жоғары сапалы, сондай-ақ жоғары өнiмдiлiгiмен ерекшеленетiн сорттардың
үлесi едәуiр артатын болады.
Салыстырмалы алғанда, жоғары емес егiс түсiмдiлiгiне қарамастан,
"Рислинг", "Қара пино" және iс жүзiнде, жүзiм егiстiктерiнен жойылып
кеткен "Каберне Фран" сорты егiстерiнiң көлемi ұлғайтылатын болады. Бұл
сорттар өте жақсы асханалық шараптар бередi және, бұдан басқа, оларсыз
сәл ертеректе Қазақстанда шығарылған шампан шарабының бұрынғы даңқын
қайтару мүмкiн емес.
Бағдарламаны орындаудың екiншi кезеңiнде ҚазЖЖҒЗИ селекциясының жаңа
бағалы сорттары, сондай-ақ жүзiм шаруашылығының басқа аймақтарынан
әкелiнген әрi Қазақстанда сынау кезiнде өзiн жақсы көрсеткен сорттар
елеулi роль атқаруы тиiс.
5-кесте
Қазақстанда 2000-2010 жылдардағы кезеңде жүзімдік
шарап материалдарын өндіру
Облыстар | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам |
Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап мате- риал- дары, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап ма- териалда- ры, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап ма- териалда- ры, мың т | Шикі- зат, мың т | Шарап ма- териалда- ры, мың т |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
6. Бағдарламаның қажеттi ресурстары және
оларды қаржыландыру көздерi
Тұтасымен алғанда, 2001-2010 жылдар кезеңiнде жүзiм егiстiктерiн отырғызуға 18,24 млрд. теңге немесе жылына 2 млрд. теңге шамасында күрделi қаржы талап етiледi.
Тауарлы жүзiм егiстiктерi жұмсалған қаражаттың қайтарымын тек отырғызылған кезден бастап 4-5 жылдан кейiн ғана бере бастайтын болғандықтан, осы елеулi бөлiгiн тiкелей инвестицияларды iздестiру және тарту арқылы, сондай-ақ кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен қамтамасыз ету көзделедi. "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегi № 1384 қаулысымен айқындалған, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау және шағын және орта бизнестi дамыту шаралары шеңберiнде жүзiм шаруашылығын және шарап өнiмi өндiрiсiн қалпына келтiру және дамыту бойынша тиiмдi және тез ақталатын жобаларды несиелендiру жүзеге асырылатын болады.
7. Бағдарламаның тиiмдiлiгi
Бағдарлама 15,2 мың га алқапқа жүзiм егiстiктерiн отырғызуды көздейдi. Жүзiм егiстiгiнiң 1 гектарын отырғызуға күрделi қаржы (сондай-ақ 4-5 жылдың iшiнде тауарлы жемiс бергенге дейiн оны күтуге жұмсалатын шығындар, тiреу орнатуға жұмсалатын материалдардың құны, тыңайтқыштарға, пестицидтерге және т.с.с. жұмсалатын шығындар) шамамен 1,2 млн. теңге құрайды.
Шарап материалдарын өндiру, тұтасымен алғанда, жүзiмнiң өзiн өндiрген сияқты негiзiнде жаңа көшеттер жемiс бере бастағаннан кейiн едәуiр ұлғаятын болады.
Егер 2002 жылға дейiн 3,5-3,6 млн. дал шарап материалдарын өндiру жоспарланса, олардың көлемi 2003 жылы 6,0 млн. далға, ал 2010 жылы 12 млн. астам далға жетуi тиiс. Кейiннен 2007-2010 жылдары жемiс бере бастайтын көшеттерден қайта өңделетiн шикiзат көлемiнiң ұлғаюы есебiнен 2013-2015 жылдарға қарай айтарлықтай өсуi арқылы.
Осы Бағдарламаның iс-шараларын орындау республика бюджетiне қаражат түсiрудiң неғұрлым сенiмдi және тұрақты көздерiнiң бiрi болатын, бiздiң республика үшiн маңызды және табыстылығы жоғары саланы жандандыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан шарап жасаушыларының одағы жасаған есептер (6-кесте) шарап материалдарына тiптi 1999 жылдың деңгейіндегі бағалардың өзiмен әртүрлi салықтар арқылы бағдарламаны iске асырудың алғашқы жылдарының өзiнде-ақ республика бюджетiне едәуiр қаражат түсетiндiгiн көрсетедi.
