│субъекті- │ │ │әсері │
│лері │ │ │ │
├─────────────┴────────────┴─────────────────┴──────────────────────────────┤
│Темір жол Темір жол Өнеркәсіп кәсіп- Темір жол көлігінің тарифі │
│көлігі магистраль- орындары; басқа өнімнің құнына көліктің │
│ дарын заңды тұлғалар; құрамдас бөлігі ретінде │
│ пайдалану кіреді │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
├Құбыр мен Мұнайды Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнеркәсіп кәсіпорындары-│
│тасымалдау магистраль- орындары; басқа ның өндірістік шығыстарына │
│көлігі ды құбырлар заңды тұлғалар; мұнай өнімдері құнының құрам- │
│ арқылы дас бөлігі ретінде кіреді │
│ тасымалдау │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Табиғи Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- │
│ газды орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі │
│ бөлуші заңды тұлғалар; ретінде кіреді │
│ құбырлар тұрғын үй-ком- │
│ арқылы муналдық шаруа- │
│ тасымалдау шылықтары │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Табиғи Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- │
│ газды орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі │
│ магист- заңды тұлғалар; ретінде кіреді │
│ ральды тұрғын үй-ком- │
│ құбырлар муналдық шаруа- │
│ арқылы шылықтары │
│ тасымалдау │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Суды Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- │
│ магистраль- орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі │
│ ды және заңды тұлғалар; ретінде кіреді │
│ бөлуші халық │
│ құбырлар │
│ арқылы │
│ тасымалдау │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Телекоммуни- Жергілікті Өнеркәсіп кәсіп- Тариф тұтынушылардың │
│кация желілерді орындары; басқа шығыстарына кезең шығыстары │
│ пайдалана заңды тұлғалар; ретінде кіреді │
│ отырып, халық │
│ көрсетілетін │
│ телекомму- │
│ никация │
│ қызметтері │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Аэрона- Аэронави- Әуетасымалдаушы- Тариф әуетасымалдау құнына │
│вигация гацияның лар; басқа заңды кіреді │
│ қызметтері тұлғалар; │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
¦Әуежайлар Әуежайлардың Әуетасымалдаушы- Тариф әуетасымалдау құнына │
│ қызметтері лар; басқа кіреді │
│ заңды тұлғалар; │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Айлақтар Айлақтардың Өнеркәсіп кәсіп- Тариф теңіз көлігімен тасы- │
│ қызметтері орындары; басқа малдаудың құнына кіреді │
│ заңды тұлғалар; │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Почта Почта Өнеркәсіп кәсіп- Тариф кәсіпорын шығыстарының │
│байланысы байланысының орындары; басқа жүк құжатына енгізіледі │
│ қызметтері заңды тұлғалар; │
│ халық │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Электр Электр Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің өзіндік құнына │
│энергетикасы және жылу орындары; басқа кезеңнің шығыстары ретінде │
│ энергиясын заңды тұлғалар; енгізіледі │
│ беру мен халық │
│ бөлу │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│Сумен Су шаруа- Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына │
│жабдықтау шылығы және орындары; басқа енгізілуі немесе кезең │
│ кәріз жүйе- заңды тұлғалар; шығыстары ретінде ескерілуі │
│ лерінің халық мүмкін │
│ қызметтері │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Талдау жүргiзу кезiнде әзiрше әлеуметтiк жағынан толық қорғалмаған халық сияқты тұтынушылар санатына баса көңiл аудару қажет.
Бiрiншi кезекте, бұл тұрғын үй-коммуналдық саланың табиғи монополияларының қызметтерiн тұтынуға қатысты. Бүгiн көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметi халық тарапынан "жағымсыз бағаға" ие, ол БАҚ-тағы көптеген жарияланымдармен расталады.
Қалыптасқан жағдайдың негiзгi себебi - бұл осы кәсiпорындардың қызметтерi құнының көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы төмен бола тұра, халық табысының орташа деңгейiне жоғары қатынасы.
Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар деңгейiнiң халықтың адам басына шаққандағы айлық ақшалай табысына арақатынастағы бағасы шамамен 30%-тi құрайды.
Сонымен бiр мезгiлде 2001 жылы республикада халықтың 28%-тен астамының табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен болды. Табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың неғұрлым үлкен үлесi 2001 жылы Жамбыл (48,4%), Маңғыстау (46,2%) және Оңтүстiк Қазақстан (38,4%) облыстарына тиесiлi болды.
Қазақстанның аймақтары бойынша табыстардың деңгейiнде аса елеулi айырмашылықтар бар. 2001 жылы атаулы ақшалай табыстың аймақаралық саралау коэффициентi 4,9%-тi құрады (2000 ж. - 5,0%). Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төленетiн ақы алынған зейнетақының үштен бiрiнен асады, бiрқатар облыстарда жартысына жуық.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, тарифтiк саясатты жүргiзу халықты әлеуметтiк қорғау бағдарламаларының орындалуын бақылауды күшейтуге және халықтың аз қамтылған жіктерiн қолдаудың қосымша тәсілдерiн iздестiруге негiзделуi тиiс.
