94. Ерекше субсидия мөлшерi тауар құнының бiр пайызынан кем үлестi құрайтын болса, онда ол болмашы болып қаралады.
95. Егер, берiлген өтiнiшке қатысты, елден тауар беру салыстырмалы кезеңдегi импорттың жалпы көлемiнiң 1 пайызынан кем құраса, ал Қазақстан Республикасына ұқсас тауар берiлiмiнiң жиынтығы 3 пайызынан кем мөлшерiн, ал сондай елдерде 3 пайызын құраса, онда материалдық нұқсан мөлшерi болмашы болып саналады.
96. Анықтауды жүргiзуден бас тартудың негiздерi:
1) субсидия мөлшерiнiң және шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекеттер одағы) тауар импорты көлемiнiң болмашылығы белгiленген кезде;
2) осы Ереженiң 88-тармағының орындалмауы.
97. Анықтау рәсiмiн бастаудан бас тарту туралы шешiмдi Комитет өтiнiш алған сәттен бастап екi ай iшiнде қабылдайды.
98. Комитет анықтауды жүргiзуден бас тарту туралы шешiм қабылдаған кезде өтiнiш қабылданған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде анықтауды жүргiзуден бас тарту себептерi мен негiздерiн көрсетiп, бұл туралы өтiнiш иесiне хабарлайды.
99. Өтiнiш иесi анықтау басталғанға дейiн немесе оның барысында өтiнiштi қайтарып алуына болады. Анықтау басталғанға дейiн өтiнiш қайтарылып алынса, ол берiлмеген болып саналады.
100. Анықтау барысында өтiнiштi қайтарып алса, Комитет өз бастамасымен жалғастыруына не шара қолданбай тоқтатуға құқылы.
2-тарау. Анықтау рәсiмi. Комитет пен мүдделi тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi
101. Анықтау жүргiзудiң басталуы туралы шешiм қабылданған сәттен бастап Комитет анықтауды жүргiзу туралы ресми басылымдарда хабарлама жариялайды.
102. Хабарламада мынадай ақпараттар:
1) анықтау жүргiзетiн орган ретiнде Комитет атауы;
2) анықтау басталатын күнi;
3) анықтау нысанасы болып отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауарды шығарған немесе экспорттаушы ел атауы;
4) анықтауды бастаудың негiзi;
5) материалдық нұқсан келтiргенi немесе келтiру қаупін растауға негiз болған фактiлердің қысқаша баяндалуы;
6) мүдделі тұлғалар iспен танысу, өз пiкiрлерiн бiлдiру және мүдделi тұлғалармен қажеттi кездесу мүмкiндiгiн алу үшiн өз өтiнiшiн бере алатын мерзiм шегi.
103. Комитет мүдделi тұлғаларға сұрау салу жiбередi.
104. Сұрау салуға жауап ол алынғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде берiледi.
105. Сұрау салу пошта арқылы жiберілгеннен кейiнгi немесе мүдделi тұлғалардың өкiлiне берiлгеннен кейiнгi жетi күн iшiнде алынды деп саналады.
106. Мүдделi тұлғалар хабарлама алған сәттен бастап жазбаша түрде мемлекеттік немесе келісім бойынша басқа да тiлде жауап бередi.
107. Анықтау жүргiзу барысында Комитет мүдделi тұлғалардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Жауап сұрау салу алынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде мұндай ақпараттың алынған көзi көрсетiле отырып, берілуi тиiс.
108. Мүдделi тұлғалар анықтау жүргiзуге көмектеседi және Комитеттiң сұрау салуы бойынша қажеттi ақпаратты соның ішінде құпия ақпаратты бередi.
109. Қазақстан Республикасының заңнамалар кесiмдерiнде көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, құпия ақпарат жарияланбайды, Комитеттiң лауазымдық тұлғалары жеке мақсатта пайдалануға және үшiншi тұлғаға, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға беруге болмайды.