6-кесте
2000-2010 жж. кезеңінде Қазақстанда шарап пен шарап материалдары
өндірісінің есептелген экономикалық тиімділігі
Облыстар | 2000 есеп | 2001 бағалау | 2002 болжам | 2003 болжам | 2004 болжам | 2005 болжам | 2006 болжам | 2007 болжам | 2008 болжам | 2009 болжам | 2010 болжам |
Жүзімді қайта өңдеу, мың тонна | 50,0 | 55,5 | 61,1 | 67,0 | 74,9 | 86,6 | 98,7 | 112,0 | 135,6 | 152,4 | 172,0 |
Шарап, материалда- рын өндіру, мың дал | 3544,4 | 3893,1 | 4293,4 | 4693,5 | 5182,0 | 6073,2 | 6911,0 | 7843,0 | 9430,0 | 10674,0 | 12040,0 |
Көтерме баға, теңге/литр | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 |
Сату бағасы, млн. теңге | 2126,6 | 2336,0 | 2576,0 | 2816,1 | 3109,2 | 3643,9 | 4146,6 | 4705,8 | 5658,0 | 6404,4 | 7224,0 |
| 1020,8 | 1021,5 | 1036,5 | 1151,7 | 1292,4 | 1509,1 | 1600,5 | 2008,8 | 2415,8 | 2824,1 | 3067,5 |
31,8 | 35,0 | 38,6 | 42,2 | 46,6 | 54,6 | 62,1 | 70,5 | 84,7 | 95,9 | 108,2 |
354,4 | 389,3 | 429,3 | 469,3 | 518,2 | 607,3 | 691,1 | 784,3 | 943,0 | 1067,4 | 1204,0 |
Акциздер,млн.теңе | 458,5 | 500 | 530,1 | 570,4 | 609,7 | 651 | 690,1 | 711,5 | 855,5 | 968,3 | 1092,3 |
Салық салынатын табыс, млн. теңге | 429,9 | 572,2 | 720,7 | 769,4 | 828,5 | 976,5 | 1228,0 | 1201,2 | 1444,5 | 1544,7 | 1860,2 |
Пайдаға салынатын салық, млн. теңге | 129,0 | 171,6 | 216,2 | 230,8 | 248,6 | 292,9 | 368,4 | 360,4 | 433,3 | 463,4 | 558,1 |
Таза кіріс, млн. теңге | 300,9 | 400,6 | 504,5 | 538,6 | 579,9 | 683,6 | 859,6 | 840,8 | 1012,2 | 1081,3 | 1302,1 |
Бюджетке түсімдер, млн. теңге | 973,7 | 1096,9 | 1214,2 | 1312,7 | 1423,1 | 1605,8 | 1811,7 | 1926,7 | 2316,5 | 2595,0 | 2962,6 |
(*) Есептеулерді Қазақстан шарап жасаушылар одағының мамандары
жасаған
Шарап материалдарын өндiруден түсетiн қаражаттың сомасы, тұтасымен
алғанда, 2010 жылдың өзiнде жүзiм егiстiктерiн отырғызуға бөлiнген
несиелер бойынша 2007-2010 жылдардағы көшеттер жемiс бергенге дейiн
толығымен есеп айырысуға мүмкiндiк бередi. Бұл есептер, тiптi жаңа пiскен
жүзiмдi сатудан алынатын қаражатты есепке алмай жасалған.
Питомниктердi қалпына келтiруге (100 млн. теңге) және ауыл
шаруашылығы техникасын шығаруды ұйымдастыруға (200-250 млн. теңге)
жұмсалатын несие ресурстары отырғызылатын материалды және арнаулы жүзiм
өңдеу техникасын сатудың есебiнен өтеледi.
Осы бағдарламаның көптеген адамдар үшiн әлеуметтiк проблемаларды
шешудi көздеуi өте маңызды болып табылады. "Жүзiм егiстiктерiн отырғызу
және қайта жаңарту - отырғызу материалын және тетiктерiн өндiру - жүзiм
өсiру - жүзiм және шарап материалдарын өндiру және сату" тiзбегiнде 60
мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады.
