|
|
Жүзiмдiктер салуға бөлiнген телiмдердi экологиялық және агрохимиялық бағалау, оңтайлы су-қоректiк күйiн жақсарту және одан әрi ұстап тұруы және басқалары кiретiн, ҚазЖЖҒЗИ-iң ғылыми негiздi қорытындылары негiзiнде жаңа жүзiмдiктер салынуға және ескiлерi қайта жаңартылуға тиiстi. Бұтаның саясын тiкелей күту жөніндегі жұмыс жүзiм баптау технологиясының негiзi болып табылатындықтан, ҚазЖЖҒЗИ технологияның еңбек көп жұмсалуын едәуiр төмендетудi қамтамасыз ететiн, бұталаудың және қалыптастырудың осы заманғы жүйелерiн енгізу жөнiнде ұсынымдар әзірлеуге және авторлық қадағалауды жүзеге асыруға тиiстi. Саланы дағдарыстан шығару жөніндегі мiндеттердiң табысты орындалуы, әсiресе жүзiмнiң техникалық сорттарына қатысты ойластырылған сорттық саясат жүргiзiлуiн пайымдайды. Бұл егер, Қазақстанда өндiрiлетiн шараптың тек санына емес жоғары сапасына баса назар аударылған жағдайда өз рыногымызды қайтаруға, сондай-ақ әлемдiк рынокқа шығуға болатындығымен түсiндiрiледi. Бұл үшiн, сондай-ақ беделiн ұстап тұрy үшiн жаңа жүзiмдiктер отырғызу тек шарап материалдарының ең жоғары сапасын қамтамасыз ететiн сорттармен қамтамасыз етiлуi қажет. Институт өзіндегі осы заманғы ғылыми-өндiрiстiк базасында биотехнология әдiстерiн пайдаланумен көбейте отыра және питомниктерде одан әрi көбейту үшiн бере отырып, жүзiмдiктiң жаңа бағалы сорттарын енгізуге ұсынуға тиiстi. Бағалы сорттар алаңының өсiрiлуi жүзiмнiң аралас сорттар деп аталатындарын жою, сондай-ақ өнiмдi болса да, шарап жасау ісi үшiн нашар "Баян Шiрек", "Тербаш" және басқа сорттарын азайту арқылы жүзеге асырылуға тиiстi. 4. Бағдарламаны iске асырудың шаралары және тетiктерi Бағдарламада қойылған мiндеттердi шешу үшiн мына шараларды жүзеге асыру қажет: тауарлы жүзiмдiктердi тек табиғи жағдайлары жүзiм баптау талаптарына мейлiнше сай келетiн аудандарда орналастыру, жүзiмдiктердi аймақтар iшiнде табиғи аймақтар бойынша саралап дамыту; тұқымдардың жаңа бағалы сорттарының таза сортты отырғызу материалын өсiру жөніндегі жүзiм питомниктерiн қалпына келтiру; таза сортты жүзiм және бастапқы шарап жасау iсi өндiрiсiне тiкелей инвестициялар тарту; көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын жүргiзу үшiн аймақтарды пайызсыз жеңiлдiктi несиелендiру көзделетiн, "Жергiлiктi бюджеттердiң ағымдағы жылдағы несиелер бағдарламаларын" iске асыру кезiнде жүзiм шаруашылықтарының егiс және жиын-терiн жұмыстарын жүргiзуге жанар-жағар май материалдарына қажетiнiң есебi; жүзiм баптауда қажеттi ауыл шаруашылық техникасының тiзбесiн айқындау және отандық машина құрылысы кәсiпорындарында өндiрiсiн ұйымдастыру; үкiметаралық келісімдердi негiзге ала отырып, шектi деңгейде импорттық кеден баждары ставкаларын белгiлеу үшiн жүзiм шаруашылығында пайдаланылатын және Қазақстанда өндiрiлмейтiн гербицидтер, пестицидтер, химикаттар және тыңайтқыштар тiзбесiн айқындау. Бағдарламаны іске асыру кезiнде жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiру және дамыту үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау үшiн негiзгi тетiктер: қолданыстағы заңнама негiзiнде iшкi рынокты терiс пиғылды бәсекелестiктен қорғау; кәсiпорындардың