Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң
және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N
1621 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.04.03 ж. № 332 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 қаулысымен күші жойылды
Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiн қалпына келтiру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған бағдарламасы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 07.04.03 ж. № 332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша осы Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1621
қаулысымен бекітілген
Қазақстанда жүзім шаруашылығы
мен шарап жасау ісін қалпына келтірудің және дамытудың
2010 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламасы
Паспорты
Атауы - Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап
жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың
2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы
Бағдарлама әзірлеу - "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы туралы шешім 22 ақпандағы № 01-25/31 тапсырмасын орындау
жөніндегі шаралар туралы" Е. Өтембаевта болған
2000 жылғы 9 наурыздағы кеңестiң № 02-111-К
хаттамасы
Негізгі әзірлеушілер - Қазақстан Республикасының Экономика және
сауда министрлігі, Қазақстанның шарап
жасаушылар одағы
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында тауарлық
жүзiм алқаптарын кешендi қалпына келтiру
және дамыту, шарап материалдары және жоғары
сапалы отандық маркалы шараптар өндiрiсiн
ұлғайту, саланың технологиялық және техникалық
артта қалуын еңсеру, iшкi және сыртқы рыноктарда
отандық шараптардың бәсекелестiк қабiлетiн
қамтамасыз ету
Бағдарламаның - Бағдарламаның мақсатына сәйкес келесi мiндеттердi міндеттері шешу көзделуде:
саланы қалпына келтiру және дамыту үшiн
қолайлы экономикалық жағдай жасау;
өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға
бағытталған шараларды iске асыру;
осы бағдарламамен айқындалған басымдықтар
шеңберiнде сала шаруашылықтарын байыпты
көтермелеу және инвестициялық қолдау
Қаржыландыру көздері - Кәсiпорындардың өз қаражаты, тiкелей
инвестициялар
Іске асыру мерзімі - Бағдарламаны iске асыру 2010 жылға дейiнгi
кезеңге белгiленген
Кiрiспе
Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 ақпандағы № 01-25/31 тапсырмасын орындау жөніндегі шаралар туралы" Е. Өтембаевта болған 2000 жылғы 9 наурыздағы кеңестiң № 02-111-К хаттамасына сәйкес әзiрленген.
Осы бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгi Қазақстанның оңтүстiгіндегі табиғи-климаттық жағдайлардың жүзiм шаруашылығы және шарап жасау iсiн дамытуға мүмкiндiк беретiндiгiмен байланыстылығында. 1970 жылдан 1985 жылдарда Қазақстанда көптеген, тиiмдiлiгi жоғары жүзiм шаруашылықтары құрылған болатын.
1985-1990 жылдары сала үшiн зиянды болған алкогольге қарсы саясат елеулi залал келтiрдi. Нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде көптеген жүзiм шаруашылықтары иелерiнiң әрдайым тиiмдi болмаған ауысуы жағдайды шиеленiстiрдi.
Сонымен бiрге, көптеген шаруашылықта әлi де болса жүзiмдiктер сақталған, тәжірибелi мамандар мен жұмысшы кадрлар бар, жүзiм өсiру және шарап өндiрiсi тәжiрибесi жоғалған жоқ. Бұрын отандық шарап жасау iсi бұрын халықаралық деңгейде танылған әрi табысы жоғары сала болып табылған едi.
Соңғы 5 жылда шарап iшiмдiктерi балансын талдау Қазақстандағы шарап рыногының әлемдiк рыноктардағы конъюнктура өзгерiстерiмен байланысты баға факторларына тәуелдiлiгiнiң аздығын және тұрақтылығын көрсетуде. Қазiргi уақытта, iшкi рынокта импорттық шараптар басым түсуде. Отандық шарап зауыттары, көбiнесе импорттық шарап материалдарымен жұмыс iстеп келедi.
Бағдарламаның iске асырылуы рынокты отандық шараптармен қанықтыруға жол ашады. Сонымен қатар, Ресейдiң сыйымды рыногы жүзiм өнiмi мен шарапты, әсiресе, оның шығыс аймақтарына экспорттауға мүмкiндiк бередi.
1. Жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiнiң қазiргi
заманғы жай-күйiн талдау
Жүзiм шаруашылығы және онымен сабақтас жүретiн өнiмдi қайта өңдеуiмен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мейлiнше тиiмдi салаларының бiрi болып табылады. Мысалға, жүзiм шаруашылығы үшiн мейлiнше қолайлы аймақта (Оңтүстiк Қазақстан облысында) жүзiмдiктiң бiр гектары мақталықтың бiр гектарына қарағанда 6-7 есе көп байланысты табыс келтiредi.
