170. Бала (қыз) асырап алу туралы материалдар мен анықтамалар тек бала (қыз) асырап алушыларға берiлуi мүмкiн, ал басқа адамдарға - тек қамқоршы және қорғаншы органдардың келісімiмен не сот пен тергеу органдарының талап етуi бойынша берiледi.
7-Бөлім. Тегін, атын және әкесінің атын өзгертуді тіркеу
16-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857 қаулысымен 171-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 520 қаулысымен 171-тармақ өзгертілді
171. Қазақстан Республикасы азаматтарының атын, әкесiнiң аты мен тегiн өзгертуге олар он алты жасқа толған кезде жол берiледi.
Тегiн, атын, әкесiнiң атын, жынысын өзгерту және оны тiркеу арызданушының тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органында (6 қосымшаға сәйкес) жүргізіледі, бұдан кейiн атын, тегін, әкесінiң атын өзгерту куәлiгi (14 қосымшаға сәйкес) берiледi.
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту мынадай дәлелді себептер болған кезде жүргізіледі:
1) тегінің, атының, әкесінің атының қолайсыз айтылуы;
2) тегінің, атының, әкесінің атының айтылу қиындығы;
3) егер некені тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, зайыбының ерімен ортақ тегін алғысы келуі;
4) егер некені бұзу кезінде бұл туралы өтініш берілмесе, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
5) кейінгі неке бұзылмайтын жағдайларда, бұрынғы некеден туған балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
6) егер ері қайтыс болса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
7) егер ері қайтыс болса, ал өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болса, балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ұлтқа сәйкес келетін немесе ата-аналарының бірінің (ата-аналарының ұлттары әр түрлі болған кезде) тегін және/немесе атын алғысы келуі;
9) өмірде шын мәнісінде қалыптасқан, құжаттағы атынан өзгеше атты алғысы келуі;
10) егер некеге тұрған кезде ерінің тегі қабылданған болса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін алғысы келуі.
12) өтiнiш берушiнi шын мәнiсiнде тәрбиелеген адамның тегi және аты бойынша тегі мен әкесінің атын алғысы келуі.
172. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жөніндегі өтініште мынадай мәлiметтер көрсетілуі тиіс:
1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесiнiң аты;
2) қалаған атын, тегiн, әкесiнiң атын;
3) атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту себептерi.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857 қаулысымен 173-тармақ өзгертілді
173. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы арызға арызданушының тегін, әкесінің атын өзгертуді сұрауына байланысты растайтын құжаттар қоса ұсынылады. Осындай құжаттар:
1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
2) егер өтініш беруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлігі;
3) жасы кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiгi (егер өтініш берушiнiң кәмелетке толмаған балалары болса);
4) бала (қыз) асырап алу туралы куәлiк немесе әке болуды анықтау туралы куәлiк (егер АХАЖ органдарында бұлар тіркелген болса);
5) некенiң бұзылуы туралы куәлiк (егер өтініш беруші некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса);
6) өтiнiш берушінің 2 фотосуретi.
7) өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаяны.
174. Атын, тегiн, әкесінің атын өзгерту туралы арыз берушi жеке бас куәлiгiн немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (әскери қызметшіден - оның жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлік) ұсынады.
175. АХАЖ органдары арыз берушінің өтінішінде көрсетілген мәлiметтердi құжаттармен салыстырып, оған атын, тегiн, әкесінiң атын өзгертуге байланысты туындайтын салдар (паспорты және кейбір басқа құжаттарды ауыстыру қажеттілігiн, мемлекеттік баж төлеудi, сондай-ақ құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерде үйлеспеушiлiк болса, құқық белгiлеушi құжаттардың кiмдiкi екендiгi фактісi сот тәртібімен белгiленетiндiгiн) түсiндіруге міндеттi.
176. Арыз АХАЖ мұрағаттарында тегін, атын, әкесінің атын өзгерткісі келген адамның туу туралы және неке қию туралы актiлерінің жазбалары болса (егер өтiнiш беруші некеде тұрса) ғана қаралады.