қаржылық-экономикалық сауықтыру тетiктерiн, ISO 9000 сәйкестiк сапа басқару жүйесiн енгізудi қоса алғанда, сала кәсiпорындарының тартымдылығын және олар өндiретiн өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру жөніндегі шаралар және басқалары; осы бағдарламамен айқындалған мейлiнше тиiмдi жобаларды отандық тауар өндiрушiлердi қолдау бағдарламасы шеңберiнде жеңiлдiктi несиелендiру жолымен байыпты көтермелеу және бастапқы инвестициялық қолдау болады. Жүзiмдiк отырғызылатын жерлердiң табиғи жағдайлары сияқты, ұйымдастыру-шаруашылық ерекшелiктерiн де көрсететiн ғылыми-өндiрiстiк сараптама негiзiнде "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi № 1384 қаулысымен айқындалған ережелерге сәйкес несиелендiру жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен Бағдарламаны iске асырудың ғылыми-өндiрiстiк сараптамасы жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ жүзiмдiктердiң шаруашылық субъектiлерi үшiн кеш қайтарымы салдарынан, алынатын несиенi мейлiнше тез қайтарымды басқа ауыл шаруашылық дақылдарын (картоп, техникалық дақыл) баптауға жiберу құлығы зор екенiн ескеру қажет. Несиелердiң мақсаттан тыс пайдаланылуын болдырмау үшiн, яғни, қаражаттың бiр бөлiгiн таңдаулы тұқымды отырғызу материалын дайындауға және сатып алуға мiндеттi бағыттай отырып несиелiк ресурстардың бiр бөлiгiн байланыстыру тетiгi көзделетiн болады. Бұл, сондай-ақ, қазiргi уақытта іс жүзiнде толық бұзылған, отырғызу материалдарын өндiрушiлердiң экономикалық негiзiн нығайтуға ықпал ететiн болады. 5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi Бағдарламаны iске асырудың алғашқы кезеңiнде қазiргi қолда бар жүзiмдiктердi ретке келтiру жөн деп табылуда (өнiмсiз сүрегiн алып тастай отырып мұқият санитарлық қырқу, арам шөптермен, зиянкестермен және аурулармен күрес, бастырмаларды жөндеу, су-қоректiк күйiн түбегейлi жақсарту). Бұл көшеттердiң өнiмдiлiгiн және шарап заводтары жұмысының тиiмдiлiгiн едәуiр арттыруға, ал алынған табыстың бiр бөлiгiн бұдан арғы ұдайы өндiрiске бағыттауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiр мезгiлде, тiптi, күмәнды болжамдардан шыққанда да, Қазақстан Республикасының iшкi рыногының қажетiн қанағаттандыру үшiн таяу болашақта өнеркәсiптiк жүзiмдiктердің қолда бар алаңын және жүзiмдi қайта өңдеу көлемдерiн қалпына келтiру мақсатымен жаңа көшеттер отырғызу қажет (1-кесте). Жүзiмдiктер салу үлкен жұмсалымды қажет етедi, сондықтан алдағы перспективада (әрi дегенде 2010 жылға дейiн) көшеттер алаңын кеңейтудiң көлемі бұрын қол жеткен 25-26 мың гектардан аспауға тиісті. Бұл осы алаңдарды, бұрын жүзiмдiктер түбірлеп алып тасталған жерлерде, яғни, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген, осы дақылмен жұмыс істеу тәжірибесі бар және осы жерлердегі қайта өңдеу кәсіпорындарына байланыстырылған аудандарда, жерді күрделі жоспарлауға едәуір шығындарсыз салуға болатындығымен түсіндіріледі. Жүзімдікке жаңа жерлерді игеру үлкен қаражатты және ірі ұйымдастыру проблемаларын шешуді қажет етеді. Бұл едәуір алыс болашақтағы іс. 1-кесте Қазақстанда жүзімдіктер алаңын 2000-2010 жылдардағы кезеңде дамытудың