110. Құпия ақпаратты берушi мүдделi тұлға осы ақпарат бойынша құпия емес сипатта жазбаша түрде түсiндiрме беруi тиiс.
111. Түсiндiрме ақпараттың мәнiн түсiндiретiндей жеткiлiктi тәптiштелуi тиiс. Ерекше жағдайларда, құпия емес ақпаратты беру мүмкiн еместiгi жөнiнде себептерi болуы тиiс.
112. Мүдделi тұлға басқа да кез-келген дәлелдеулердi беруге құқылы.
113. Анықтау нысанасы жөнiнде алынатын ақпарат жазбаша нысанда қабылданады.
114. Комитет шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекеттер одағы) тауар импортының және материалдық нұқсан келтiрiлуi немесе келтiру қаупiнiң бар екендiгi туралы алдын ала қорытындысын шығарғаннан кейiн уақытша өтем шаралары қолданылатыны туралы хабарламаны барлық мүдделi тұлғаларға және олардың елдерiнiң ресми органдарына жiбередi.
115. Хабарлама жiберiлгеннен кейiнгi он күн ішінде анықтауға тартылған мүдделi тұлғалар уақытша өтем шараларын енгізудiң негiзiне қатысты жазбаша ескертулерiн жiберуге құқылы.
116. Комитет анықтау жүргiзу кезiнде ескертулердi назарға алуға не қабылдамауға құқылы.
117. Ақпараттың шынайылығын тексеру немесе қосымша ақпарат алу (жетiспейтiн мәлiметтердi жинауда) мақсатында Комитет мүдделi тұлғалардың келісімi бойынша анықтау объектiсi болып отырған шетелдiк экспорттаушының және (немесе) тауар өндiрушiнің орналасқан жеріндегі ел аумағында анықтауды жүргiзуi мүмкiн.
118. Шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекеттер одағы) тауар импортының және материалдық нұқсан келтiру немесе келтiру қаупiнiң бар екендігi туралы Комитет алдын ала шығарған қорытындының негiзiнде, бiрақ анықтау басталған сәттен екi айдан кейiн Үкiмет уақытша өтем шараларын енгізу туралы шешiм қабылдайды.
119. Анықтау рәсiмi басталған кезден бастап анықтау жүргiзу мерзiмi алты айдан асырылмайды.
120. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өтем шараларын қолдану немесе олардың қолданылуын тоқтату туралы шешiмi қабылданғаннан кейiн Комитет анықтау объектiсi болып отырған тауарлардың шыққан елдерінің уәкiлеттi органдарына қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
121. Мүдделi тұлғалар iстiң материалдарымен және басқа тараптың дәлелдерiмен танысу мақсатында тыңдаулар өткізу туралы өтiнiш жасауға құқылы.
122. Мүдделi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтау кезеңiнде қабылданған Комитеттiң шешiмi мен iс-әрекеттерiне шағымдануға құқылы.
3-тарау. Бағалар бойынша мiндеттемелер
123. Өтем шараларын енгізу алдындағы анықтау уақытша өтем шараларын енгiзбей-ақ тоқтатылуы немесе уақытша тоқтатылуы мүмкiн:
1) тауар шығарушы немесе экспорттаушы елдiң үкіметі субсидияны алып тастауға немесе шектеуге келiскен жағдайда;
2) берушi шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекет одағы) тауар экспортын тоқтатуды немесе өз бағасын қайта қарауға мiндеттенсе.
124. Берушi мiндеттемесi жазбаша түрде қабылданады.
125. Баға туралы мiндеттеменi Комитет ұсынады.
126. Берушi өзiне мұндай мiндеттемелердi қабылдауға мәжбүр етiлмейдi.
127. Бағалар жөнiнде мiндеттемелер Комитет айрықша субсидия және отандық өндiрушiлерге материалдық нұқсан келтiрiлуi немесе келтiру қаупiнiң бар екендiгi жөнiнде алдын ала қорытынды шығарылғаннан кейiн қабылданады.
