Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 және
2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 914 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтiк саясатын жетілдiрудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 35, 375-құжат):
2-тармақтағы "(келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетілдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
"8. Бағдарламаның iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
"2004 жыл" деген кішi бөлімде:
4-бағандағы "(келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрлерi 34, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47-жолдарда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 ж. 4-тоқс.";
реттік нөмiрi 43-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 ж. 3-тоқс.";
2) "Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөніндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 136-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарында:
"5. Өндiрiс факторларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру жөніндегі шаралар" деген бөлiмде:
"5.5. Мемлекеттік реттеу" деген кiшi бөлiмде:
"5.5.1. Тарифтiк саясат және бәсекелестiкті қорғау" деген тарауда:
4-бағандағы "(келiсім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмiрлерi 5.5.1.2., 5.5.1.3., 5.5.1.4-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |