғи монополиялар қызметiнiң саласының мониторингi жүйесiн құру;
табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметтерiне тарифтердi тұтынушылардың топтары бойынша негiзсiз саралауды жою.
8. Бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. № 337 (бұр. ред. қара); 31.08.04 ж. № 914 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
┌───┬──────────────────────────┬────────┬────────────┬────────┬─────┬────────┐
│Р/с│ Іс-шара │Аяқталу │Орындалуына │Орындалу│Бол- ├Қаржы- │
│N │ │нысаны │(іске асыры-│(іске │жанып│ландыру │
│ │ │ │луына) │асырылу)│отыр-│көзі │
│ │ │ │жауаптылар │мерзім- │ған │ │
│ │ │ │ │дері │шығ- │ │
│ │ │ │ │ │ыстар│ │
├───┴──────────────────────────┴────────┴────────────┴────────┴─────┴────────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2002 жыл │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1 Активтердің реттелетін ТМРБҚА ТМРБҚА, 2002 ж. 1,5 Респуб- │
│ базасына пайда ставкасын бұйрығы ЭМРМ, ККМ 4-тоқсан бюджет │
│ есептеу жөніндегі әдістеме- │
│ ні және оларды табиғи моно- │
│ полиялар субъектілері үшін │
│ белгілеу тәртібін әзірлеу │