2. Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген тауардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының тоғыз саннан тұратын коды көрсетiлген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдiң (елдердiң) атауы, өтiнушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлерi және (немесе) тауар экспорттаушылары туралы, сонымен қатар белгiлi қазақстандық тауар импорттаушылары туралы мәлiметтер.
3. Шет мемлекет (шет мемлекет одағының) шетелдiк экспорттаушысына және (немесе) шетелдiк тауар өндiрушiсiне субсидия берiлуiнiң дәлелi және оның көлемi, сипаты мен беру мерзiмi туралы мәлiметтер.
4. Соңғы күнтiзбелiк үш жыл iшiнде ұқсас тауарларды өндiруде және (немесе) экспорттауда пайдаланылған қазақстандық субсидиялар туралы мәлiметтер.
5. Соңғы үш жылдағы тауар импортының өсуiнiң қарқыны мен абсолюттiк шамасы (абсолюттiк және салыстырмалы түрде) туралы мәлiметтер.
6. Тауар импортының Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас тауар бағасына әсерi және соңғы үш жылдағы отандық өндiрушiлер жағдайына әсерi туралы мәлiметтер.
7. Соңғы үш жылдағы Қазақстан Республикасының ішкі рыногында ұқсас тауарларды сатудың жалпы көлеміндегі импорттық тауардың үлесi туралы мәлiметтер.
8. Отандық өндiрушiлер жағдайын сипаттайтын факторлар мен көрсеткіштердi ескере отырып, өндiрiстiң құлдырағанын немесе құлдырау мүмкiндiгiн, сату, рыноктың үлесi, пайда, өнiмдiлiк, инвестициялардан кiрiс немесе өндiрiс қуатын пайдаланудың төмендеуi, iшкi бағаға әсер еткен факторлар немесе ақша ағынына, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, еңбекақыға, инвестициялық мүмкiндiктерге немесе әлеуметтік саланың даму мүмкiндiктерiне терiс әсерi немесе терiс әсер ету мүмкіндiгi және басқа да факторларды қоса алғанда, отандық өндiрушiлерге елеулi материалдық нұқсан немесе нұқсан келтiру қаупiн бағалау.
9. Отандық өндiрушiлерге келтірiлген елеулi материалдық нұқсан мен шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекет одағы) тауар импортының және отандық өндiрушiлерге келтiрiлген болжалды материалдық нұқсанның арасындағы себеп-салдар байланысының дәлелдерi.
10. Мөлшерi мен мерзiмi көрсетiлген, енгiзiлуi қажеттi, ұсынылып отырған өтем шарасы туралы ақпарат.
11. Өтiнiш иесi ұсынған өтем шараларының қолданылуы кезеңiнде отандық өндiрушiнi шетелдiк бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге бейiмдеу жөніндегі нақты iс-шаралар жоспары.
Ескертулер:
1. Құн көрсеткiштерiн салыстыру мақсатында теңгемен, сондай-ақ доллармен де көрсету қажет (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны белгiлеген сәтіндегі бағам бойынша).
2. Берiлген ақпаратты өтiнiштi қолдайтын ұйымдар басшылары және олардың бухгалтерлiк есептi жүргiзуге жауапты қызметкерлерi куәландырады.
3. Егер осы тiзiмде көрсетiлген мәлiметтерге қол жеткізу мүмкiн болмаса немесе оны алу ақпаратты иелену немесе пайдалану үшiншi тұлғаның құқын бұзумен байланысты болса, онда мұндай ақпаратты бермеу өздігінен тергеуді бастаудан бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайда өтініш иесі мәліметтерді алу мақсатында жасаған әрекеттері туралы және олардың алынбаған себептері туралы ақпарат беруі тиіс.
4. Өтініш иесінің ақпаратында берілген заттай түрдегі тауардың өлшем бірліктері ресми статистикалық есепте қолданылатын өлшем бірліктерімен салыстыруға келуі тиіс.