Туу туралы немесе неке қию туралы актiлердiң (егер өтiнiш берушi некеде тұрған болса) жазбалары жоғалған жағдайларда, осы арыз Ереженiң 9-бөлiмiне сәйкес жазба қалпына келтiрiлгеннен кейiн ғана қаралады.
177. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы мәселені дұрыс шешу үшiн АХАЖ органдары оның кәмелетке толмаған балаларының туу туралы акт жазбаларының көшірмелерін, ал тиісті жағдайларда - бала асырап алу және әке болуды анықтау, неке бұзу туралы акт жазбаларының көшірмелерін талап етеді.
ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857 қаулысымен 178-тармақ жаңа редакцияда
178. Қажет болған кезде АХАЖ органы өтініш берушіден және тиісті мекемелерден қосымша мәліметтер немесе құжаттарды талап етеді және алынған материалдар негізінде өтініштің мазмұны, тегін, атын, әкесінің атын өзгертудің негізділігі айтылатын қорытынды жасайды. Қорытынды екі данада жасалады және барлық материалдармен бірге аумақтық әділет органына бекіту үшін жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 520 қаулысымен 179-тармақ толықтырылды
179. Тегін, атын, әкесiнiң атын өзгертуге рұқсат берiлуi немесе бұдан бас тартуы.
Тегін, атын, әкесiнiң атын өзгертуге рұқсат берiлгендiгi туралы немесе рұқсат берiлмегендiгi туралы өтiнiш берушiге және материал жiберген АХАЖ органына хабарланады.
Өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда арыз берушiге оның тегiн, атын, әкесiнің атын өзгертудi бір айлық мерзiмде тiркеуге тиiс екендiгi түсiндiрiледi. Бұл мерзiмдi дәлелдi себептерсiз өткiзiп алған жағдайда тегiн, атын әкесiнiң атын өзгертуге берiлген рұқсат күшін жояды.
Атын, тегін, әкесінің атын өзгертуден бас тартқанда арыз иесіне одан алынған құжаттар қайтарылады.
180. Атын, тегін, әкесiнiң атын өзгертуден бас тартылғанда сотқа белгiленген мерзiмде шағым жасалуы мүмкін.
181. Мемлекеттік баждың төленгенi туралы түбiршек көрсетілген кезде арызды қабылдаған АХАЖ органы атын, тегін, әкесiнің атын өзгерту туралы рұқсатқа сәйкес атының, тегінің, әкесінің атының өзгертілуін тіркейді.
Тегiнiң, атының, әкесiнің атының өзгертiлуiне байланысты арыз берушінiң жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты заңмен белгiленген мерзiмде ауыстыруға жатады.
182. Тегiн, атын және әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу тәртібі «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 194-бабымен реттеледi.
183. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеген АХАЖ органы, осы азаматтық хал актiсi жазбасына қажеттi өзгертулердi енгізу үшiн және арызданушының аты, тегі, әкесінің аты өзгергендіктен жаңа куәлік беру жөнінде АХАЖ органына хабарлама жібереді.
