Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы
№ 771 қаулысы (ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906; 02.11.01 ж. № 1389;
28.12.01 ж. № 1750; 28.10.04 ж. № 1120 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 56, 509-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі мен Тергеу департаментiнiң штат санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 373 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Н. Балғымбаев |
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 маусымдағы № 771
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу басқармасы
Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы
Қаржылық және техникалық бақылау бөлімі
Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 маусымдағы № 771
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 30.06.99 ж. № 906 қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі
комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
"Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорны