Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы № 223 қаулысы
(2004 ж. 3 наурызға берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 23.04.02 ж. № 461 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес.
ҚР Үкіметінің 06.06.00 ж. № 852 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 04.02.00 ж. № 163; 09.01.04 ж. № 22 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Әділет министріне 5 вице-министр ұстауға рұқсат етілсін, оның ішінде бір бірінші.
ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4.
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды
5.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 30 қазандағы № 1473 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 440-құжат) күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
11 наурыздағы № 223
қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 30.01.01 ж. № 151; 29.03.01 ж. № 411; 14.04.01 ж. № 494; 28.12.01 ж. № 1755; 23.04.02 ж. № 461; 03.03.04 ж. № 260 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары жәневедомстволары болады: Тiркеу қызметi комитетi, Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетi, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Министрлік мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер оған заңдарға сәйкес өкілеттілік берілсе, онда Министрлік мемлекетті білдіруге құқылы.
4. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі" мемлекеттік мекемесi;
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары
және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерімен;
2) Әділет министрлігін құру туралы актімен;
3) осы Ережемен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 12.11.99 ж. № 1695; 06.06.00 ж. № 852; 23.08.00 ж. № 1295; 30.01.01 ж. № 151; 29.03.01 ж. № 411; 14.04.01 ж. № 494; 02.11.01 ж. № 1389; 28.12.01 ж. № 1750; 28.12.01 ж. № 1755; 22.08.02 ж. № 939; 03.03.04 ж. № 260 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
заң жобалары жұмыстарын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу;
нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргізу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты іс-шараларды үйлестіру;
нотариаттық және адвокаттық қызметтi, сот-сараптама қызметiн және оның құзыретiне жатқызылған өзге де қызмет түрлерiн лицензиялау;
анықтау қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте;
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелерді, жылжитын мүлік кепілдігін және қаржы лизингі шарттарын, нормативтік құқықтық актілерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
халыққа құқықтық көмек пен заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқуды ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиялары құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың сақталуын бақылау; заңдармен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу;
қылмыстық жазалауды орындау және оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған күдiктілер мен айыпталушыларды ұстау;
заңға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргізудi жүзеге асыру;
сот-сараптамасы қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттi үйлестiру және жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 12.11.99 ж. № 1695; 06.06.00 ж. № 852; 23.08.00 ж. № 1295; 30.01.01 ж. № 151; 29.03.01 ж. № 411; 14.04.01 ж. № 494; 15.06.01 ж. № 824; 28.12.01 ж. № 1750; 28.12.01 ж. № 1755; 22.08.02 ж. № 939;09.01.04 ж. № 22; 03.03.04 ж. № 260 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді
12. Министрліктің функциялары мыналар болып табылады:
1) заң жобасы жұмыстарын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында:
заң жобасы жұмыстары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
заңдардың жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді заңи сараптау;
заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін осы мақсатқа бюджеттік және өзге де қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шетелдің мамандары мен сарапшыларын тарту;
Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
құқықтық ақпараттандыруды қамтитын заңдарды жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкін және құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу;
заң шығару саласында ғылыми-зертеу жұмыстарын үйлестіру;
2) сот-сараптамасы қызметінің жұмысын, анықтауды және әкiмшiлiк iс жүргізудi ұйымдастыру саласында:
сот сарапшылары кадрларын іріктеу және орналастыру;
сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
мемлекеттік сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және заңнамада белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру;
сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
әдiлет органдарының құзыретiне кiретiн қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiрy;
заңға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзудi жүзеге асыру;
3) халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру саласында:
заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес құқықтық көмек және шет мемлекеттермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal opinion);
көрсетілген шарттарға сәйкес шетелдік мемлекеттердің соттық тапсырмаларын, өтініштері мен өтінімдерін атқару;
халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасы;
Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiрiздендiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
белгiленген тәртiппен зияткерлiк меншiк құқығын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға қатысу;
шетелдiк құқықтық көмек көрсетумен және құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар жасасумен байланысты iс-шараларды үйлестiру;
4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актілерін тіркеу.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу және мемлекеттік органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актілерінiң тізбесін жұртшылықтың назарына ұсыну үшін жариялау;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, Жылжымайтын мүлік құқықтарының құқықтық кадастрын жүргізу;
жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу және жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiн жүргiзу;
филиалдар мен өкілдіктерді есептiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу;
5) құқықтық көмекті ұйымдастыру мен заң қызметін көрсету саласында:
мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жасау, жекеше нотариаттың дамуына көмектесу, нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережелердің және нотариустар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын сақтауын бақылау;
нотариаттық және адвокаттық қызметтерді лицензиялау, сондай-ақ адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестациялау және орналастыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, керi қайтару, тоқтата тұру және тоқтату;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметін нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету;
адвокатураға әдістемелік басшылық жасау;
орталық атқарушы органдардың заң қызметтерiнiң жұмысын үйлестiру және әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жacay;
нотариаттық кеңселердің, азаматтық хал актілерін жазу органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заң қызметтерінің сапасына бақылау жасау;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестациялау, іріктеу және орналастыру, азаматтық хал актілерін жазу органдарына ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету;
әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
6) құқықтық насихат және жаппай құқықтық оқыту саласында:
құқықтық насихатты және жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңдарды түсіндіруге қатысу;
заң әдебиеттеріне, құқықтық жаппай оқыту проблемалары жөніндегі әдебиеттерге тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
заң газеттері мен журналдарын шығару;
соттарда және аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тілді қолдану процесіне бақылауды және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
эталондық заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарты негізде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру.
7) зияткерлiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету саласында:
қазақстандық және шетелдік авторлардың және сабақтас құқықтар иелерінің олардың құқықтық мұрагерлерінің ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану кезінде, оның ішінде шетелде, зияткерлiк меншiк құқығыныңсақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
зияткерлiк меншiк саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауын және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердің орындалуын бақылау;
авторлардың құқықтарын басқаратын ұйымдардың және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде иеленушілердің қызметін бақылау;
қазақстандық авторлар мен сабақтас құқықтарды иеленушілердің үздік шығармаларын, орындауларын, қойылымдарын, фонограммаларын, хабарларын шетелде насихаттауға, эфирлік және кабельдік хабарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
шығармаларды пайдалануға арналған құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға ықпал ету;
тиісті орталық атқарушы органдардың шығармаларды, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды, хабарларды пайдалану туралы нормативтік құқықтық актілерді дайындауына қатысу;
ұжымдық негізде мүлiктiк құқықты басқаратын ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттік тiркеу куәлiктерiн беру;
зияткерлiк меншiк құқығын өзара қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттарды дайындауға және жасасуға, осындай келісімдер мен шарттарға қол қоюға белгіленген тәртіппен қатысу;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдарға консультациялар беру;
ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын сақтау;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, тауарлар мен қызметтер көрсетудi даралау құралдарын, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстауды қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргiзу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхемалар топологиялары туралы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету;
зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды әрi өткiзудi қамтамасыз ету;
ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдердi тiркеудi қамтамасыз ету;
қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдердi сараптамадан өткiзудi ұйымдастыру;
патенттiк iс саласында сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметiн бақылау;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын, ашық лицензияларды пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi қамтамасыз ету.
8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда халықаралық донорлық көмекті үйлестіру.
9)
10) алынып тасталды
есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау және жүзеге асыру;
өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласында келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйiн және даму үрдiсiн талдау, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын даярлау;
нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiру;
нашақорлық және уытқұмарлық ауруына шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтау органдарына жәрдемдесу және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету;
есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгізу;
өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы жұмыс үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткiнi және психотроптық заттарды қолданатын және қолдануға бейiм адамдардың профилактикасы, емдеудi, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және үйлестiру;
құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында:
әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау;
мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялау.
12) қылмыстық жазалауды және тергеу изоляторларында уақытша оқшалауды орындау саласында:
соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелерге орналастыруды ұйымдастыру;
тергеу изоляторларында күдiктiлердi, айыпталушылар мен сотталғандарды ұстауды ұйымдастыру;
сотталғандарға қатысты соттардың үкiмдерi, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелерде режимдiк талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелердi күзету, сотталғандар мен қызметшiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдар мен мекемелердегi жедел жағдайларды бақылау;
сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындау, қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы органдармен және мекемелермен, басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегі өзара iс-қимыл;
қылмыстық жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелерде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару жүйесiн және тергеу изоляторларын дамыту, нығайту және жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
қылмыстық жазаларды орындау саласындағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
13) заңдарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру, соның iшiнде:
Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәлiктер мен төлқұжаттар беру;
әдiлет органдары жүйесiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау;
әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегінде әдiлет органдарын ұстауға қаржы қаражатын бөлу;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша мемлекет мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету;
орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтың актілерінiң жариялануын бақылау.
ҚР Үкіметінің 14.06.99 ж. № 733; 28.12.01 ж. № 1755; 22.08.02 ж. № 939 қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Министрлік мынадай құқықтарды иеленеді:
өз өкілеттіктерінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттік тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыру;
заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу;
заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
лицензиялауды және лицензиаттардың қызметiне олардың лицензиялық талаптарды сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
баспа қызметін жүзеге асыру;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізу;
қылмыстық жазалауды орындаушы органдар мен мекемелерде төтенше оқиғалар жағдайында қызметтiк тергеулер жүргiзу, олардың себептерiн анықтау және талдау, осындай жағдайларды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдау;
заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен анықтауды жүзеге асыру, хаттамалар жасау және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жаза қолдану;
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру;
қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Министрліктің мүлкі
14. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі әрі айналым қаражатынан, сондай-ақ құны баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
15. Министрліктің мүлкі республикалық меншікке жатады.