Өзгерістер азаматтық хал актілерінiң мынадай жазбаларына енгізіледі: некеде тұрмайтын адам тегін ауыстырған кезде - тууы туралы актi жазбасына;
некеде тұрған адам тегін өзгертудi тiркеу сәтiнде неке бұзылған жағдайларда:
1) егер жұбайы айырылысқаннан кейiн некеге тұрғанға дейінгі тегiн сақтап қалса - балалардың тууы туралы актiлер жазбасына және некенi бұзу туралы актi жазбасына;
2) егер жұбайы айырылысқаннан кейін басқа жұбайының тегінде не бұрын некеде болған жұбайының тегінде қалса - некенi бұзу туралы акті жазбасына;
3) некенi бұзуға байланысты тегiн некеге дейiнгі тегіне өзгерту кезiнде - некенi бұзу туралы актi жазбасына;
4) некеде тұрған адам егер ол басқа жұбайдың тегiн, оның iшінде некеге дейiнгi тегiн иеленсе, тегiн өзгерту кезiнде - некеге тұру туралы актi жазбасына;
5) некеде тұрған адам тегін өзгерткен кезде, егер осы адам неке тiркелгеннен кейiн некеге дейiнгi тегiнде қалған болса - тууы туралы актi жазуына және неке қию туралы актi жазбасына;
6) некеде тұрған адам тегiн өзгерткен кезде, егер бұл адам неке тiркелгеннен кейiн бұрынғы неке бойынша жұбайының тегiнде қалса - неке қию туралы актi жазуына;
7) некеде тұрған адам некеге дейiнгi тегiн жұбайының тегіне ауыстырған кезде - некеге тұру туралы актi жазбасына;
8) атын, әкесiнiң атын өзгерткен кезде - тууы туралы, акт жазуына, ал некеде тұрған адамдарға қатысты - сондай-ақ неке қию туралы актi жазбасына;
9) тегi әкесiнiң атына немесе ұлттық дәстүр бойынша атасының атына жазылып өзгертілген кезде - тууы туралы акті жазбасына, ал қажет болған жағдайларда және басқа жазбаға өзгертулер енгізу жүргiзiледi.
Егер арыз берушiнiң некесi оның алғашқы некесi болмаса, онда неке қию туралы бұрынғы актi жазбаларына сондай-ақ некенi бұзу туралы жазбаға өзгертулер енгiзiлмейдi.
Ата-аналары тегiн өзгерткен кезде он алты жасқа толмаған балаларының да туу туралы актiлер жазбаларындағы тектерi мiндетті түрде өзгертiледi.
Егер ата-аналарының бiрi тегін өзгерткен болса, онда он алты жасқа толмаған балалардың тегiн өзгерту туралы мәселе ата-ананың келісімi бойынша, ал келісім болмаған жағдайда - сот тәртібімен шешiледi.
Әкесi атын өзгерткен жағдайда он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы акт жазбаларында, олардың әкесiнiң аттары түзетіледі.
Асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретінде жазылған бала (қыз) асырап алушылар тектерін немесе баланың әкесi болып жазылған бала (қыз) асырап алушы атын, сондай-ақ әке болу туралы АХАЖ органдарында тiркелген адам тегі мен атын өзгерткен кезде жоғарыда көрсетiлген тәртiппен он алты жасқа толмаған балалардың тууы туралы актiлер жазбасына, сондай-ақ бала (қыз) асырап алу туралы актiлер жазбасына және әке болуды анықтау туралы актiлер жазбасына өзгертулер енгізіледі.
Ата-ананың ең болмағанда біреуі атын, тегін, әкесінің атын өзгерткен кезде балалардың тууы туралы актілер жазбасында ата-аналары туралы мәлiметтер өзгертiледi. Осындай өзгерістер, егер бала (қыз), асырап алушылар асырап алынған балалардың туу туралы акт жазбаларына, сондай-ақ бала (қыз) асырап алу және әке болуды анықтау туралы акт жазбаларында да осындай өзгерістер енгiзiледi.
Асырап алынған баланың ата-анасы ретiнде жазылмаған бала (қыз) асырап алушылар атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерткен кезде тек бала (қыз) асырап алу туралы акт жазбасына ғана өзгеріс енгізіледі.
Егер балалардың тууы туралы актiлер жазбасы сақталмаса, жазбаға қажетті өзгерістер енгізу туралы АХАЖ органына келiп түскен хабарламаға тиістi белгі қойылып, осы хабарламаны жiберген АХАЖ органына қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 184-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
184. Әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың азаматтық хал актілері жазбасына енгізілген атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы АХАЖ органы жеті күн мерзімде тегінің, атының, әкесінің атының өзгертілгені тіркелеген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына хабарлайды.
185. АХАЖ органы акт жазбаларының жасалған жерi бойынша оларға қажетті өзгертулер енгізедi және жазбалардың екiншi даналарына өзгертулер енгізу үшiн хабарламаны аумақтық әдiлет органындағы АХАЖ мұрағатына жiбередi.