Қазақстанда 50-шi жылдардың аяғында - 60 жылдардың басында республиканың оңтүстiгiнде және оңтүстiк шығысында мамандандырылған жемiс-жүзiм шаруашылықтары желісін ұйымдастырудан өнеркәсiптiк жүзiм шаруашылығының дамуы басталды. Осы кезеңде республикадағы жүзiмдiктiң алаңы бiрнеше есе өсiп, 80-шi жылдардың ортасында 26 мың гектарға жеттi.
Жүзiмдiктердi табиғи аймақтар бойынша орналастыруда жiберiлген елеулi кемшiлiктерге қарамастан, Қазақстанда жүзiмнiң жалпы жиналымы климаттық жағдайлар бойынша қолайлы жылдарда 150-200 мың тоннаға, ал шарап өндiрiсi 15 млн. аса декалитрге (далға) жеттi.
Саланың жастығына қарамастан, Қазақстан шарап жасау iсiнде едәуiр табыстарға жеттi. Бүкiлодақтық және халықаралық конкурстарда қазақстан шараптары алған ондаған медальдар осының айғағы ("Рислинг", "Есiк", "Шелек", "Целинное", "Ақбұлақ" және бiрқатар басқалары).
Қазақстан жүзiмшiлерi 1980-1990 жылдары тек күштi үсiк түсуiнен, екi рет 100 мың тоннадан кем жүзiм жинады. Қалған жылдары жылына орташа 150 мың тонна жүзiм жиналды, ал қолайлы 1980, 1981 және 1983 жылдары оның өндiрiсi тиiстiше 172,3; 197,7 және 193,3 мың тоннаға жеткен.
Мамандандырылған жемiс-жүзiм шаруашылықтарының әрқайсысында бастапқы шарап материалдарының болуы Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiнiң табысты дамуына ықпал еттi, олар кейiн қайталама шарап жасау заводтарына берiлдi. Бұл жылдары шарап өндiрiсi 12-15 млн. далға жеттi. Өндiрiстiң осы көлемi саланың жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз еттi.
Аты шулы "алкогольсiз саясат" республиканың жеміс-жүзім шаруашылықтары экономикасын едәуiр бүлдiрдi. 1985 жылдан бастап соңғы уақытқа дейiн республикада жүзiм мен шарап өндiрiсi үнемi төмендеп келдi және ол қазiргi уақытта ең жақсы жылдары өндiрiлген көлемнiң 10%-ан төмен болып отыр.
Нарықтық экономикаға көшудiң бастапқы кезеңіндегі өнеркәсiп және ауыл шаруашылық тауарлары бағаларының сәйкессiздiгi және салықтың жоғары деңгейi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде ауыр зардаптарға әкелдi. Бұдан басқа, жүзiм шаруашылығы дәстүрiмен еңбек жұмсалуы жоғары ерекшеленетiндiктен, саланың түпкi өнiмi - шарап пен шарап материалдарына қосымша акциз салығы енгiзiлген болатын.
Арнайы техниканың көп саны қажет екенiн ескерсек, мұндай экономикалық жағдайларда шаруашылықтардың көпшiлiгiнiң жүзiм шаруашылығын жүргiзуге шамасы келмедi. Жүзiмдiктер тиiстi күтiмсiз қалып, бұл олардың өнiмдiлiгiн күрт төмендеттi.
1998 және 1999 жылдарда iс жүзiнде жүзiмнiң бар өнiмiнiң ысырап болуына әкелген, нарықтық экономикаға көшу жылдарында Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк шығысының бүкiл аумағында, іс жүзiнде жүзiм және жемiс көшеттерiнiң бiрнеше рет кеш түскен залалды көктемгi үсiкке ұшырауымен жағдай тереңдей түстi.
Жер алқаптарын пайдаланудан барынша тез қайтарым алуға ұмтыла отырып, көптеген шаруашылықтар жүзiмдiктердi түбiрiнен құрта бастаған. Егер 80-шi жылдардың аяғында Қазақстандағы жүзiмдiктердiң алаңы 26 мыңнан аса гектарға, соның iшiнде қоғамдық секторда 24-25 мың гектарға жетсе, 1999 жылы ол меншiктiң барлық санаттары бойынша тек 10,3 мың гектар болған.