Саланың нақты экономикалық тиiмдiлiгi осы Бағдарламаны iске асырудың
нәтижесiнде өндiрiлетiн өнiм бағасы шарап материалдарымен салыстырғанда
бiрнеше есе жоғары дайын шарап түрiнде салынатын болғандықтан, есеп
айырысу көрсеткiшiнен анағұрлым асатынын атап өткен жөн.
ҚР Үкіметінің 07.04.03 ж. № 332 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді
8. Қазақстанда Жүзім шаруашылығын және шарап жасау ісін қалпына
келтірудің және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
────┬──────────────────────┬───────────────┬────────────────────┬───────────
Рет │ Іс-шара │ Аяқтау нысаны │Орындауға жауаптылар│ Орындау
саны│ │ │ │ мерзімі
────┴──────────────────────┴───────────────┴────────────────────┴───────────
1. Аймақтар бойынша Қазақстан АШМ, Алматы, Жамбыл, Жыл сайын,
жүзiмдiктер орналасты. Республикасының Оңтүстік Қазақстан желтоқсан
руға қолайлы жер Үкіметіне облыстарының
алаңдарын айқындау ақпарат әкімдері
2. ҚазЖЖҒЗИ селекциясы -//- БҒМ, АШМ, Алматы, Жыл сайын,
жаңа бағалы сорттар. Жамбыл, Оңтүстік шілде
ының таза сортты көшет Қазақстан облыстары.
материалдарын өсіру ның әкімдері
үшін жүзім питомник.
терін, сондай-ақ жүзім
шаруашылығының басқа
аймақтарынан әкелiнген
және Қазақстанда сынау
кезiнде өзiн жақсы
көрсеткен сорттарды
қалпына келтіру және
дамыту жөнiнде шаралар
әзiрлеу
3. Қазақстандық машина Қазақстан АШМ, Алматы, 2002 ж.
жасау кәсiпорындарында Республикасы. Жамбыл, Оңтүстік наурыз
оның өндiрiсiн ұйым. ның Үкіметіне Қазақстан облыс.
дастыру үшiн жүзiм ақпарат тарының әкімдері,
өңдеуге қажетті ауыл Қазақстан шарап
шаруашылығы техникасы. жасаушылары одағы
ның тiзбесiн айқындау (келісім бойынша)
(қажеттiлiгi, техноло.
гиялық сипаттамалары)
4. Отандық машина жасау Нормативтік ЭСМ, АШМ 2002 ж.
кәсiпорындарында жүзiм құқықтық шілде
баптауға қажеттi ауыл кесімнің
шаруашылығы техникасы жобасы
өндiрісiнiң бағдарлама.
сын әзірлеу
5. Таза сортты жүзiм және Қазақстан "АШМ", ИСМ, Қазақ- Жыл сайын,
бастапқы шарап жасау Республикасы. стан Шарап жасауш- желтоқсан
iсiне тiкелей инвестор. ның Үкіметіне ылар одағы
лар тартуға жәрдемдесу ақпарат (келісім бойынша)
6. Жүзiм шаруашылығы мен -//- Алматы, Жамбыл, Жыл сайын,
шарап жасау iсiнiң Оңтүстік Қазақстан қыркүйек
Қазақстандағы базасы облыстарының
туралы жарнамалық әкімдері, Қазақстан
проспект дайындау шарап жасаушылары
одағы (келісім
бойынша)
7. Шарап рыногының жай- -//- АШМ,ҚарМ, ИСМ Қаз- Жыл сайын,
күйiне талдау жүргiзу ақстан шарап жаса- желтоқсан
және жыл сайын ушылары одағы
Қазақстан Республика. (келісім бойынша)
сының Үкіметіне талда.
малы ақпарат ұсыну
8. Жүзiм шаруашылығында Қазақстан АШМ, ЭСМ, МКМ, 2002 ж.
пайдаланылатын, бiрақ Республикасы. Қазақстан шарап шілде
Қазақстанда өндiрiл. ның Үкіметі жасаушылары одағы
мейтiн гербицидтердiң, қаулысының (келісім бойынша)
пестицидтердiң, жобасы
химикаттардың және
тыңайтқыштардың
жекелеген түрлерiне
үкiметаралық келісім.
дердi негiзге ала
отырып, импорттық
кеден баждарын мүмкiн
шектi деңгейге дейiн
азайту
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────