128. Комитет берушiге хабарлауы тиiс берушi ұсынған мiндеттеме, жеткізушiлер санының көп болуы себебiнен не басқа да себептермен Комитет оның қабылдануы iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес деп санаса, мiндеттеме қабылданбайды.
129. Комитет мiндеттеме қабылдаған берушiден баға жөніндегі қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтердi беруiн, берiлген мәлiметтердің шынайылығына тексеру жүргiзудi талап етуге құқылы.
130. Берушi баға туралы мiндеттеменi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Комитеттің ұсынысы бойынша уақытша шараларды алдын ала хабарламай-ақ кiдiрiссiз енгізуге құқылы.
131. Берушi баға жөнiнде қабылданған мiндеттеменi жауаптылықпен орындаса, Комитет анықтауды тоқтатуға құқылы.
132. Анықтауды жалғастыру:
1) мiндеттеме қабылдаған берушi жалғастыруды талап етсе;
2) Комитет бастамасымен жүзеге асырылады.
133. Материалдық нұқсанның немесе оның қаупi болмауы баға жөніндегі қабылданған мiндеттеменiң салдары екендiгiн қоспаған жағдайда, айрықша субсидияның немесе материалдық нұқсанның болмағандығы жөнiнде фактiлер анықталған кезде Комитет баға туралы мiндеттеменiң күшiн жояды.
134. Бақылауды жүзеге асыру кезiнде баға жөніндегі мiндеттеменiң орындалуы жөнiнде ақпарат беруде Комитетке кедендiк органдар көмектеседi.
4-тарау. Қорытынды ережелер
135. Өтем шараларын енгізу, қайта қарау және күшiн жою Комитеттiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы арқылы жүзеге асырылады.
136. Анықтау нәтижелерi бойынша Комитет Қазақстан Республикасы Yкіметіне тиiстi қорытынды бередi.
137. Комитеттiң қорытындысында мiндеттi түрде мынадай ақпарат болуы тиiс:
1) анықтау объектiсi болып табылған, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының тоғыз саннан тұратын коды көрсетiлген тауардың сипаттамасы;
2) оның өндiрiсi немесе экспорты кезiнде шет мемлекет субсидиясы пайдаланылған (шет мемлекеттер одағы) тауар импорты өсуiнiң дәлелдерi;
3) отандық өндiрушiлерге материалдық нұқсан келтiрiлуi немесе келтiру қаупiнiң дәлелдерi;
4) материалдық нұқсан келтiру мен оның өндiрiсi немесе экспорты кезiнде шет мемлекет субсидиясы пайдаланылған (шет мемлекеттер одағы) тауар импорты арасындағы себеп-салдар байланысының дәлелдерi;
5) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау жөнiнде ұсынылып отырған Шаралардың сипаттамасы: соның iшiнде уақытша өтем бажын енгізу арқылы жүзеге асырылатын өтем шаралары, өтем бажы не осы Ереженiң 123-тармағында көрсетiлген мiндеттемелердi қабылдау;
6) ұсынылған шараларды шамамен енгізудің болжалды күнi мен мерзiмi, сондай-ақ шаралардың қолданылу кезеңiнде отандық өндiрушiнің шетелдiк бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге бейiмдеу жөніндегі отандық өндiрушi атынан өтiнiш иесi әзiрлеген iс-шаралар жоспары немесе анықтау жүргiзу барысында оларды енгізу жергiлiктi мүдделi тұлғалар, Қазақстан Республикасының экономикасына тұтас немесе анықтау объектiсi болып табылатын тауар тұтынушыларының едәуiр бөлiгiнiң мүдделерiне қолайсыз тисе, не мемлекеттік маңызы бар өзге де елеулi себептер бойынша жөнсiз болса, шаралар қолданбау туралы ұсыныс болуы тиiс.