Осының салдарынан Қазақстан рыногы іс жүзiнде көбiне сапасы төмен импорттық шарап материалдарымен толығып келедi. Отандық шарап маркасымен импорттық шарап материалдары дайындалатын жағдайлар аз емес.
Қазiргi уақытта да жүзiм көшеттерi алаңының қысқару үрдiсi сақталып отыр. Жүзiм және тиiсiнше шарап материалдары өндiрiсi аймақтарға және өсу жағдайларына қарай соңғы он жылдықтың әр жылында 5-10 есе құлдыраған. Бастапқы шарап жасау зауыттары шикiзаттың жоқтығынан қуатының тек 10-15%-на жүктемесi бар, олардың құрал-жабдығы моральдық және түрi жағынан ескiрген.
Өңдеуден қол үзген және шарап жасау ісiнде пайданы бөлуге қатыспайтын шаруашылық субъектiлерi жүзiмдi тауарлы баптауға мүдделi болмай отыр. Бұл қарапайым есеппен қуатталып отыр - 1 кг жүзiмнiң көтерме бағасы 12-15 теңге, шарап материалының литрi - 60-70 теңге, шараптың литрi - 200-220 теңге, ал жоғары сапалы маркілі шараптың бағасы одан да жоғары - 400-500 теңге.
Өткен жылдары жүзiм көшеттерiн орналастыру үшiн табиғи аймақтарды таңдау мәселесiне тиiстi мән берiлмедi. Мысалға, жете ойластырылмай орналастырудың салдарынан, осы сала үшiн дәстүрлi емес Жамбыл облысында 5 мың гектардан аса тауарлы жүзiмдiк егiлген. Жүзiм өнiмiнiң едәуiр бөлiгiнiң үнемi ысырап болуына әкелiп отырған, кешен көктемгi кезең ызғарының жыл сайын дерлiк қайтып соғуы осы аймақ климатының ерекшелiктерiнiң бiрi болып отыр. Бұдан басқа, облыс аудандарының барлығы бiрдей бүршiк жарар кезеңде жеткiлiктi жылумен қамтамасыз етiле алмайды, осы аймақтағы көптеген жерлер сортаң тартқан және күштi техногендiк ластануға ұшыраған.
Жүзiмдi баптау және қайта өңдеу - жұмысшылар мен мамандардың арнайы білімiн, тәжiрибесiн және кәсiби дағдысын қажет ететiн күрделi, еңбек көп жұмсалатын технологиялық процесс.
Осының нәтижесiнде облыста бiрнеше ондаған жылдар бойы тауарлы жүзiм шаруашылығы үнемi шығынды болып қалып отыр. Жабық суармалы жүзiм шаруашылығында бастапқы рентабелдiлiк гектарына кемi 45-50 центнер өнiммен қамтамасыз етiлсе, көшеттердiң орташа жылдық өнiмдiлiгi гектарына 30 центнерден аспауда.
Алматы облысының климаттық жағдайлары Жамбыл облысы жағдайына ұқсас. Алайда, мұнда шикiзатпен қамтамасыз етiлуi қажет, бастапқы шарап жасау iсi заводтарының кең тараған желісі бар. Сонымен қатар, бұл аймақтың жүзiм өндiрiсiнде бай дәстүрi, жақсы ғылыми қамтамасыз етiлуi, еңбек ресурстары және тәжiрибелi кадрлары бар.
8-10 мың гектар жүзiмдiктерi, бүршiк жару кезеңiнде неғұрлым жоғары температуралық режимi бар, көктемгi үсiгi аз, егiн шаруашылығы саласында орнықты дәстүрi бар Оңтүстiк Қазақстан облысында гектарынан 99-102 центнер деңгейiнде, ал бiрқатар шаруашылықтарда гектарынан 250-300 центнерге дейiн және одан да жоғары жүзiмдiктiң орташа өнiмдiлiгiне жетуге мүмкiндiк бердi.
1985 жылға дейiн Қазақ жемiс-жейдек және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЖЖҒЗИ) қарауындағы екi мамандандырылған тұқымдық шаруашылық (қазiр - "Мерке" РМҚК және "Сарыағаш" РМҚК) қоса алғанда жылына 3 млн. дейiн жүзiм көшетiн өндiрген. Қазiргi уақытта саладағы дағдарыстан және тиiсiнше сұраныстың болмауынан, олар іс жүзiнде отырғызу материалдары өндiрiсiн тоқтатқан.