186. Кәмелетке толған балалардың тегі мен әкесінің аты тек олардың арызы бойынша жалпы тәртіппен жүргізіледі.
187. Өзгертулер енгiзiлген соң, («Белгiлеу үшiн» бағанасындағы) акт жазбасына жазбаны жасаған адамның қойған қолымен және АХАЖ органының мөрiмен куәландырылып, өзгертудiң күнi мен негiзi көрсетiле отырып белгi қойылады. Сонымен бiрге АХАЖ органы жаңа куәлiк жазып, оны арыз берушiге тапсырады немесе оның тұрғылықты жерi бойынша тапсыру үшiн АХАЖ органына жiбередi. Бұрын берілген куәлiктер белгіленген тәртіппен жойылады.
Егер осы негiздер бойынша өзгертулер енгізiлуге тиiстi азаматтық хал актілерінiң жазбалары басқа АХАЖ органдарында болса, онда жазбаға өзгертулер енгізу туралы хабарлама осы жазбаның бірінші даналары тұрған жердегi АХАЖ органына, сондай-ақ атын, әкесiнiң атын, тегiн, өзгертуге рұқсат берген АХАЖ органына жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 қаулысымен 188-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 188-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
188. Тегін, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу туралы АХАЖ органы атын, тегін және әкесінің атын өзгерту тіркелетін жердегі ішкі істер органына хабарлайды.
189. Қазақстан Республикасында туған немесе некесiн қидырған және шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы атын, тегiн, әкесінiң атын өзгерту туралы арызы елшілiкке немесе Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне бередi.
Елшiлiк немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемесi қажеттi тексеруден өткiзгеннен кейiн барлық материалдарды өз қорытындысымен бiрге Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі арқылы, мәселенi шешу үшiн атын, тегiн, әкесінің атын өзгерту туралы өтініш етіп жүрген Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы акт жазбасын (ал тиiстi жағдайларда некенi қию туралы акт жазбасын) жасалған жерi бойынша АХАЖ органына жiбередi.
Аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмінің рұқсаты негiзінде тегiн, атын, әкесiнің атын өзгертудi тiркеу өтiнiштi қабылдаған Қазақстан Республикасының елшiлiк және консулдық мекемесiнде жүргізiледi.
190. Шетелде туған немесе некесi қиылған және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының аттарын, тектерін, әкелерiнiң аттарын өзгерту туралы өтiнiштерiн қарау осы Ережемен белгiленген тәртіппен, шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарында атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгертудi қалайтын адамның туу туралы акт жазбасы және неке қию туралы (өтiнiш иесi некеде тұрса) акт жазбасы бар не, жоқ екендiгiн анықтағаннан кейін ғана жүргiзiледi. Мәлiметтердi анықтау шетелдегi елшiлiктер немесе консулдық мекемелер арқылы жүргiзiледi.
Атын, тегiн, әкесінің атын өзгерту жүргiзiлгендігi туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы азаматының туу немесе неке қию (егер өтініш иесi некеде тұрса) туралы актiлер жазбасы жасалған жердегi шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына хабарланады.
191. Атын, тегiн, әкесiнің атын өзгерту туралы өтiніштi қарау оны берген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Жекелеген жағдайларда бұл мерзім әрі кеткенде бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Жоғалған туу туралы немесе неке қию туралы акт жазбасын қалпына келтіру қажеттілігі анықталғанда аталған мерзім үзіледі.
192. Атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы қорытындының бiрiншi данасы материалдарымен қоса аумақтық әдiлет органындағы АХАЖ мұрағатында 75 жыл бойы сақталады.
Қорытындының екінші данасы, атын, тегiн, әкесінің атын өзгертуге рұқсат беру немесе қабыл алмау туралы хабарламаның көшiрмесi және мемлекеттік баж төлегенi туралы түбiршек қорытынды, жасаған АХАЖ органында сақталады.