138. Өтем бажын қолдануды жалғастыру қажеттiлiгiн анықтау мақсатындағы қайта анықтау, осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес өтем бажын қолдану мерзiмiнің аяқталуына қырық бес күннен кешiктiрiлмей, Комитет бастамасымен, сонымен қатар мүдделi тұлғалардың дәлелдi өтiнiшiнiң негiзінде жүргiзiледi.
139. Қазақстан Республикасы Yкіметінің өтем бажының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмiн қабылдауға Комитеттiң қорытынды нысанында дайындаған ұсынысы негiз болып табылады.
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi
Қорғау шараларын қолдану үшін анықтауды жүргiзу туралы
ӨТIНIШ
(өтiнiш берiлген күнi)
___________________________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының әдiлет органдарында тiркелген нөмiрi мен күнi)
кәсiпорыны шығарған _______________________________________________________
(тауардың атауы)
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды (СЭҚ
ТН) _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
қорғау шараларын қолдану мүмкiндiгі мақсатындағы анықтауды жүргiзудi
өтiнемiз.
1. Анықтау объектiсi болып отырған, әкелiнген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдiң (елдердiң) атауы, мәлiмдеушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлердiң және (немесе) тауар экспорттаушыларының, сондай-ақ белгiлi қазақстандық тауар импорттаушыларының тiзбесi;
2. Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарлар бағасының өзгеруi туралы мәлiметтер, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарлар мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлар бағасының арақатынасы;
3. Шығарылған өнiм өндiрiсiнiң негізгі көрсеткiштерi;
4. Импорттық тауарларды беру көлемiнiң өзгерiсiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы нақты саланың жай-күйiне тауар импорты көлемi өсуiнiң терiс әсерiнiң дәлелдерi;
5. Тауар импорты көлемiнiң өсуi мен отандық өндiрушiлерге болжалды елеулi нұқсан арасындағы байланыстың бар екенiне дәлелдер.
Ескертулер:
Барлық жiберiлетiн материалдарға бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама соғады және ресми бланкiде реттiк нөмiрiмен, iлеспе хатпен бiрге ұсынылады.
Өтiнiшке құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi мiндеттi түрде қоса берiледi.
Бiрiншi басшының қолы
Мөр
Қорғау, өтем немесе демпингке
қарсы шараларды енгізу алдындағы
анықтауды жүргiзу туралы ережеге
2-қосымша
Қорғау шараларын енгізу туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар (ақпарат)
тiзбесi
1. Өтiнiш иесi, соңғы үш жыл iшіндегі импорттың өсуiнiң болжалды нысанасы болып табылатын тауардың Қазақстан Республикасындағы өндiрiсiнiң көлемi, құны туралы мәлiмет. Отандық өндiрушiлер атынан берiлген өтiнiште отандық өндiрiстiң жалпы көлеміндегі әрбiр өндiрушiнiң үлесi көрсетiлген барлық белгiлi қазақстандық тауар өндiрушiлердiң тiзбесi көрсетiледi. Өтiнiшке қоса берiлетiн ақпараттың тiзбесi мен нысанын Комитет белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген тауардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының тоғыз саннан тұратын коды көрсетiлген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдiң (елдердiң) атауы өтiнушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлерi және (немесе) тауар экспорттаушылары туралы, сонымен қатар белгiлi қазақстандық тауар импорттаушылары туралы мәлiметтер.
3. Соңғы үш жылдағы тауар импортының өсуiнiң қарқыны мен абсолюттiк шамасы (абсолюттiк және салыстырмалы түрде) туралы мәлiмет.
4. Соңғы үш жылдағы Қазақстан Республикасының iшкi рыногында өндiрiлiп, сатылған тауар көлемiнiң өзгерiсi туралы мәлiметтер.
5. Соңғы үш жылдағы Қазақстан Республикасының iшкi рыногында ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды сатудың жалпы көлеміндегі импорттық тауардың үлесi туралы мәлiметтер.
6. Тауардың экспорттық бағасы немесе Қазақстан Республикасындағы бiрiншi тәуелсiз сатып алушыға қайталап сату туралы ақпарат.
7. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауардың және Қазақстан Республикасында шығарылатын ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауар бағасының арақатынасы.
8. Нақты отандық өндiрушiнiң жағдайына, тауар импорты көлемiнiң өсуiнiң терiс әсерiнiң дәлелдерi.
9. Еңбек өнiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң, өндiрiстiк қуаттар жүктемесi, пайда және шығын көлемi, инвестиция көлемi мен өндiрiс тиiмдiлiгi, тауар қорының мөлшерi, сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз ету деңгейi өзгерiсi ескерiлген отандық өндiрушiлерге елеулi зиян келтiрiлуi немесе келтiру қаупiн бағалау.
10. Тауар импорты көлемiнiң өсуi мен отандық өндiрушiге тигiзiлген болжалды елеулi нұқсан арасындағы себеп-салдар байланысын айқындаған дәлелдеулер.
11. Енгiзiлуi қажет мөлшерi мен мерзiмi көрсетiлген, ұсынылатын қорғау шарасы туралы ақпарат.
12. Өтiнiш иесi ұсынған қорғау шараларын қолдану кезеңiнде отандық өндiрушiнi шетелдiк бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге бейiмдеу жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Ескертулер:
1. Құн көрсеткiштерiн салыстыру мақсатында теңгемен де, сондай-ақ доллармен де көрсету керек (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны белгiлеу сәтіндегі бағам бойынша).
2. Берiлген ақпаратты өтiнiштi қолдайтын ұйымдар басшылары және олардың бухгалтерлiк есептi жүргiзуге жауапты қызметкерлерi куәландырады.
3. Өтiнiш иесi ұсынатын ақпаратында тауардың заттай түрдегi өлшем бiрлiктерi ресми статистикалық есепте қолданылатын өлшем бiрлiктерiмен салыстыруға келуi тиiс.
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi
Демпингке қарсы шараларды қолдану үшін
анықтауды жүргiзу туралы
ӨТIНIШ
(өтiнiш берiлген күнi)
___________________________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының әдiлет органдарында тiркелген нөмiрi мен күнi)
кәсiпорыны шығарған _______________________________________________________
(тауардың атауы)
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды (СЭҚ
ТН) _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
демпингке қарсы шараларды қолдану мүмкiндiгі мақсатында анықтау жүргiзудi
өтiнемiз.
1. Анықтау объектiсi болып отырған, әкелiнген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдiң (елдердiң) атауы, мәлiмдеушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлердiң және (немесе) тауар экспорттаушыларының тізбесі, сондай-ақ белгiлi қазақстандық тауар импорттаушыларының тiзбесi;
2. Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас тауарлар бағасының өзгеруi туралы мәлiметтер, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн ұқсас тауарлар мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлар бағасының арақатынасы;
3. Шығарылған өнiм өндiрiсiнiң негізгі көрсеткiштерi;
4. Импорттық тауарларды беру көлемiнiң өзгерiсiн қоса алғанда, әкелу көлемінің өсуі Қазақстан Республикасындағы нақты саланың жай-күйiне терiс әсер етуінің дәлелдерi;
5. Демпингтік тауар импорты мен отандық өндiрушiлерге келтірілген болжалды елеулi нұқсан арасындағы байланыстың бар екенiне дәлелдер.
6. Егер демпингтiк тауарлар импорты жүзеге асырылған жағдайда, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдердiң рыногында осы тауардың сатылатын бағасын, экспорттық баға туралы ақпарат беруi тиiс.
Ескертулер:
Барлық жiберiлетiн материалдарға бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама соғады және ресми бланкiде реттiк нөмiрiмен, iлеспе хатпен бiрге ұсынылады.
Өтiнiшке құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi мiндеттi түрде қоса берiледi.