Жыл өткен сайын ғылыми зерттеулердi бюджеттік қаржыландырудың едәуiр қысқарып отырғанын, ал шаруашылық субъектiлерi өздiгiнен ғылыми зерттеулердiң қызметтерiне ақы төлеуге шамасы келмей отырғанын атап өткен жөн.
Сонымен бiрге, жүзiмдi қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындар жүзiм шаруашылығына қарағанда өндiрiстiң тоқырауына және шикiзатпен жеткiлiксiз жүктелуiне қарамастан, тұтастай, өз құрылымын, құрал-жабдығын, мамандарын сақтаған. Соңғы уақытта бiр қатар жекешелендiрiлген кәсiпорындарда құю желiлерi орнатылған. Шарап жасау кәсiпорындары қайта жаңартуды және тозған құрал-жабдықты ауыстыруды қажет етiп отырса да, шикiзат болған жағдайда, олардың көпшiлiгi қазiрдiң өзiнде қалыпты жұмыс iстей алады.
Осылайша, саланы жедел қалпына келтiруге және дамытуға кедергi болып отырған негiзгi проблемаларға:
салаға инвестициялардың болмауы, жүзiм шарап жасау ісi саласының техникалық және технологиялық жай-күйiнiң төмен деңгейiн, құрал-жабдықтың моральдық және түрi жағынан тозуын;
жүзiм көшеттерi алаңының қысқаруын, жүзiмнiң жоғары сапалы және жоғары өнiмдi сорттарының отырғызу материалдары өндiрiсiнiң күрт қысқаруын;
бастапқы шарап жасау кәсiпорындарының ауыр қаржылық жағдайын, бюджет және берушiлер алдындағы борыштарды;
өзiндiк айналым қаражатының жеткiлiксiздiгiн, өтiмдi кепiл мүлкiнiң болмауынан, несиелендiрудiң жоғары ставкаларынан, оларды банктердiң несиелерi есебiнен толықтырудың мүмкiн еместiгiн жатқызуға болады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Осы Бағдарламаның негiзгi мақсаты жоғары сапалы отандық шикiзаттың қажеттi санының өндiрiсi негiзiнде Қазақстанда бастапқы шарап жасау iсiн өркендету және дамыту болып табылады.
Тек нақты және мақсатты бағытталған шараларды, сондай-ақ саланы қолдауға және дамытуға бағытталған ғылыми-негiзделген iс-шараларды iске асыру жағдайында ғана Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсi саласын қалпына келтiрiлуi және одан әрі дамуы мүмкін.
Солардың бiрi тауарлы жүзiмдiктердi қазiргi уақытта тек қажеттi өндiрiстiк және кадрлық әлеуетi бар, табиғи жағдайлары жүзiм баптаудың талаптарына мейлiнше толық сай келетiн аудандарда орналастыру болып табылады.
Соңғы үш жылда жүзiм шарабы және шарап материалдары iшкi рыногының сыйымдылығы орташа 76,5 мың литр болған. Жүзiмдi тұтынудың ұтымды нормаларын (21,6 кг) ескере отырып республикада жүзiмдi тұтынудың жалпы көлемi 324 мың тонна құрайды.
Өнiмнiң 70% шарап және шарап материалдары өндiрiсiне жiберiлетiнiн негiзге алсақ, саланың шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн жүзiмге қажеттiлiгi 226,8 мың тонна құрайды. Гектарынан 9 тонна орташа өнiмдiлік жағдайында жүзiмнiң мұндай санының өндiрiсi үшiн жүзiмдiктердi 25,2 мың гектар алаңда орналастыру қажет болады.
Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мiндеттердi шешу көзделуде:
жүзiмдiк алқаптарын қалпына келтiру және жаңаларын отырғызу;
жүзiмнiң таза сорттарын өсiру үшiн питомниктердi дамыту;
жүзiм өсiретiн шаруашылықтардың және таза шарап өндiретiн кәсiпорындардың технологиялық және техникалық артта қалуын жою;
сапасы мен ассортиментiн жақсарту, өндiрiстiң және бағаның шығасылығын төмендету есебiнен отандық шарап жасау iсi өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру;
отандық тауар өндiрушiлердi терiс пиғылды импорттан қорғауды қамтамасыз ету, отандық тауарларды сыртқы тауар рыноктарына жылжыту, белсендi маркетинг саясатын жүргiзу;
салаға инвестициялар тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау.
3. Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісiн
дамытудың негiзгi бағыттары
Бағдарлама Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында тауарлы жүзiмдiктердi кешендi қалпына келтiруге және дамытуға, шарап материалдары және отандық маркалы шараптар өндiрiсiн ұлғайтуға, саланың технологиялық және техникалық артта қалуын жоюға, iшкi және сыртқы рыноктарда отандық шараптардың бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау ісi дамуының әлемдiк тәжiрибесi мен үрдiстерi саланың қалыптасуының және тұрақты жұмыс iстеуінiң негiзгi жолы өндiрiстi тығыз жүргiзуде жатқанын көрсетiп отыр, оның түпкi мақсаты көшеттердiң жоғары өнiмдiлiгi және шарап жасау iсi өнiмiнiң тамаша сапасы болып табылады.
Егер социалистiк экономика жағдайларында саланың рентабельдiлiгi жүзiмдiктердiң жылына гектарынан 50-60 центнер орташа өнiмдiлiгiмен қамтамасыз етiлсе, қазiргi жағдайларда шаруашылық субъектiлерiнiң өнiмдерi мұндай өнiмдiлiкпен бәсекелес қабiлеттi бола алмайды.
Бұл, әсiресе кей кездегi суықтан өнiмнiң бiр бөлiгiнiң құруына әкелiп отыратын, республиканың оңтүстiк шығыс аймақтарына қатысты. Мұнда басым түрде жүзiмнiң техникалық сорттарын баптау iсiне ден қою қажет, бұл өнiмнiң бiр бөлiгi суықтан зая болған жағдайда кәсiпорындардың экономикасын өткен жылдардың өнiмдерi шараптарын өткізу есебiнен қолдауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте жүзiмдiктердiң 90%-на дейiнi пiсiп-жетiлуi және пайдалану бағыттары әр түрлi мерзiмдердiң техникалық сорттары болғаны жөн.
Жамбыл облысында жүзiмдiктердiң бұрынғы алаңын қалпына келтiрудiң ретi жоқ. Мұнда аймақтағы заводтардың қуаттарын шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн қазiргi алаңды 1,5-2 мың гектарға дейiн бiршама дамыта отырып, (1 мың гектарға жуық) қайта жаңартудан өткізу мейлiнше дұрыс болады.
Оңтүстiк Қазақстан облысында тауарлы жүзiмдiктер алаңын қалпына келтiру және дамыту үшiн жағдайлар жасау мейлiнше орынды болмақ. Бұл ретте асханалық жүзiм, сондай-ақ қатты және десерттi шараптар өндiрiсiн, бұрынғыша, облыстың оңтүстiк аудандарында шоғырландыру қажет.
Сонымен бiр мезгiлде, Түлкiбас және Сайрам аудандарының тау бөктеріндегі жерлерiнде жүзiмдiктердiң алаңын едәуiр кеңейту қажет.
Оңтүстiк Қазақстан облысының осы аймағындағы климаттық жағдайлар тек жоғары сортты асханалық емес, тiптi ақ қайраң шарап материалдарын да өндiруге мүмкiндiк бередi. Мұнда салыстырмалы жоғары жылумен қамтамасыз
о етумен бiрге (белсендi температураның жиынтығы 3600 С жоғары), қысқы уақытта жүзiмдi жатқызу тәсiлiн қолдануға мүмкiндiк беретiн салыстырмалы тұрақты қардың қабаты қамтамасыз етiледi (қардың астында жердi көмусiз қалдыру).
Жүзiмдi күтудiң осы түрi еңбек көп жұмсалатын жұмыстар технологиясын едәуiр жеңiлдетуге және көктемгi дала жұмыстарын жүргiзу кезеңiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы салада ең тұрақты және жоғары рентабельдi шаруашылықтардың бiрi болған, Түлкiбас ауданының бұрынғы Мичурин атындағы кеңшардың жетiстiктерi осының дәлелi бола алады. Осыған ұқсас жүзiмдi жатқыза дамыту мәдениетi үшiн жағдайлары бар Алматы облысында да жүзiм шаруашылығын дамыту қажет. Сонымен қатар, бұл салада кейбір сорттарды тiректi пайдаланусыз баптауға болатын жерлер бар, мұның өсiру технологиясының материал мен еңбек көп жұмсалуын едәуiр төмендете отырып, бастырмалы жүзiм шаруашылығында зор маңызы бар.
Республиканың қалған аймақтарында қыс уақытының қатаңдығынан және бүршiк жару кезеңіндегі жеткiлiксiз жылумен қамтамасыз етiлуiнен тауарлы жүзiм шаруашылығын дамыту үшiн жағдайлар жоқ.