8-Бөлім. Қайтыс болуды тіркеу
17-Тарау. Жалпы ережелер
193. Қайтыс болу оқиғалары сондай-ақ азаматты қайтыс болды деп жариялау және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы соттың шешiмi АХАЖ органдарында тiркеледi (8 қосымшаға сәйкес).
194. Қайтыс болуды тiркеу оның тұрған немесе қайтыс болған жерiндегі АХАЖ органдарында қайтыс болу туралы дәрiгерлiк куәлiк негiзiнде, ал оны беру мүмкiн болмаған жағдайда - қайтыс болу фактiсi екi куәгермен куәландырылуы тиiс.
Қайтыс болды деп жариялау туралы және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы соттың шешiмiн тiркеу шешiм шығарылған жерде жүргiзiледi.
195. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi жазбаша немесе ауызша нысанда қайтыс болған адаммен бiрге тұрған адамдар, ал олар жоқ болған жағдайда - көршiлерi адам қайтыс болған жердегi тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының немесе әкiмшiлiк мекемелерiнiң қызметкерлерi немесе өлiктi тапқан iшкi iстер органы бередi.
Өліктiң табылғаны туралы мәлiмдемеге тиiстi мемлекеттік органдар жасаған хаттама қоса берiледi.
Қайтыс болу туралы мәлiмдемеде қайтыс болған адам туралы мына деректер қайтыс болған адамның, аты, әкесiнiң аты, тегi, туған жылы, соңғы тұрған жерi және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы және күнi, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның тегі, аты, әкесiнің аты және тұрған жері көрсетіледі.
196. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме жетi тәулiктен кешiктiрiлмей, ал адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым оқиға салдарынан өлсе, сондай-ақ өлік табылған кезде - қайтыс болған немесе өлік табылған уақыттан бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жасалады.
197. Белгiсiз (танылмаған) адамдардың қайтыс болғандығын тіркеу кезінде қайтыс болу туралы акт жазбасына тек қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікте көрсетілген тіркеу үшін қажетті деректер ғана енгізіледі.
Егер кейiн қайтыс болған адам танылатын болса, ол туралы жетiспеген деректер азаматтық хал актiлерінің жазбаларын толықтыру үшін белгіленген тәртіппен алдын-ала тергеу органдарының қорытындыларының негізінде, қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізіледі.
198. Заңда белгiленген тәртiппен қайтыс болды деп танылған адамдардың, сондай-ақ бiр жылдан аса уақыт бұрын қайтыс болған адамдарды тiркеудi АХАЖ органдары қайтыс болу туралы актілер жазбасын тiркеудiң жеке кiтабында жүргiзедi.
Заңда белгiленген тәртiппен қайтыс болды деп танылған адамдарды тiркеу кезiнде қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болған уақыт ретiнде сот шешiмiнiң заңды күшіне енген уақыты көрсетiледі. Егер сот шешімімен адамның белгілі бір уақытта қайтыс болу фактiсi белгiленсе, онда қайтыс болу туралы акт жазбасында сот шешiмiнде көрсетiлген мезгiл жазылады.
Әскери қызметшiлердiң бейбiт уақытта қайтыс болуын тiркеу АХАЖ органдарында жалпы негiздерде жүргiзiледi.
199. Жол жүру кезiнде (поездарда, кемелерде, ұшақтарда және тағы сол сияқты) адамдардың қайтыс болғандығы жақын орналасқан АХАЖ органдарында тiркелуi мүмкiн.
200. Экспедицияларда, поляр станциялары мен АХАЖ органдары жоқ шалғайдағы жерлерде адамдардың қайтыс болғандығын әкiмшiлiктердiң хабарламалары бойынша осы адамдардың соңғы тұрақты тұрған жері бойынша тіркеледі.
201. Бас еркiнен айыру орындарында қайтыс болған адамдардың қайтыс болғандығын тiркеудi бас еркінен айырылған қайтыс болған адам тұрған жеріндегі АХАЖ органы бас еркінен айыру орындар әкімшілігінің хабарламасы негізінде жүргізеді.