Бiрiншi басшының қолы
Мөр
Қорғау, өтем немесе демпингке
қарсы шараларды енгізу алдындағы
анықтауды жүргізу туралы ережеге
4-қосымша
Демпингке қарсы шараларды енгізу туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар (ақпарат)
тiзбесi
1. Өтiнiш иесi туралы мәлiмет, анықтау кезеңiн қоса алғанда, қажеттi статистикалық мәлiметтерi бар, соңғы үш жыл iшіндегі болжалды демпингтiк импорттың нысанасы болып табылатын (бұдан әрi - тауар) Қазақстан Республикасындағы тауар өндiрiсiнiң көлемi мен құны туралы деректер. Отандық өндiрушiлер атынан берiлген өтiнiште отандық өндiрiстiң жалпы көлеміндегі әрбiр өндiрушiнiң үлесi және барлық белгiлi қазақстандық тауар өндiрушiлердiң тiзбесi көрсетiледi. Өтiнiшке қоса берiлетiн ақпараттың тiзбесi мен нысанын Комитет белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген тауардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының тоғыз саннан тұратын коды көрсетiлген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған немесе экспорттаушы елдiң (елдердiң) атауы, өтiнушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлерi және (немесе) тауар экспорттаушылары туралы, сонымен қатар белгiлi қазақстандық тауар импорттаушылары туралы мәлiметтер.
3. Тауардың қалыпты құны туралы (анықтау кезеңiнде тауар шыққан елдiң iшкi рыногында немесе экспортында тауар қандай бағамен сатылатыны туралы ақпарат) мәлiметтер.
4. Анықтау жүргiзiлген кезеңде Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрiншi тәуелсiз сатып алушыға сатылатын тауардың экспорттық бағасы туралы мәлiмет.
5. Соңғы үш жыл iшіндегі, анықтау жүргiзiлген кезеңдi қоса алғанда, қажеттi статистикалық мәлiметтерi бар тауар импорты көлемiнiң өзгеруi туралы мәлiметтер.
6. Соңғы үш жылдағы тауар импортының өсуiнiң абсолюттiк қарқыны мен шамасы (абсолюттiк және салыстырмалы түрде) туралы мәлiметтер.
7. Соңғы үш жылдағы Қазақстан Республикасының iшкi рыногында ұқсас тауарларды сатудың жалпы көлеміндегі тауар импортының үлесi туралы мәлiметтер.
8. Анықтау жүргiзiлген кезеңдегi Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн ұқсас тауарлар мен Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген тауарлар бағасының ара қатынасы туралы мәлiметтер.
9. Тауар импортының Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас тауарлар бағасына әсерi және алдағы уақыттағы отандық өндiрушiлер жағдайына әсерi туралы мәлiметтер.
10. Отандық өндiрушiлер жағдайын сипаттайтын факторлар мен көрсеткiштердi ескере отырып, өндiрiстiң құлдырағанын немесе құлдырау мүмкiндiгiн, сату, рыноктың үлесі, пайда, өнiмдiлік, инвестициялардан кiріс немесе өндiрiс қуатын пайдаланудың төмендеуi, iшкi бағаға әсер еткен факторлар немесе ақша ағынына, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, еңбекақыға, инвестициялық мүмкiндiктерге немесе әлеуметтiк саланың даму мүмкiндiктерiне терiс әсерi немесе терiс әсер ету мүмкiндiгi және басқа да факторларды қоса алғанда, отандық өндiрушiлерге елеулі материалдық нұқсан немесе нұқсан келтiру қаупiн бағалау.
11. Отандық өндiрушiлерге келтiрiлген елеулi материалдық нұқсан мен демпингтік тауар импортының арасындағы себеп-салдар байланысының дәлелдерi.
12. Демпингтiк айырма көлемiн анықтау жөніндегі ұсыныстар. Мөлшерi мен уақыты көрсетiлген, енгiзiлуi қажет, ұсынылып отырған демпингке қарсы шаралар туралы ақпарат.