серпіні (мың гектар) Облыстар | 1999 есеп | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс береті- ні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | бар- лығы | жеміс береті- ні | бар- лығы | жеміс бере- тіні | | 3,9 1,0 5,1 0,3 10,3 | 3,8 0,6 4,5 0,2 9,1 | 4,0 1,0 5,6 0,3 10,9 | 3,9 0,7 5,1 0,3 10,0 | 4,2 1,1 6,0 0,3 11,6 | 3,9 0,8 5,2 0,3 10,2 | 4,5 1,2 6,4 0,3 12,4 | 3,9 0,9 5,3 0,3 10,4 | 4,8 1,3 6,9 0,3 13,35 | 3,9 1,0 5,4 0,3 10,6 | 5,2 1,4 7,6 0,4 14,6 | 4,0 1,0 5,6 0,3 10,9 | 5,6 1,5 8,3 0,45 15,85 | 4,2 1,1 6,0 0,3 11,6 | 6,0 1,6 9,1 0,5 17,2 | 4,5 1,2 6,4 0,4 12,5 | 6,5 1,7 10,0 0,6 18,8 | 4,8 1,3 6,9 0,4 13,4 | 7,2 1,8 11,0 0,7 20,7 | 5,2 1,4 7,6 0,4 14,6 | 8,0 1,9 12,2 0,8 22,9 | 5,6 1,5 8,2 0,45 15,85 | 9,0 2,0 13,5 1,0 25,5 | 6,0 1,6 9,1 0,5 17,2 |
2001-2010 жылдар iшiнде жүзiмдiктердiң қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл үшiн республикада 5 мыңнан аса гектар көшет отырғызу (2-3 кестелер) және қазiргi бар көшеттердi қалпына келтiру қажет. Осылайша, осы Бағдарламада көзделген жүзiм өндiрiсi деңгейi тек 2010 жылға дейiн есептелген, бұл кезде көшеттердiң 25,5 мың гектар жалпы алаңында жемiс беретiнi 17,2 мың гектар немесе 67,5% болады. Тұтастай республика бойынша қазiргі бар жүзiмдiктердiң өнiмдiлiгiнiң және жалпы өндiрiстiң тез өсуiне үмiт арту қиын. Бұл, салада созылған дағдарыстың келеңсiз әсерiмен қоса, соңғы екi жылда республикада барлық жерде жүзiм өнiмiнiң iс жүзiнде суықтан толық құруымен түсiндiрiлуде. Қаржы тапшылығы жағдайында, шаруашылық субъектiлерi көптеген жағдайда, iс жүзiнде жүзiм көшеттерiн күтудi тоқтатқан, бұл таяу 2 жылда олардың өнiмдiлiгiне келеңсiз әсер ететiн болады. Бұл ретте жаңадан салынатын көшеттер тек 4 жылдан кейiн тауарлық жемiс бере бастайтын болады. Сондықтан, жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiн дамыту бағдарламасын iске асырудың алғашқы жылдарында гектарынан 5-6 тоннадан аспайтын жүзiм алуға нақты есеп жасауға болады (4-кесте). Бұл деңгей жемiс беру кезеңіндегі аса қолайлы климаттық жағдайлардан, негiзiнен, Оңтүстiк Қазақстан облысында жүзiм өндiрiсiмен қамтамасыз етiлетiн болады. Көшеттер алаңының күштi қысқаруынан 2001 жылы тұтастай республика бойынша 56,2 - 61,8 мың тоннадан көп емес жүзiм алынуы мүмкiн. Өнiмдiлiктiң артуына қарамастан, республикада жүзiмнiң жалпы жиналымы бiрнеше жыл бойы төмен қарқынмен өсетiн болады. Мысалға, жеткiлiктi жоғары өнiмдiлiктiң өзiнде, тiптi, 80-шы жылдар басындағы өндiрiс көлемiнiң жартысына 2005-2006 жылдардан ерте жету мүмкiн емес. Бiрақ, тек егер, 2001 жылы жүзiмдiктердi күту түбегейлi жақсарған жағдайда, жүзiм жинаудың осы көлемiне қол жеткізуге болады. Тек, 2001-2004 жылдарғы жаңа отырғызулар тауарлық жемiс беру кезеңiне енгеннен кейiн ғана жүзiм өндiрiсiнде едәуiр "секiрiс" болуы мүмкiн. 2-кесте Қазақстанда 2000-2010 жылдар кезеңінде жүзімдіктер отырғызудың көлемі (мың гектар) Облыстар | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам | 2000-2010 жж. барлығы | | 0,1 - 0,5 - 0,6 | 0,2 0,1 0,5 - 0,8 | 0,3 0,1 0,4 - 0,8 | 0,3 0,1 0,5 0,05 0,95 | 0,4 0,1 0,7 0,05 1,25 | 0,4 0,1 0,7 0,05 1,25 | 0,4 0,1 0,7 0,05 1,35 | 0,5 0,1 0,9 0,1 1,6 | 0,7 0,1 1,0 0,1 1,9 | 0,8 0,1 1,2 0,1 2,2 | 1,0 0,1 1,3 0,2 2,6 | 5,1 1,0 8,4 0,7 15,2 |