4. ТАРИФТIК РЕТТЕУДІҢ НЕГIЗГI ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Экономиканың қазiргi даму кезеңiнде табиғи монополия саласының барлық қатысушыларының: табиғи монополия субъектiсiнің өзінің, оның қызметтерiн тұтынушылардың және мемлекеттiң мүдделерін ескеру қажет.
Реттеушi органның негiзгi функциясы мемлекеттiң басымдықты мақсаттарына және тұтынушы мен өндіруші мүдделерінiң тиiстi балансына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн тарифтердiң оңтайлы деңгейiн айқындау болып табылуға тиiс. Сондықтан табиғи монополияларды реттеудiң қазiргi моделi мемлекеттік әсер ету құралдарымен күшейтiлуге тиiс, олардың арақатынасы шешілетін экономикалық міндеттер мен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiне тәуелдi болуға тиiс.
Мүдделер балансын айқындау мiндетiнiң күрделілігi табиғи монополия саласына қатысушылар мүдделерінің қарама-қайшылығына негiзделген:
тұтынушы табиғи монополия субъектiсi қызметтерінің сапасына, төмен бағасына және сенiмділігіне мүдделi;
монополист пайданы ұлғайтуға, өндірістің тиімділігін арттыруға және тарифтердің негізсіз сараланымын қолдану практикасын жоюға мүдделі;
мемлекеттің мүдделеріне барлық қатысушыларды дамыту үшін жағдайлар жасау сәйкес келеді.
1-сурет
Тарифтер деңгейінің монополия рыногына қатысушылардың
қаржы-экономикалық жағдайына әсері
[Графикалық нысанды қараңыз]
Тарифтердің оңтайлы деңгейін айқындау үшін табиғи монополиялар саласына қатысушылардың жай-күйін, мүмкіндіктерін, даму перспективалары мен жоспарларын зерделеу және мониторинг жүргізу қажет. Осы мақсаттарда барлық осы қызмет саласына қатысушылардың мүдделерін ескеретін жаңа әдістер мен құралдарды әзірлеу қажет.
Осы контексте табиғи монополиялар саласындағы қазіргі тарифтік саясатты жетілдіру үшін:
тарифтік саясаттың әдіснамасын жетілдіру;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және жай-күйін мониторингілеу жүйесін әзірлеу;
табиғи монополиялардың қызметтерiн тұтынушылардың сұраным көлемiне талдау жүргiзу;
мемлекеттiң макроэкономикалық мақсаттары мен мүдделер балансы тұрғысында есептелген тарифтердiң объективтiлiгiн бақылау әдiстерiн (тарифтер деңгейiнiң экономиканың басқа салаларына және халыққа әсерiн есептеуге арналған құралдарды) әзiрлеу қажет.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. № 337 қаулысымен 1-тарау өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттiң, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және олардың қызметтерiн тұтынушылардың мүдделер балансына қол жеткiзуге бағытталған орташа мерзiмдi негiздегi тарифтiк саясатты қалыптастыру; табиғи монополия секторына инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; монополиялардың қызметiн мемлекеттік бақылау шараларын кеңейту болып табылады.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI
Елiмiздiң экономикасының даму мақсаттарына және орташа мерзiмдi басымдықтарына қол жеткiзу табиғи монополиялар субъектілерiнiң теңгерiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн, сапаны көтеру, өзiндiк құнды кемiту және ұзақ мерзiмдi перспективада олардың қызметтерiне тарифтер деңгейiн тұрақтандыру мақсатында кәсiпорындарды жаңғырту үшiн инвестициялардың ағынын талап етедi.
Бағдарламаның басымдықты мiндеттерi ретiнде:
табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметiн реттейтiн, халықаралық жолдарға негiзделген нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне баламалы ден қоюды қоса алғанда, табиғи монополия саласын реттеу әдіснамасын жасау және оны жетiлдіру;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту;
табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңарту және олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын арттыру үшiн инвестицияларды тарту мақсатында табиғи монополиялар қызметтерiне тарифтердiң орташа деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
табиғи монополиялардың олардың тұтынушыларына әсерiн талдау үшiн ақпараттық дерекқор құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу;
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердiң тұтынушылардың топтары бойынша негiзсiз сараланымын қолдану практикасын жою айқындалған.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI
РЕТТЕЙТIН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ
ЖЕТIЛДIРУ
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. № 337 қаулысымен 1-тарау өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясында көрсетiлген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуiнің ұзақ мерзiмдi басымдығының негiзгi қағидаттарының бiрi бәсекенi өркениеттi шеңберлерде дамыту, қоғам үшiн қауiптi монополизм көрiнiстерiнiң жолын кесу, бәсекелi күрестiң терiс пиғылды әдiстерiн алып тастау, мемлекеттік реттеу қажет салаларды айқындау болып табылады.