Егер аталған адамдардың қайтыс болғандығы АХАЖ органдарында уақытылы тiркелмеген болса, онда қайтыс болғандықты тіркеу осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған немесе заңда белгіленген тәртіппен қайтыс болды деп танылған адамдардың қайтыс болғандығын тіркеу кітабында жүргізіледі.
Қайтыс болу туралы куәлікті (15 қосымшаға сәйкес) қайтыс болуды тіркеген жердегі АХАЖ органы береді.
202. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың қайтыс болғанын тіркеу кезінде шетел азаматтарының паспорттары мен қоныстануға арналған ықтиярхаттары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың қоныстануға арналған ықтиярхаттары алынады және қайтыс болу туралы акт жазбасының көшірмесімен бірге аудандық, қалалық және қаладағы аудандық ішкі істер бөліміне беріледі.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың қайтыс болғандығы туралы куәліктер тек қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне енетін туыстарына (ата-аналарына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне, балаларына және жұбайына (зайыбына) беріледі.
203. Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлік немесе қайтыс болу туралы фельдшерлік анықтама куәлікте немесе анықтама акт жазбасының нөмірі мен қайтыс болуды тіркеу күндері көрсетіле отырып қайтыс болу туралы акт жазбасының екінші данасына қосылып беріледі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 қаулысымен 204-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 204-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
204. Қайтыс болған адамдардың жеке куәліктері мен әскери билеттері қайтыс болуды тіркеу кезінде алынады және кемінде айына бір рет тізімдемемен қайтыс болуды тіркеген АХАЖ органдары тұрған жердегі ішкі істер органдары мен жергілікті әскери басқару органдарына беріледі. Әскери билеттің бірінші бетінде:
«Әскери билеттің иесі 20___ жылғы «____»________қайтыс болды. Қаза болғандығы актісінің 20___ жылғы «___»______ №_____жазбасы» деген белгі соғылады. Бұл жазба АХАЖ органы қызметкерінің қолымен және осы органның мөрімен куәландырылады.
Жеке куәлікті немесе әскери билетті тапсырмау қайтыс болуды тіркеу үшін бөгет бола алмайды. Жеке куәліктің немесе әскери билеттің тапсырылмағаны туралы ішкі істер органына және тиісті жергілікті әскери басқару органдарына хабарланады.
205. Егер қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс адамның кәмелетке толмаған балаларының қорғансыз қалғаны белгілі болса, онда АХАЖ органы сол күні бұл туралы балалар тұратын жердегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлауға міндетті.
Қайтыс болу туралы акт жазуы негізінде АХАЖ органы жерлеуге жәрдемақы алу үшін қайтыс болу туралы анықтама береді, бұл туралы қайтыс болғандығы туралы акт жазбасының «Белгілер үшін» деген бағанасында белгі соғылады.
9-Бөлім. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері
206. Азаматтық хал актілерін жазу бланкілері азаматтық хал актілерін тіркеудің жеке кітаптарына топтастырылады. Кітаптың соңында парақтардың саны жазумен көрсетіледі. Кітаптар бауланады және АХАЖ органының мөрімен бекітіледі.
207. Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптары акт жазуы бланкілерінің бірінші және екінші жыртылып алынатын даналарынан тұрады.
Акт жазуы бланкілерінің бірінші және екінші даналары бір мезгілде толтырылады және сол реттік нөмірлермен нөмірленеді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акт жазуын нөмірлеу бірінші нөмірден басталады және реттілікпен жыл бойы - бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға (қоса есептегенде) дейін жүйелі түрде жүргізіледі.
Әр түрі бойынша жеке нөмірлеу жүргізіледі.
Акт жазбасының бүлінген бланкісі (бірінші және екінші даналары) сызылады және актілерді тіркеу кітабында қалдырылады. Бүлінген бланкіде қойылған акт жазуының нөмірі акт жазуы жүргізілетін келесі бланкіге көшіріледі.
208. Бланкілердегі барлық бағаналар тиянақты жауаптармен, қысқартуларсыз (жалпы қолданылатын қысқартуларды қоспағанда), сиямен, мұқият, анық жазумен толтырылады. Жекелеген сөздерді қалдыруға немесе қысқартуға, сондай-ақ түзетулерге және өшірулерге жол берілмейді.