3-кесте Отырғызылатын материалдарға қажеттілік (гектарына 2,5 мың данадан есептегенде) мың дана Облыстар | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам | 2000-2010 жж. барлығы | | 250 - 1250 - 1500 | 500 250 1250 - 2000 | 750 250 1000 - 2000 | 750 250 1250 125 2375 | 1000 250 1750 125 3125 | 1000 250 1750 125 3125 | 1000 250 1750 125 3125 | 1250 250 2250 250 4000 | 1750 250 2500 250 4750 | 2000 250 3000 250 5500 | 2500 250 3250 500 6500 | 12750 250 21000 1750 38000 |
4-кесте Қазақстанда 2000-2010 жылдар кезеңінде жүзім өсіру (мың тонна) Облыстар | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы түсім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы тү- сім мың т | Түсім, Т/га | Жал- пы түсім мың т | Түсім, Т/га | Жалпы түсім мың т | Түсім, Т/га | Жалпы түсім мың т | Түсім, Т/га | Жалпы түсім мың т | | 4,5 3,0 7,0 3,0 5,6 | 7,55 2,1 35,7 0,9 56,25 | 5,0 3,0 7,5 3,0 6,0 | 19,5 2,4 39,0 0,9 61,8 | 5,5 3,5 8,0 3,5 6,5 | 21,5 3,2 42,4 1,05 68,15 | 6,0 4,0 8,5 4,0 7,0 | 23,4 4,0 45,9 1,2 74,5 | 6,5 4,5 9,0 4,5 7,5 | 26,0 4,5 50,4 1,35 82,2 | 7,0 5,0 10,0 5,0 8,3 | 29,4 5,5 60,0 1,5 96,4 | 7,5 5,5 10,5 5,5 8,7 | 33,7 6,6 67,2 2,2 09,7 | 8,0 6,0 11,0 6,0 9,3 | 38,4 7,8 75,9 2,4 124,5 | 9,0 6,5 12,0 6,5 10,2 | 46,8 9,1 91,2 2,6 149,7 | 9,5 7,0 12,5 7,0 10,6 | 53,2 10,5 102,5 3,15 169,3 | 10,0 7,5 13,0 7,5 11,1 | 60,0 9,0 118,3 3,75 191,0 |
Қолда бар жүзiм егiстiктерiмен бiрге бұл 2008 жылы өнiм өндiрудің 80-iншi жылдардың басындағы деңгейiне, ал 2010 жылға қарай 2005-2007 жылдары отырғызылған көшеттер жемiс бере бастағаннан кейiн 1983 жылғы бұрынғы рекордтық деңгейiне жетуге мүмкiндiк бередi. Кешiрек отырғызылған (2007-2010 жылдардағы) көшеттер жемiс бере бастаған жүзiм өндiрудi 2013-2014 жылдарға қарай тiптi ескi жүзiм егiстiктерiнің бiр бөлiгiн қайта жаңартқан жағдайдың өзiнде жылына 240-250 мың тоннаға жеткізуге болады. Жүзiм өсiрудің артуына байланысты тиiсiнше шарап материалдарын өндiру де ұлғаятын болады (5-кесте). Кестелерде келтiрiлген шарап материалдарын өндiрудің көлемi шарап жасау iсiне республикадағы жүзiмнiң жалпы өнiмiнің шамамен 90%-ы, бұл ретте орташа өнiм үшiн құрғақ шарап материалдарының 70%-ы жұмсалатындығына негiзделiп есептелген. Қайта өңдеуге жiберiлетiн жүзiм өнiмiнiң осыншама жоғары үлесi жүзiм егiстерi өнiмдiгiнiң елеулi ауытқуларына әкелетiн күрт континентальдық климат жағдайындағы жабық жүзiм шаруашылығының күрделi жағдайында шарап жасау өткен жылдардағы қорының есебiнен климаттың тұтасымен алғанда саланың қаржы-экономикалық көрсеткiштерiне әсерiн бәсеңдете алатынына негiзделедi. Сiрә, Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде Қазақстанда басым түсетiн сорт - өнiмдiлiгi бойынша неғұрлым тұрақты және өсiп-жетiлу жағдайлары мен қолданылатын агротехникаға күй талғамайтын "Ркацители" болады. Одан бәсекеге әбден қабiлеттi шарап дайындауға болады, ол асханалық сорт есебiнде де пайдаланыла алады. Одан әрi егiс көшеттерiнiң құрылымында "Саперави", "Алиготи" сияқты
|
|