13. Өтiнiш иесi ұсынған демпингке қарсы шаралардың қолданылуы кезеңiнде отандық өндiрушiнi шетелдiк бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстеуге бейімдеу жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Ескертулер:
1. 1, 3 - 5 және 8-тармақтарға сәйкес ақпарат анықтау кезеңiнiң әр айында берiлiп отырады.
2. Құн көрсеткiштерiн салыстыру мақсатында теңгемен, сондай-ақ доллармен де көрсету қажет (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны белгiлеген сәтіндегі бағам бойынша).
3. Берiлген ақпаратты өтiнiштi қолдайтын ұйымдар басшылары және олардың бухгалтерлiк есептi жүргiзуге жауапты қызметкерлерi куәландырады.
4. Өтiнiш иесiнің ақпаратында заттай түрдегi тауардың өлшем бiрлiктерi ресми статистикалық есепте қолданылатын өлшем бiрлiктерiмен салыстыруға келуi тиiс.
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінiң Антидемпингтiк бақылау жөніндегі комитетi
Өтем шараларын қолдану үшін анықтауды жүргiзу туралы
ӨТIНIШ
(өтiнiш берiлген күнi)
___________________________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының әдiлет органдарында тiркелген нөмiрi мен күнi)
кәсiпорыны шығарған _______________________________________________________
(тауардың атауы)
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды (СЭҚ
ТН) _______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
өтем шараларын қолдану мүмкiндiгі мақсатындағы анықтауды жүргiзудi
өтiнемiз.
1. Анықтау объектiсi болып отырған, әкелiнген тауардың сипаттамасы, тауарды өндірген елдiң (елдердiң) атауы, мәлiмдеушiге белгiлi шетелдiк өндiрушiлердiң және (немесе) тауар экспорттаушыларының тізбесі, сонымен қатар белгiлi қазақстандық тауар импорттаушыларының тiзбесi;
2. Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас тауарлар бағасының өзгеруi туралы мәлiметтер, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн ұқсас тауарлар мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлар бағасының арақатынасы;
3. Шығарылған өнiм өндiрiсiнiң негізгі көрсеткiштерi;
4. Импорттық тауарларды беру көлемiнiң өзгерiсiн қоса алғанда, әкелу көлемінің өсуі Қазақстан Республикасындағы нақты саланың жай-күйiне терiс әсер етуінің дәлелдерi;
5. Шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекеттер одағы) тауар импорты мен отандық өндiрушiлерге келтiрiлуi мүмкiн елеулi нұқсан арасындағы байланыстың бар екенiне дәлелдер.
6. Субсидияның бар екендiгiн, мөлшерiн, сипатын және ерекшелiгiн растайтын дәлелдер.
Ескертулер:
Барлық жiберiлетiн материалдарға бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама соғады және ресми бланкiде реттiк нөмiрiмен, iлеспе хатпен бiрге ұсынылады.
Өтiнiшке құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi мiндеттi түрде қоса берiледi.
Бiрiншi басшының қолы
Қорғау, өтем немесе демпингке
қарсы шараларды енгізу алдындағы
анықтауды жүргiзу туралы ережеге
6-қосымша
Өтем шараларын енгізу туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар (ақпарат)
тiзбесi
1. Өтiнiш иесi туралы мәлiмет, анықтау кезеңiн қоса алғанда, қажетті статистикалық мәлiметтерi бар, соңғы үш жыл iшіндегі болжалды шет мемлекет субсидиялаған (шет мемлекеттер одағы) импорттың нысанасы болып табылатын (бұдан әрi - тауар) Қазақстан Республикасындағы тауар өндiрiсiнiң көлемi мен құны туралы деректер. Отандық өндiрушiлер атынан берiлген өтiнiште отандық өндiрiстiң жалпы көлеміндегі әрбiр өндiрушiнiң үлесi және егер қажеттi мәлiметтер бар болса, барлық белгiлi қазақстандық тауар өндiрушiлердiң тiзбесi көрсетiледi. Өтiнiшке қоса берiлетiн ақпараттың тiзбесi мен нысанын Комитет белгiлейдi.