Ыстық климаты бар Қызылорда облысын ерекшелеуге болар едi, алайда күрiш дақылының басымдығымен және осымен байланысты маңайдағы жерлердiң сортаңдануымен байланысты, мұнда бұрын тауарлы жүзiмдi дамытудағы әрекеттер табысты болмады. Дегенмен, облыстың жекелеген шаруашылық субъектiлерi тарапынан мұндай қызметтi толық жоққа шығаруға болмайды.
Жеке қарауында жүзiмдiктерi бар тауар өндiрушiлердi және қайта өңдеу кәсiпорындарын (фирмалар, қауымдастықтар, серiктестiк шаруашылықтар) басымды дамыту саланы табысты қалпына келтiрудiң маңызы еш кем емес шарты болып табылады. Мұнда өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру үшiн өзiндiк құю желiлерiн орнату қажет.
Асханалық жүзiмнiң негiзгi өндiрiсiн шағын жүзiмдiктерi бар өндiрушiлер қамтамасыз етуге тиiстi. Жүзiмдi қайта өңдеу үшiн өзiндiк базалары жоқ жекелеген шаруа және фермер шаруашылықтары серiктестiк негiзiнде қайта өңдеу кәсiпорындарын толтыру үшiн асханалық сорттар өндiрiсiнiң бiраз бөлiгiн өздерiне алуы мүмкiн. Мұнда, сондай-ақ, республиканың оңтүстiк және оңтүстiк-шығысындағы қалалар маңында он мыңдап саналатын саяжайлар және қосалқы телiмдер де едәуiр рөл атқаратын болады.
Жүзiм баптау технологиясына бiрнеше ондаған операция кiредi және ауыл шаруашылығы машиналарының тұтас тобы кiретiн механизация жүйесiмен бекуге тиiстi, бұлардың өндiрiсi Қазақстанда жоқ десек, ТМД елдерiнде толық дерлiк тоқтатылған. Алыс шетелдердiң жүзiмдiктер өңдейтiн машиналары, көбiнесе Қазақстан жағдайына бейiмделмеген және отандық түрiнен едәуiр өзгеше баптау технологиясына арналған.
Сондықтан, Қазақстанда жүзiм шаруашылығын қалпына келтiру жөніндегі бағдарламаның басым бағыттарының бiрi отандық кәсiпорындарда машиналар мен тетiктердiң негiзгi номенклатурасы өндiрiсiн ұйымдастыру болуға тиiстi. Олардың қатарына әмбебап түрендер, жүзiм бұталарын бүркеу және ашу тетiктерi, собық жинағыштар, шпалер бағаналарын сығымдағыштар, өнiм тасымалдау тетiктерiнiң құралдары және басқалары жатады. Саланы мемлекеттік қолдау тұрғысында қауымдастықтар мен кооперативтерге бiрiккен шаруашылық субъектiлерiнiң үлестiк қатысуымен лизинг шарттарымен және машина-технологиялық станциялар (МТС) құру жолымен қажеттi ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу ұйымдастырылуы мүмкiн.
ҚазЖЖҒЗИ қарауындағы "Мерке" РМҚК және "Сарыағаш" РМҚК питомниктерi негiзiнде отырғызу материалдары өндiрiсiн қалпына келтiру Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қайта өркендету бағдарламасын табысты орындаудың бұлжымас шарты болуға тиiстi. Осы шаруашылықтарда отырғызу материалдарының негізгi денiн шоғырландыру, өзгесiнен басқа, Қазақстанда жүзiм шаруашылығының сорттық саясатын мақсатты бағыттап жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Жүзiмдiктердiң қажеттi және жеткiлiктi алаңын қалпына келтiру бөлiгiнде Бағдарламаны табысты орындау үшiн шаруашылықтардың экономикалық негiзiн нығайту жөнiнде жағдайлар жасалуы тиiс.
Жүзiмнiң жалпы жиналымын және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру үшiн көшеттердi отырғызуды және күтудi ғылыми жетiстiктер мен озық тәжiрибенi пайдалана отырып жүзеге асырған жөн. Бұл ретте Қазақстандағы жүзiм шаруашылығы қажеттi тәжiрибесi және тиiстi біліктiлiгi бар, ҚазЖЖҒЗИ-ің және ішiнара, Оңтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қолда бар әзiрлемелерiмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.