Сұрақтарға теріс жауаптар берілетін бағаналар «жоқ» деген сөздермен толтырылады.
Тектері, аттары, және әкелерінің аттары ұсынылған құжаттарға сәйкес толық жазылады.
209. Адамның ұлты паспорты, жеке куәлігі бойынша көрсетіледі.
Шетел азаматының азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде ұлтынан басқа ол азаматы болып табылатын (азаматтығын алған) мемлекеттің аты, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
Азаматтығы жоқ адамдардың ұлты «азаматтығы жоқ адам» деген сөздермен қоса жазылып көрсетіледі.
210. Азаматтық хал актілерін жазудың тиісті бағаналарында туған, тұрған және қайтыс болған жері туралы мәліметтер қазіргі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша, ал егер оны белгілеу мүмкін болмағанда бұрын болған әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша берiледi.
211. «Қайда және кiм болып істейді» бағанасында кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның және тағы басқалардың атауы, қызметі немесе орындайтын жұмысы; әскери қызметшiлерге қатысты - әскери қызметшiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес әскери бөлiмiнiң немесе мекеменiң атауы көрсетiледi.
Зейнеткерлердiң қайтыс болуы туралы актiлердi тiркеу кезінде «қайда және кiм болып iстедi» бағанасында қайтыс болған зейнеткердiң бұрынғы негiзгi кәсiбi көрсетiледi.
212. «Бiлiмi» бағанасында білімi туралы деректер арызданушының айтуы арқылы көрсетiледі.
213. «Жеке басын куәландыратын құжаттар» бағанасында құжаттың атауы мен нөмiрi, кiмнiң бергенi және қашан бергенi көрсетiледi.
214. Азаматтық хал актілерінiң жазуы толтырылатын тiлдi бiлмейтiн азаматқа азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде акт жазуының мәтiнi аударылып берiлуге тиiс. Акт жазуы жасалатын тiлдi білмейтiн азаматқа азаматтық хал актілері актiсіндегi жазудың аударылып берiлгенi туралы азаматтық хал актiлерін жазудың «Белгiлер үшiн» бағанасында белгi түсiрiледi.
Азаматтық хал актілері жасалған тiлде қол қоя бiлмейтiн азамат акт жазуы аударылғаннан кейін өзі білетін тілде қол қояды.
Саңыраудың, мылқаудың немесе саңырау-мылқаудың сауатсыздығы жағдайында акт жазуы жазылған кезде акт жазуы жазылатын азаматпен түсiнісіп сөйлесе алатын адам қатысуға және жазудың мазмұны саңыраудың, мылқаудың немесе саңырау-мылқаудың еркiне сәйкес келетiнiн өзінің қолымен куәландыруға тиiс.
Зағип азаматтың азаматтық хал актілерін жазу кезінде акт жазуын жазған АХАЖ органының қызметкерi оған акт жазуының мәтiнiн оқып бередi, бұл жөнінде азаматтық хал актілерін жазудың «Белгілер үшiн» бағанасында белгi соғылады. Бұл ретте, егер зағип азамат сауатты болса, ол акт жазбасына өзi қол қолды, ал егер ол сауатсыз болса, онда ол үшiн оның тапсыруы бойынша басқа азамат қол қояды.
215. Азаматтық хал актілерін тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген мәлiметтер азаматтық хал актілеріндегі жазуда көрсетілген деректермен дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 520 қаулысымен 216-тармақ толықтырылды
216. Актілердің және метрикалық кітаптардың негізінде АХАЖ органдары мен аумақтық әділет органдарының АХАЖ бөлімдерінің мұрағаттары азаматтарға олардың арыздары бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер бере алады.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазу кімдерге қатысты жасалса, сол адамдарға қайтадан куәліктер беріледі.
Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайта берілген куәліктері қайтадан ата-аналарына, қорғаншыларына, бала (қыз) асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.